Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14205 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттiк қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн және Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 652 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6496 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 27 қазандағы № 284 (26345) болып жарияланған) күші жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электрондық нұсқада бір данада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтің берілуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрінің
      міндетін атқарушы                                А. Цой

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрiнiң
міндетін атқарушының  
2016 жылғы 2 тамыздағы 
№ 685 бұйрығына    
қосымша         

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында және денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді.
      2. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiне мамандық бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға қарамастан мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да қызмет саласындағы ұйымдардағы жұмыстың уақыты есептеледi.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      жұмыс өтілі – қызметкердің еңбек мiндеттерiн жүзеге асыруға жұмсаған күнтiзбемен есептелген уақыт.

2-тарау. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу тәртібi мен шарттары

      4. Мамандығы бойынша дәрiгер жұмыс өтiлiне жоғары медициналық бiлiмi болған кезде дәрiгерлiк және басшылық лауазымдарындағы жұмыс уақыты, сондай-ақ клиникалық практикаға байланысты біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан, резидентурада, клиникалық ординатурада, аспирантурада, магистратурада, докторантурада оқудан өту уақыты есептеледi.
      5. Орта медицина персоналы лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне орта медицина персоналы лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық және медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының хатшысы лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      6. Орта фармацевтикалық персонал (оның ішінде зертханашылар үшін) лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне орта фармацевтикалық персонал (оның ішінде зертханашылар үшін) лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында және медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының хатшысы лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      7. Провизор лауазымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне жоғары фармацевтикалық бiлiмi болған кезде фармацевтикалық персонал лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      8. Медициналық емес психолог, зертханашы, энтомолог, зоолог, биолог лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымында басшылық лауазымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      9. Кiшi медицина персоналы лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне барлық денсаулық сақтау ұйымдарындағы, сондай-ақ медициналық ғылыми ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      10. Медицина және фармацевтика персоналы лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне осы лауазымдарда жұмыс iстеуге медициналық немесе фармацевтикалық бiлiм талап етiлетiн медициналық емес ұйымдардағы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi, бұл жұмыс iстеген ұйымның тиiстi құжатымен расталады.
      11. Мамандығы бойынша жоғары және (немесе) орта медицина және (немесе) фармацевтикалық білімі бар мамандардың жұмыс өтiлiне денсаулық жағдайына байланысты өзгерген бұрын алған мамандығы бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты есептеледі.

3-тарау. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, Денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу шарттары

      12. Медицина және фармацевтика персоналы лауазымдарында жұмыс iстейтiн адамдардың жұмыс өтілі уақыты келесідей шарттармен есептеледі:
      1) жұмыстан заңсыз босатылған жағдайда амалсыз бос жүргенде;
      2) теріс себептер бойынша қызметiнен босатылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) Қарулы Күштерiндегi, iшкi, шекаралық әскерлерiндегi, азаматтық қорғаныс басқармаларының органдары мен бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң органдары жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет әскери қызметшiлерiнiң нақты әскери қызмет өткергенде;
      3) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтегі жұмыс уақыты;
      4) денсаулық сақтау саласында кәсіподақ органдарында сайланбалы қызметтегі жұмыс уақыты;
      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыс уақыты, сондай-ақ бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
      6) медициналық қызмет бойынша шетелге жiберілген жағдайда (егер қызметкер шетелге барар алдында медициналық қызметте жұмыс iстеген болса) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;
      7) егер осы лауазымдар медицина және фармацевтика қызметкері лауазымдарына жатқызылған болса, денсаулық сақтау ұйымына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырған және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарындағы жұмыс уақыты;
      8) егер қызметкер сол кезеңге дейiн медициналық қызметте жұмыс iстеген және оны бiтiргеннен кейiн медициналық қызметке байланысты жұмысқа қайтып келген болса, жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарда оқыған уақыты есептеледі.
      13. Қызметтің барлық саласы үшiн лауазымдарға арналған мамандық бойынша жұмыс өтiлiне:
      1) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетiлген шарттар;
      2) оның еңбек қызметiн өткерген қызмет саласына қарамастан мамандығы, сондай-ақ ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтiлi есептеледi.
      14. Осы Қағидаларға сәйкес есептелген жұмыс өтiлi күнтiзбелiк есептеумен ескерiледi.
      15. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi және мамандықтардың сәйкестігі денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекiтетін еңбек өтiлiн белгiлеу жөнiндегi ұйымның комиссиясы жұмысқа қабылдаған кезде айқындалады.
      16. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу туралы комиссияның шешiмi хаттамамен еркін нысанда рәсiмделедi. Хаттаманың түпнұсқасы кадр қызметiне, хаттаманың көшірмесі - бухгалтерияға берiледi.
      17. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеуге арналған қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар Еңбек Кодексіне сәйкес айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады