Тағайындалған оператордың өкілеттігін тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14168 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Тағайындалған оператордың мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкіл елді мекендерде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың барлығы үшін пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсету;
      2) жазбаша хат-хабарды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу;
      3) салмағы жиырма килограмға дейінгі жіберілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу;
      4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтару;
      5) төлемге халықаралық қайтарым купонын қабылдау;
      6) Дүниежүзілік пошта одағына мүше-басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз жөніндегі өкілеттігі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі                                   Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады