Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 305/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.05.2024 № 305/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ақпарат және коммуникациялар


министрі

Д. Абаев


  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі
№ 57 бұйрығымен бекітілген

Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта операторларының пошта жөнелтілімдерінде атаулы құрылғыларды қолдану тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы белгі соғу – пошта жөнелтілімі қабылданғанын растайтын, пошта төлемінің белгілеріне және пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне пошта штемпелінің бедерін қою;

      2) пошта штемпелінің күні мен уақыты – пошта штемпелінде орнатылатын ағымдағы күнтізбелік күн мен уақыттың белгіленуі.

2-тарау. Пошта операторларының атаулы құрылғыларын қолдану тәртібі

      3. Пошта операторының өндірістік объектілері өзіндік атаулы құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

      4. Атаулы құрылғылар: пошталық штемпельдер, қосымша төлеу және арнайы штемпельдер, "Сақтандыру" мөрі, пломбирлер, айналмалы баспа құрылғылары, құрылымдық бөлімше ойылып жазылған пластиналар, бақылау-аударым мөрлері болып табылады.

      Пошталық штемпелі құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауы, пошта жөнелтілімiнiң жөнелтілу орны, қабылданған күнi мен уақыты, пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауы, межелі жері, алынған күнi мен уақыты, пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген және (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауы, жеткiзiлген және (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға қолданылады.

      Қосымша төлеу штемпелі төленбеген немесе толық емес төленген қарапайым жазбаша хат-хабарларды рәсімдеу үшін қолданылады.

      Арнайы пошталық штемпелі маңызды мемлекеттік оқиғаларға, тарихи және естелік орындар мен күндерге, көрмелерге арналған естелік іс-шаралар өткізу кезінде пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін өтеу үшін қолданылады.

      "Сақтандыру" мөрі арнайы қоспамен (сүргіш және т.б.) хаттарды және жарияланған құндылығымен бандерольдарды, жіберілімдерді, қаптарды, тікелей пошталық контейнерлерді, сондай-ақ қоймаларды және басқа құндылықтарды сақтау орындарды мөрлеу үшін пайдаланылады.

      Пломбир қаптарды, тікелей пошталық контейнерлерді, пошталық жөнелтімдерді, сондай-ақ құндылықтарды сақтау орындарды пломбалау үшін қолданылады. Әрбір пломбирде бір жағынан әріптік белгілер, ал басқа жағынан – өндірістік объектінің сандық белгілері ойылып жазылады.

      Айналмалы баспа құрылғысы жіберілімдерді, құндылығы жарияланған бандерольдарды қаптау кезінде қолданылады. Өндірістік объектінің атауы көрсетілген айналмалы баспа құрылғысының бедерлемесі жөнелтімнің екі жағынан бұрыштан бұрышқа крест тәрізді, сонымен бірге жіберушінің және адресаттың мекенжайларын жаппай қаптамаға жапсырылатын желімнен жасалған қағаз лентасына немесе (скотчқа) түсіріледі. Немесе айналмалы баспа құрылғысының бедерлемесі бедерлеменің бір бөлігі лентада, ал екінші бөлігі жәшіктің қабырғасында болатындай жәшік қырының екі жағынан желімденгін лентаның бойынан түсіріледі.

      Құрылымдық бөлімше ойылып жазылған пластина пошталық жөнелтімдерді қабылдау кезінде термопісіретін машиналарда (полиэтиленді пленканы дәнекерлейтін аспап) полиэтиленді пакеттерге өңдеу үшін, сондай-ақ халықаралық пошта алмасу орындарында бір мезгілде бөлімшенің атауын түсіруімен, кіріс ұсақ пакеттерді өңдеу үшін қолданылады.

      Бақылау-аударым мөрі пошталық ақша аударымдарды рәсімдеу үшін арналған. Бақылау-аударым мөріндегі 6 цифрлық нөмірлік белгісі пошталық индекске сәйкес келеді.

      5. Ұлттық пошта операторының әрбір атаулы құрылғысында: мемлекеттің ("Қазақстан Республикасы"), облыстың, елді мекеннің, пошта операторының, оның өндірістік объектісінің атауы және объектінің нөмірі (бір елді мекенде бірнеше объекті болған жағдайда) ойылып жазылады.

      Облыс орталықтарындағы және Астана, Алматы қалаларындағы өндірістік объектілердің атаулы құрылғыларында облыстың атауы көрсетілмейді.

      Бір елді мекенде пошта операторының бірнеше өндірістік объектісі болған жағдайда, ал жұмыс шарттары бойынша біреуден аса атаулы құрылғы болуы қажет болатын, бір өндірістік объектіде атаулы құрылғыларға айырмалық әріп немесе нөмір енгізіледі. Бұдан басқа, пошта штемпелінде бедерді соққан күні болады.

      6. Басқа пошта операторларының атаулы құрылғылары осы оператордың атауын көрсету арқылы Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері үшін айқындалған атаулы құрылғыларынан айырмашылығы болуы тиіс.

      7. Пошта штемпелі бедерін басу арқылы пошта жөнелтілімін өңдеудің ағымдағы күнтізбелік күні мен уақытын белгілеу мақсатында:

      1) жазбаша хат-хабарларды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта айналымында жүрген пошта төлемінің белгілеріне және пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне арнайы белгі соғу үшін, сондай-ақ өңделетін пошта жөнелтілімдеріне;

      2) пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде пайдаланушыға берілген түбіртекті растау үшін;

      3) пошта операторының өндірістік құжаттарын ресімдеу үшін қолданылады.

      Пошта штемпелінің бедерлері клиенттің өтініші бойынша түрлі филателиялық және басқа материалдарға (конверттер, ашық хаттар, маркалар), жіберілетін пошта жөнелтілімдеріндегі салынымдардың барлық түрлеріне және пошта операторының өндірістік құжаттары болып табылмайтын құжаттарға қойылмайды.

      8. Пошта төлемінің белгілеріне және пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне пошта штемпелінің бедерімен қайтадан екінші рет қолданылмайтындай етіп белгі соғылады. Портреттері бар пошта төлемінің белгілеріне және пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне белгі соғу кезінде пошта штемпелінің бедері бет бейнені ластамауы керек. Төлемге жарамсыз пошта төлемінің белгілеріне (айналымнан алынған, басқа мемлекеттердің пошта төлемі белгілеріне) пошта штемпелімен белгі соғылмайды.

      9. Пошта жәшіктерінен жәшікте көрсетілген алу уақытына дейін жинап алынған жай хаттардағы пошта штемпелінің күні нақты күнтізбелік күнге сәйкес келеді.

      Пошта жәшігіне осы жәшікте көрсетілген алу уақытынан кейін салынған жай хаттардағы пошта штемпелінің күні келесі күнтізбелік күнге сәйкес келеді.

      10. Қызмет пайдаланушысына берілген түбіртектегі пошта штемпелінің күні пошта жөнелтілімінің нақты қабылданған күнтізбелік күніне сәйкес келеді. Жіберушінің өтініші бойынша да, ағымдағы операциялық күннің жабылуы себебі бойынша да өзге күндерді қоюға жол берілмейді.

      11. Пошта штемпельдеріндегі барлық жазба (өндірістік объектілердің атаулары) мемлекеттік тілде орындалады.

      Халықаралық пошта алмасу орындары мен пункттері үшін пошта штемпельдеріндегі жазбалар латын әріптерімен орындалады.

      Егер жұмыс шарттары бойынша қажет болса, өндірістік объектілер пошта штемпельдерінің қажетті санын қолдана алады, бұл жағдайда оларға қосымша әріптік литер ойып жазылады.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторының барлық өндірістік объектілерінде пошта жөнелтілімдеріне штемпель соғу кезінде және өндірістік құжаттарда қара (көк) түсті, ал пошта вагондарында – қызыл түсті штемпель бояуы қолданылады.

      13. Ұлттық пошта операторының пошта штемпелінің күні мен уақытын белгілеу үшін "ККААЖЖСС" форматы пайдаланылады, мұндағы:

      КК – күнтізбелік күннің саны;

      АА – айы;

      ЖЖ – жылы;

      СС - сағаты (белдеулік уақыт бойынша ағымдағы сағаттың басталуынан).

      Ұлттық пошта операторының пошта трафигінің болмашы көлемін өңдейтін өндірістік объектілерінде (пошта желісінің торапты емес пункттерінде) пошта штемпелінде ағымдағы уақыттың белгісі болмауына жол беріледі.

      14. Пошта операторының өндірістік объектілерінде пошта штемпельдерінің жұмыс орындарына берілуін күнделікті есепке алу, сондай-ақ орнатылған күнтізбелік күндердің (уақыттың) сәйкестігіне және штемпельдердің сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жүргізіледі.

      15. Пошта штемпельдерін қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды пошта операторының ішкі құжаттарына сәйкес пошта операторының лауазымды тұлғалары және өндірістік объектілерінің (құрылымдық бөлімшелерінің) басшылары жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады