Пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 тамызда № 14131 болып тіркелді

      «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пошта операторының қызметтерді көрсетуіне қажетті және жеткілікті пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі                                   Д.Абаев

Қазақстан Республикасы  
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің        
2016 жылғы 29 шілдеде  
№ 70 бұйрығымен     
бекітілген        

Пошта операторының қызметтерді көрсетуіне қажетті және жеткілікті пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесі

Р/с № Дербес деректердің атауы

1.

Тегі;

2.

Аты;

3.

Әкесінің аты (бар болған жағдайда);

4.

Жеке сәйкестендіру нөмірі;

5.

Резиденттік белгілері;

6.

Туған күні, айы, жылы;

7.

Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтық (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні;

8.

Жұмыс орны және лауазымы (бар болған жағдайда);

9.

Тұрғылықты мекен-жайы (ел, пошталық индексі, облыс/аудан/елді мекен, көше атауы/даңғылы/шағын аудан, үйддің нөмірі/пәтер);

10.

Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс) (бар болған жағдайда);

11.

Электрондық пошта мекен-жайы (бар болған жағдайда);

12.

Құжаттың, жеке куәліктің мәліметтері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжаттың берілген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган;

13.

Пошта операторларымен іскерлік қатынаста қолдаушы негізіндегі құжаттың деректері (келісім шарт, қол қойылған күн);

14.

Рұқсатнаманың нөмірі, берілген күні, қолдану мерзімі (шетелге шығу төлқұжаты, жеке куәлік құжаттарын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасынан рұқсатнамасыз негізде мемлекетке шығатын азаматтарды есептемегенде) (шетел азаматтары үшін);

15.

Бизнесті сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғалар үшін);

16.

Кәсіпкерлік қызмет түрі;

17.

Қызметті жүзеге асырған орнының мекенжайы (мемлекет/құзырет, пошталық индекс, елді мекен, көше/аудан, ғимарттың нөмірі) (заңды тұлғалар үшін);

18.

Заң бойынша өкілеттікті жүзеге асыратын белгі немесе жеке тұлғаның атынан заңды іс-әрекеттер жасау (оның ішінде, шот ашу, шотпен өкім) (сенімхат, келісім-шарт, қорғаншы (қамқоршы) куәлігі, басқада құжаттар) құжаттардың нөмірі, берілген күні (қол қойылған күні), жарамдылық мерзімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады