"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14212 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 232 (28455) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:

       12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері бойынша нұсқама жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайдағы тәртіптік жаза тағайындау туралы немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарында:

       3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу:

      1) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның;

      2) бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссияның ұсынысы бойынша белгіленетін ауыл шаруашылығы жануарларының жыныстық-жас топтарын, түрлерін, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың түрлерін ескере отырып, орташа айлық нарықтық құн негізінде сараланып жүргізіледі.

      4. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, жеке кәсіпкерлік субъектілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

      Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері, әкім жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы лауазымды адам болып табылады.";

       9-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30 %-ы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (70 %) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.";

       11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ветеринариялық паспорт;";

       14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;";

       14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ветеринариялық паспорт;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде:

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жылқы аурулары – маңқа, эпизоотиялық лимфангит, бiр тұяқтылардың африка обасы;

      4) қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи, маэди-висна, аденомотоз, күл, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы);";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесінде:

       4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жылқы аурулары – инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, инфекциялық энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу), эпизоотиялық лимфангит.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық осы бұйрықтың 1-тармағының 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін он үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы " "


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы " "


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика Министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________ М. Құсайнов

      2016 жылғы " "


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________ Р. Даленов

      2016 жылғы " "



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады