"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 608 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14169 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ -45 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 80-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11795 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данадағы көшірмесін мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күні ішінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейіне күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 12 шілдедегі
№ 608 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 544 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 80-тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге жіберу тәртібін айқындайды.

      Осы қағидалар пациенттер өз еркімен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге барған жағдайларға қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау басқармасы - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) жұмыс органы – уәкілетті органмен жасасқан шартқа сәйкес қызметтері республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері бойынша үйлестіруші және консультациялық орган.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу мынаған сәйкес жүзеге асырылады.

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберетін аурулардың тізбесі;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберетін жекелеген санаттарының тізбесі.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберуді Жұмыс органы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселесін шешу үшін денсаулық сақтау басқармасы Жұмыс органының қарауына мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) денсаулық сақтау басқармасының пациентті шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу туралы қолдаухаты;

      2) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) медициналық ұйым ұсынған, жүргізілген барлық зерттеулердің, консультациялардың, емдеудің нәтижелерін және пациентті шетелдік медициналық ұйымдарда емдеу қажеттілігі туралы медициналық қорытындыны қамтитын ауру тарихынан үзінді.

      Ауру тарихына республикалық медициналық ұйымның емдеуші дәрігері және бірінші басшысы (оны алмастыратын тұлға) қол қояды және жұмыс органына жіберілгенге дейін 30 күннен кешіктірілмей мөр соғылады.

      Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің жоғарыда көрсетілген медициналық құжаттарын жұмыс органына интернет-байланыс арқылы және курьер арқылы денсаулық сақтау басқармасында пациенттің қолдаухатын тіркеген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде береді.

      Жұмыс органы денсаулық сақтау басқармасынан пациентті шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу туралы қолдаухат түскеннен бастап 1 жұмыс күні ішінде шетелде емделуге үміткер пациенттер деректерінің базасына енгізеді.

      5. Жұмыс органы азаматтарды шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы қорытындыны шығару үшін:

      1) алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау басқармасы ұсынған осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген пациенттің медициналық құжаттарын қарайды;

      2) жоғарыда көрсетілген медициналық құжаттарды қараған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның бас штаттан тыс мамандарының қорытындыны (бұдан әрі - Қорытынды) ұсынуы туралы, уәкілетті органның бас штаттан тыс мамандарынан пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберудің орындылығы туралы сұратуды жібереді.

      Бас штаттан тыс маман жұмыс органы сұраныс жіберген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қорытынды береді;

      3) Қорытынды алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйымдардан пациентті емдеу бағдарламасын және оны көрсетуге жұмсалатын шығыстардың калькуляциясын (бұдан әрі – бағалық ұсыныс) сұратады;

      4) шетелдік медициналық ұйымның мамандары пациенттің жағдайы туралы қосымша ақпарат сұратса сұраныс түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары жағдайында жүргізілген қажетті зерттеу қорытындыларын ұсынумен шетелдік медициналық ұйымдармен телемедициналық консультациялар өткізеді. Қажет болған кезде шетелдік медициналық ұйыммен телемедициналық консультация пациенттің және оны алып жүретін адамның қатысуымен өткізіледі.

      5) Комиссияға және денсаулық сақтау басқармасына, бағалық ұсынысты алынған күннен кейін 2 жұмыс күні ішінде үшеуден кем емес шетелдік медициналық ұйымдағы емделу құнының талдауын қосумен, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарда емдеуге пациентті жіберудің орындылығы туралы денсаулық сақтау басқармасынан медициналық қорытынды құжаттарды алған күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас штаттан тыс маманының қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы сұратуы бойынша қорытындыны беру мерзімі құжаттар түскен күннен бастап 35 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      6. Комиссия айына 1 рет отырыс өткізеді, емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда комиссия төрағасы кезектен тыс отырысты тағайындайды.

      7. Комиссия дәлелді медицина негізінде, медициналық көмек көрсету сапасын және бағалық ұсынысты ескере отырып, пациентті емдеудің жоғары технологиялық әдісін жүзеге тиімді жүзеге асыратын шетелдік медициналық ұйымды таңдайды.

      Балалар, сондай-ақ бөгде күтімді қажет ететін адамдар, шетелдік медициналық ұйымдарға жол жүру шығыстарын бюджет қаражаты есебінен Жұмыс органы төлейтін алып жүретін адаммен жіберіледі.

      8. Пациентті шетелдік медициналық ұйымдарда емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

      9. Отырыстың хаттамасы денсаулық сақтау басқармасына және жұмыс органына электрондық пошта (сканерленген түрі) арқылы комиссия отырысын өткізген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      10. Жұмыс органы комиссия шешімінің негізінде Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйыммен Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметті ұсынуына шарт жасайды.

      11. Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымның бағалық ұсынысына сәйкес пациенттің және оны алып жүрген адамның емделуге, жүріп-тұруына шығындарын төлейді.

      Ұзақ мерзімді емделу кезінде жұмыс органы атқарылған жұмыстың аралық актісі бойынша ай сайынғы төлем жасайды. Түпкілікті ақы төлеу шетелдік медициналық ұйым атқарылған жұмыстардың қорытынды актісін (еркін түрде) бергеннен кейін жүргізіледі.

      Жұмыс органы, шарт жасалған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде, шетелдік медициналық ұйымға пациентті шетелде емдеу бойынша шарттың жалпы сомасынан 30%-ға дейін мөлшерде аванс төлейді.

      12. Пациентті шетелдік медициналық ұйымға ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) транспланттауға жіберуде кезең-кезеңмен емдеу көзделген.

      Пациенттің, сонымен қатар оны алып жүруші адамның бірінші және екінші кезеңдегі жол жүруіне ақы төлеу комиссияның шешімімен жүргізіледі.

      Ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) транспланттауда емдеудің әрбір кезеңіне жұмыс органы шетелдік медициналық ұйыммен жеке келісім жасайды.

      13. Шетелдік медициналық ұйыммен жасасқан шарттың мерзімі емдеудің әдістері мен ұзақтығына байланысты бір жылға белгіленеді.

      14. Шетелдік медициналық ұйымның Жұмыс органына пациенттің шетелде болған кезінде қосымша емдеу қажеттігі туралы ұсынымын ұсынуы кезінде комиссия осы ұсыныс түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шешім шығара отырып оның қажеттілігі туралы мәселені қарайды. Жұмыс органы шетелдік клиникаға комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ол қабылдаған шешім туралы хабарлайды.

      15. Жұмыс органы Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберуді ұйымдастыру бойынша деректерді өңдеу мақсатында кейіннен уәкілетті органға тоқсанына бір рет ұсына отырып, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейін шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберілген пациенттерді емдеу нәтижелеріне мониторинг жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі (балалардан басқа)

      1. Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері.

      2. Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер.

      3. Трансоралдық алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.

      4. Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері.

      5. Кератопротездеу.

      6. Ересектер мен балалардың сүйек кемігін аутологиялық және туысқандық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіндердің бөліктерін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауды талап ететін аурулар.

      7. Өңеш стеноздары.

      8. Трахея стеноздары.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесі

      1. Көрсетілімдері болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
3-қосымша

Пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберудің орындылығы туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас маманының қорытындысы

Пациенттің деректері

1.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


2.

Туған жылы


3.

Мекенжайы


4.

Толық клиникалық диагнозы


5.

Қосалқы диагнозы


6.

Ұсынылатын ем


7.

Шетелдік клиника ұсыныстарының негізінде емделушіні шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Қажет етеді

2. Қажет етпейді

(керегінін асты сызылсын)

8.

Ұсынылатын шетелдік медициналық орталықтар (ел)

1.

2.

3.

9.

Емнің күтілетін нәтижесі


10

Қорытындының толтырылған күні






      ҚР ДСӘДМ Бас штаттан тыс маманы (мамандығын көрсетсін)

      / / / /

      (қолы) МО (Т.А.Ә.)

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелдік
медициналық ұйымдарға емделуге жіберудің орындылығы туралы
Жұмыс оргагының Қорытындысы


Пациент туралы деректер

Ескертпе

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


2

Туған жылы


3

Мекенжайы


4

Клиникалық диагнозы


5

Қосалқы диагнозы


6

Жасалған ем


7

Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер


8

Консилиум қорытындысы және шетелдік клиника ұсыныстарының негізінде пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Қажет етеді

2. Қажет етпейді

(керегінін асты сызылсын)

9

Шетелде ұсынылған медициналық орталықтар (ел)

1.

2.

3.

10

Шетелдік медициналық орталықтарда емделу құны

1.

2.

3.

11

Калькуляциясымен емделу бағдарламасы (қоса берілді)


12

Алып жүруді қажет етеді (себебін көрсету)


13

Бағыттың басымдылығы


14

Емдеуге жатқызуға жіберу мерзімдері


15

Ескертпе



      Медициналық ұйымның басшысы

      /

      (қолы) МО (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады