Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14089 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 кыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігі


Статистика комитеті төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 7 шілдедегі
№ 138 бұйрығымен бекітілген

Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу кезінде уақыт бірлігіне есептелген жұмыс күшіне жұмсалған шығыстары туралы статистикалық ақпараттарды алудың негізгі аспектілерін және әдістерін айқындайды.

      3. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен халықаралық салыстырулар және елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжауында пайдаланатын еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданылады.

      4. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:

      1) базистік жыл (тоқсан) – жыл (тоқсан) көрсеткіштеріне келесі жылғы (тоқсандағы) есептік көрсеткіштерді салыстыру үшін келтірілді;

      2) еңбек құнының индексі – жұмыспен өтелген 1 сағатқа есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа деңгейі уақытындағы өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

      3) жалақы қоры – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) ескере отырып, ұйымның қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер);

      4) жеке индекс - тек бір ғана элемент жиынтығын өзгеруін көрсетеді және жеке құбылыстарды сипаттау үшін пайдаланылады;

      5) жұмыс күшіне арналған шығындар құны – қаржыландыру көздеріне қарамастан жұмыс күшін ұстаумен және пайдаланумен байланысты жұмыс берушінің (ұйымдардың) барлық ұсталымдар (шығындар) соммасы;

      6) жұмыспен өтелген адам-сағаттарының саны – ұйымның барлық қызметкерлерімен нақты жұмыс істелген, жұмыстың қалыпты кезеңі сияқты мерзімнен тыс жұмыс істеген уақыты.

2-тарау. Ақпарат дереккөздері және еңбек құнының индексін құру кезеңдері

      5. Еңбек құнының индексін есептеу үшін алғашқы статистикалық деректерді өндеу процесі кезінде алынған еңбек статистикасының біріктірілген статистикалық деректері қолданылады.

      6. Еңбек құнының индексі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінен (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) жекелеген қызмет түрлері бойынша есептелінеді.

      7. Еңбек құнының индексін құру екі негізгі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жұмыс күшіне арналған шығындар құнын тоқсандық бағалау және олардың орташа көрсеткіштері есептеледі, екінші кезеңде – еңбек құнының индексін есептеу.

      8. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының өзгерісіне әсер ететін факторларды айқындау мақсатында еңбек құнының индексін құрудың 3 түрі жүргізіледі:

      1) жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құны бойынша еңбек құнының индексі;

      2) жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі;

      3) жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құны бойынша еңбек құнының индексі.

3-тарау. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнын есептеу
1-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларын есептеу

      9. Жалақы қоры бойынша тоқсандық еңбек құнының индексін есептеу қолдағы бар жалақы қоры деректерінің және еңбек бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша тоқсандық есептен алынған барлық қызметкерлердің жұмыспен өтелген уақыты негізінде жүргізіледі. Тиісті кезең үшін еңбек құны индексінің басқа екі түрі бойынша тоқсандық есептеулерін жүргізу үшін жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпы құнының бағалауы және жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне жұмсалатын шығындар құнының бағалауы жүргізіледі.

      Ол үшін коэффициент анықталады, мұнда жалақы қоры жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпы құнынан белгілі бір тәуелділікте болады.

      Есепті жылы жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалау коэффициентін есептеу үшін өткен жылдың жылдық деректері қолданылады.

      10. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларының коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:


, (1)

      мұнда

      К - жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалау коэффициенті;

      COST_TOT – өткен жылғы жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құны;

      WAG_TOT – өткен жылғы жалақының жалпы қоры;

      OTH_TOT – өткен жылғы жалақы қорында есепке алынбаған жұмыс күшіне арналған шығындардың құны.

      Коэффициентті есептеу кезінде

қатынасына тоқсан сайын жұмыс берушінің нақты әлеуметтік аударымдары және тиісті тоқсанға арналған әлеуметтік салық бойынша аударымдар мөлшерінің өзгеруі туралы қолда бар деректерді ескере отырып түзету енгізіледі.

      11. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:


(2)

      мұнда

      COST_TOTk – тоқсандағы жұмыс күшіне арналған шығындар құны;

      WAG_TOTk – тоқсандық жалақы қоры;

      К - жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау коэффициенті.

      12. Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:


, (3)

      мұнда

      OTH_TOTk – тоқсандағы жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны;

      COST_TOTk – тоқсандағы жұмыс күшіне арналған шығындар құны;

      WAG_TOTk – тоқсандық жалақы қоры.

2-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа көрсеткіштерін есептеу

      13. Жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалауын, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құнын алған соң жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа жылдық көрсеткіштерін (1 жұмыспен өтелген сағатқа) есептеуді жүргізу қажет.

      14. Орташа тоқсандық көрсеткіштерді есептеу еңбек құны индексінің әрбір түрі бойынша жеке келесі формула бойынша жүзеге асырылады:


(4)

      мұнда

      w – шығындар құны көрсеткіштерінің орташа мәні (жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауы және жұмыспен өтелген 1 сағатқа есептегендегі жалақының тоқсандық қоры);

      W – жұмыс күшіне арналған шығындардың құны (жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құнын тоқсандық бағалау және жалақының тоқсандық қоры);

      h – барлық қызметкерлермен жұмыспен өтелген адам-сағат саны.

      Жылға арналған орташа көрсеткіштерді есептеу өткен жылғы еңбек бойынша жылдық есеп деректері негізінде 4-формула бойынша жүргізіледі.

3-параграф. Еңбек құнының индексін есептеу

      15. Ласпейрестің формуласына сәйкес еңбек құны индексінің өзгеруі еңбек құнына жүйелі байқаулар жүргізу негізінде есептеледі. Әрбір уақыт кезеңінде салмақты үлес жеке индекстің соңғы мәніне көбейтіледі. Еңбек құнының индексін есептеу республика бойынша экономикалық қызмет түрлерінің белгіленген тізбесі бөлінісінде тоқсандық кезеңділікпен жүзеге асырылады:


, (5)

      мұнда


- j жылдың t тоқсанындағы i экономикалық қызмет түрі бойынша қызметкерлердің жұмыс істеген 1 сағатына есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындардың құны;

- k жылдағы i экономикалық қызмет түрі бойынша қызметкерлердің жұмыс істеген 1 сағатына есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындардың құны;

- k жылдағы i экономикалық қызмет түрі бойынша барлық қызметкерлердің жұмыс істеген адам-сағатының саны;

=

*

- k жылдағы i экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыс күшіне арналған шығындардың құны;

/

– экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс күшіне арналған шығындар құнының үлес салмағы;

– экономикалық қызмет түрлері бойынша қарапайым индекстер;

      t – есепті тоқсан;

      j – ағымдағы жыл;

      k – базистік жыл.

4-параграф. Бірыңғай базаға еңбек құнының индексін есептеу

      16. Еңбек құны индексінің серпінділік қатары үздіксіз болуы үшін l базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша бағаланған еңбек құны индексі қатарларының l+1 базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша бағаланған еңбек құнының қатарларымен біріктіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланатын тіркесу коэффициентін алу қажет:


, (6)

      мұнда

;

- l, l+1 базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша еңбек құнының тіркесу коэффициенті;

- l, l+1 базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша i экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс күшіне арналған шығындардың құны;

- l базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша i экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс күшіне арналған шығындардың құны.

      "Тізбекті" әдіспен алынған коэффициенттер негізінде k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексін есептеу жүргізіледі:


(7)

      мұнда LCItj/0k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі.

      Бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша жылына орташа еңбек құнының индексін есептеу мына формула бойынша есептеледі:


, (8)

      мұнда LCIgj/0k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың g орташа жылдық мәніндегі еңбек құнының индексі.

      Осылайша, тоқсандық және жылдық индекстерінің бірыңғай базаға келтірілген динамикалық қатары тізіледі. Серпінділік қатардың деректері өткен жылғы тиісті тоқсанға және сәйкесінше өткен жылға еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданылады.

5-параграф. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу

      17. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу (жылдық мәндегі) тоқсан сайын (тоқсан өткен жылғы тиісті тоқсанға) және жыл сайын (жыл өткен жылға) жүргізіледі.

      18. Өткен жылғы тиісті тоқсанға тоқсандағы еңбек құнының индексін есептеу тоқсандық индекстердің серпінділік қатарының деректері негізінде жүзеге асырылады:


, (9)

      мұнда

      LCItj/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі;

      LCIt(j-1)/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j-1 жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі.

      19. Өткен жылға жылдағы еңбек құнының индексін жылдық индекстердің динамикалық қатары деректерінің негізінде келесі формула бойынша есептеледі:


(10)

      мұнда

      LCIgj/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың орташа жылдық мәніндегі g еңбек құнының индексі;

      LCIg(j-1)/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j-1 жылдың орташа жылдық мәніндегі g еңбек құнының индексі.

4-тарау. ЕҚИ-дің уақытша қатарларын күнтізбелік және маусымдық тегістеу (түзету)

      20. Еңбек құнының индексі дамуының негізгі тенденциясын анықтау үшін серпінді қатарды құрамдық талдау әдісін қолдана отырып еңбек құны индексінің серпінді қатарларын маусымдық және күнтізбелік тегістеу (түзету) рәсімі жүзеге асырылады.

      21. Серпінді қатарлар деректерін талдау рәсімін орындау екі кезеңмен жүргізіледі.

      Рәсімнің бірінші кезеңінде қосылатын (әлеуетті) экстремалдарды анықтау жүргізіледі.

      Рәсімнің екінші кезеңінде бөлініп отырған мәндерді, күнтізбелік нәтижелер және пайдаланушы белгілеген айнымалылар қатары нәтижелері интегралдық бағалау орындалады. Уақытша қатарларды декомпозициялау үшін мынадай жалпы үлгі қолданылады:

      O = T + S + CA + U+ EX +R, (11)

      мұнда

      О – түпнұсқа (бастапқы) қатарлары,

      Т – тренд циклінің компоненті (деңгейдің өзгеру компонентінсіз),

      S – маусымдық компонент,

       CA – күнтізбелік компонент,

      U - пайдаланушы белгілеген компонент (деңгейдің өзгеруін қоса),

       EX – экстремалды компонент,

      R – қалдық компонент.

      22. Бұл есептеу сызықтық регрессияның келесі формуласын қолдану арқылы жүзеге асырылады:


(12)

      мұнда

      Ti - тренд циклі регрессиясының коэффициенті;

      Si - регрессияның маусымдық коэффициенті;

      CAi - регрессияның күнтізбелік коэффициенті;

      Ui+ - пайдаланушы белгілеген компоненттердің регрессорлар қатары;

      EXi - 1-қадамдағы экстремалдар анықтамасына сәйкес айрықша экстремалдар және олардың регрессорлары қатары;

      е - қателік.

      F сүзгінің рәсімінен өткен бағдарламалық қамтамасыз етілімнің "Сүзгілері" сызықтық тренд циклінің және маусымдық тегістеу компоненттері үшін келесі формулаға келтіріледі:


, (13)

      мұнда е* = F(е) жаңа қателік. Себебі, бi, вi, гi формулаларының (немесе CA, U және ЕX компоненттері) параметрлерін жете есептеу үшін қолданылатын:


и

, (14)

      формуласы:


(15)

      Параметрлерді жете есептеу әдісіне қарапайым ең кіші квадраттар пайдаланылады.

      23. Маусымдық және күнтізбелік ауытқуларды түзету үшін қажетті шарт кем дегенде 17 және 360-тан артық емес уақыт кезеңдерінен тұратын серпінді қатарлардың болуы.

      17 < L < 360

      24. Уақытша қатарлардың маусымдық компонентінің нақты есептелуін қамтамасыз ету үшін жұмыс күні компонентінің (сенбілерді санамағанда) үлгісін қолдана отырып күнтізбелік регрессия коэффициенті алдын-ала есептелінеді.

      25. Жұмыс күні компонентінің (сенбілерді санамағанда) үлгісі - бұл сауда күні компоненті үлгісінің ауытқуы, ол өз кезегінде ресми мейрам күндері болып табылмайтын дүйсенбіден жұмаға дейінгі дағдылы жұмыс күндері, ұқсас нәтиже береді және жекелеген демалыс күндері де (сенбі, жексенбі және ресми мейрам күндері) өзара ұқсас нәтиже береді деп пайымдайды:


(16)

      мұнда

      t = кезең (ай немесе тоқсан);

      di(i) = ресми мейрам күндері болып табылмайтын t кезеңіндегі дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері, (i=1), сенбі, жексенбі және демалыс күндеріне түспейтін ресми мейрам күндерінің саны (i=2);

      бi - регрессия коэффициенті (i=1 немесе i=2).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады