БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11387 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 13 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 2 тамыз