"Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 17 мамырдағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 қыркүйекте № 14214 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2)10)24-1) тармақшаларына, 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2)10)24-1) тармақшаларына және 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.";
      567-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректердің нысандары), сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органның ведомствосымен келіседі.
      Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы актінің жобасын уәкілетті органның ведомствосына келісуге жолдау кезінде мыналарды:
      1) әкімшілік деректердің нысандарына титулдық бетінің мазмұнын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) әкімшілік деректердің нысандарын толтыру жөніндегі түсіндірмені;
      3) әкімшілік деректердің нысандарының қолданылуын қамтамасыз етеді.
      Жобаны уәкілетті органның ведомствосы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес ұлттық жіктеуіштерге сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерді жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда оларды әкімшілік деректердің нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының және әкімшілік дереккөздің лауазымды адамдарының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашылық етеді.
      Егер де мәселенің шешілуі ұзақ қарауды қажет ететін болса, онда мерзімі тағы да отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.
      6. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің келісілген нысандарының негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган ведомствосының Интернет-ресурсында орналастырылатын әкімшілік дереккөздер бөлінісінде мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) құрылымы тұрақты негізде жүргізеді.
      Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден жылына бір рет осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, статистикалық қызметті қоспағанда стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде қалыптастырылатын қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты сұратады.
      7. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 13244 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларына сәйкес техникалық құжатты әзірлейді.";
      12-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
      Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Мыналардың:
      1) "Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7658 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 339-345 (27419) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
      2) "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 87 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8426 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 мамырдағы № 131 (28070) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы


      Ұлттық экономика министрлігі


      Статистика комитеті төрағасының


      міндетін атқарушы

Б. Иманәлиев

   

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрi
      А. Мырзахметов ___________
      2016 жылғы 7 шілде
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрi
      Б. Имашев _______________
      2016 жылғы 4 тамыз
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрi
      Е. Сағадиев ______________
      2016 жылғы 27 мамыр
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрi
      Т. Дүйсенова _____________
      2016 жылғы 23 мамыр
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрi
      Ә. Исекешев ______________
      2016 жылғы 6 маусым
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрi
      Б. Сұлтанов ______________
      2016 жылғы 25 шілде
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрi
      А. Мұхамедиұлы ____________
      2016 жылғы 23 маусым
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері министрі
      Т. Донақов _________________
      2016 жылғы 11 шілде
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы
      Д. Ақышев ____________
      2016 жылғы 18 шілде
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрi
      Қ. Қасымов ______________
      2016 жылғы 21 шілде
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрi
      Қ. Бозымбаев _____________
      2016 жылғы 15 маусым
 


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасы
міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 89 бұйрығына
1-қосымша


Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректердің нысандарына титулдық бетінің мазмұны

      Әкімшілік деректердің нысаны мыналар көрсетілген титулдық беттен тұруы тиіс:
      нысан бекітілген бұйрықтың, (қаулының) күні мен нөмірі;
      нысан кімге ұсынылады;
      ақпаратты ұсыну кезеңділігі;
      ақпаратты ұсынатын адамдар тобы;
      нысан атауы;
      нысанның индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);
      нысанды ұсыну мерзімі;
      есептік кезең;
      Нысанның үлгілік мекенжайлық бөлігі жауапты лауазымды адаммен қол қойылып, және қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда мөрмен бекітілуі (бар болған жағдайда) тиіс.
 


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасы
міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 89 бұйрығына
2-қосымша


Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің құрылымы


 

Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысандарының индексі
 

Әкімшілік деректер нысандары бекітілген/ әкімшілік деректер нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі
 

Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні
 

Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкiмшiлiк деректер нысандары ұсынылатын орын
 
 

Әкiмшiлiк деректерді жинау кезеңділігі/ Әкiмшiлiк деректер нысандарын тапсыру мерзімі
 
 

Әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні
 
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

      Ескертпе:
      Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсіндірмесі:
      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;
      2-бағанда Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысанының индексі көрсетіледі;
      3-бағанда Әкімшілік деректер нысаны бекітілген/Әкімшілік деректер нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;
      4-бағанда Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні көрсетіледі;
      5-бағанда Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/Әкiмшiлiк деректер нысаны ұсынылатын орын көрсетіледі;
      6-бағанда әкiмшiлiк деректер нысандарын жинау кезеңділігі/Әкiмшiлiк деректер нысанын тапсыру мерзімі көрсетіледі;
      7-бағанда әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні көрсетіледі.
      Тізілім дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру үдерісінде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді жинауын көздейтін, есептіліктің бірыңғай есепке алу жүйесін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді білдіреді.
      Тізілімге енгізуге мыналар жатады:
      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген және Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген әкімшілік деректер нысандары бойынша деректер;
      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік деректердің нысандары бойынша деректер;
      әкімшілік дереккөздердің "ерекше маңызды", "аса құпия", "құпия" деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.
      Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.
      Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.
      Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер мұрағатында ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
      Тізілімнің деректерін қолдану тізілім құрылымының белсенді 2-бағанының көмегімен жүзеге асырылады, оны басқан кезде әкімшілік деректер нысанының деректері PDF форматында автоматты түрде ашылады.
 


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасы
міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 89 бұйрығына


3-қосымша


Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
3-қосымша


Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат

      __________________________________________________
(Әкімшілік дереккөздің атауы)
 


 

Әкімшілік деректер атауы
 

Қалыптастыру кезеңділігі
 

Жинау нысаны (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде)
 

Ақпараттық жүйенің болуы
 

Ұлттық жіктеуіштің коды және атауы
 

Ведомстволық жіктелімдердің коды және атауы
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

      Ескертпе:
      Осы кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:
      1-бағанда нөмір № реті бойынша толтырылады.
      2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпараттарының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жинақталатын ақпараттар қосылмайды.
      3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алуының (жинауының) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі – түсуіне қарай, – қажеттілігі бойынша, – күн сайын, – апта сайын, – ай сайын, – тоқсан сайын, – жарты жылда 1 рет, – жыл сайын);
      4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.
      Мынадай мәндерге рұқсат етіледі:
      "электронды түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электронды түрде жүзеге асырылатын болса);
      "қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);
      Егер ақпарат жинау қағаз жеткізгіштерде және электронды түрде де жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі.
      5-бағанда әкімшілік деректерді алу (жинау) үшін ақпараттық жүйенің болуы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" деген мәндерге рұқсат етіледі;
      6-бағанда Жіктелім тізілімі (жіктелімдерді "КЛАСС" АЖ-да ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылатын жіктеуіштердің атауы (техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық жіктеуіштер көрсетіледі) атап көрсетіледі;
      7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылған жіктеуіштердің атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен ведомстволық жіктелімдер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық) көрсетіледі).
      1. Жіктелім әдісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген, ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне сәйкес сатылы немесе фасеттік болуы тиіс;
      2. Ведомстволық жіктелімдерді кодтау кезінде кодтаудың мынадай түрлері қолданылуы қажет:
      1) тізбектілік;
      2) параллельдік;
      3) реттік;
      4) сериялық-реттік.
      3. Ведомстволық жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ведомстволық жіктелімдер айқындамасының әр коды үшін келесі директивалар қолданылады:
      1) "К" – "Күші жойылған", айқындаманың күшін жою;
      2) "Е" – "Енгізу", жаңа айқындама енгізу;
      3) "Ө" – "Өзгерту", айқындама атауын өзгерту.
      4. Ведомстволық жіктелімнің әр элементі бойынша элементтің "басталған күні" және "аяқталған күні" көрсетіледі.
      5. Ведомстволық жіктелімдерді қайта қарастырғанда немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде сәйкестендіру кестелерін (ауыспалы кілттерін) қоса беру қажет.
      6. Ведомстволық жіктелімдер және сәйкестендіру кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL форматында беріледі.
      7. Ведомстволық жіктелімдердің күші жойылған жағдайда әкімшілік дереккөздер жіктелімнің күші жойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
 

О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 14 июля 2010 года № 183 "Об утверждении Правил представления административных данных административными источниками на безвозмездной основе"

Приказ и.о. Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 89. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 сентября 2016 года № 14214

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 14 июля 2010 года № 183 "Об утверждении Правил представления административных данных административными источниками на безвозмездной основе" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6394, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 28 сентября 2010 года № 255 (26316)) следующие изменения:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      "В соответствии с подпунктами 2), 10), 24-1) статьи 12, подпунктами 2) и 3) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике", ПРИКАЗЫВАЮ:";
      В Правилах представления административных данных административными источниками на безвозмездной основе, утвержденных указанным приказом:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила представления административных данных административными источниками на безвозмездной основе (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктами 2), 10), 24-1) статьи 12, подпунктами 2) и 3) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" (далее – Закон).";
      пункты 567 изложить в следующей редакции:
      "5. Административные источники согласовывают с ведомством уполномоченного органа формы, предназначенные для сбора административных данных (далее – формы административных данных), а также методики расчета показателей, согласно Закону Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике".
      Административные источники при направлении на согласование проекта акта об утверждении форм административных данных в ведомство уполномоченного органа обеспечивают следующее:
      1) содержание титульного листа к формам административных данных в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам;
      2) пояснение по заполнению форм административных данных;
      3) применяемость форм административных данных.
      Проект рассматривается ведомством уполномоченного органа на предмет соответствия национальным классификаторам, согласно Закону Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании", наличия дублирующих показателей путем проведения сравнительного анализа показателей указанных в формах административных данных с показателями форм общегосударственных, ведомственных статистических наблюдений в течение пятнадцати рабочих дней.
      При наличии дублирующих показателей инициируется рабочая встреча из числа должностных лиц ведомства уполномоченного органа и административного источника для решения вопроса об их исключении из форм административных данных или из форм общегосударственных и ведомственных статистических наблюдений.
      Если решение вопроса требует длительного рассмотрения, то срок продлевается еще на тридцать календарных дней.
      6. На основе согласованных форм административных данных, ведомством уполномоченного органа на постоянной основе ведется структура единого реестра отчетности, формируемой в государственных органах (далее – реестр), в разрезе административных источников, который размещается на Интернет-ресурсе ведомства уполномоченного органа по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Ведомство уполномоченного органа один раз в год запрашивает у административных источников информацию об имеющихся и разрабатываемых административных данных, которые формируются в процессе реализации стратегических, регулятивных, реализационных или контрольных функций, за исключением статистической деятельности по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      7. В целях использования административных данных для производства статистической информации и актуализации статистических регистров ведомство уполномоченного органа на основе данных реестра, а также информации об имеющихся административных данных, с учетом своих потребностей разрабатывает технический документ в соответствии с Правилами интеграции шлюза "электронного правительства", платежного шлюза "электронного правительства" с информационными системами утвержденными приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 104 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13244).";
      приложения 12 изложить в следующей редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу;
      дополнить приложением 3 к настоящим Правилам в новой редакции согласно приложению 3 к настоящему приказу.
      2. Признать утратившими силу:
      1) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 13 апреля 2012 года № 89 "Об утверждении Инструкции по согласованию форм, предназначенных для сбора административных данных" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7658, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 23 июня 2012 года № 199-200 (27018-27019));
      2) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 1 апреля 2013 года № 87 "О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 13 апреля 2012 года № 89 "Об утверждении Инструкции по согласованию форм, предназначенных для сбора административных данных" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8426, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 22 мая 2013 года № 173-174 (27447-27448)).
      3. Комитету по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Исполняющий обязанности
Председателя Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан

Б. Иманалиев

   

       "СОГЛАСОВАН"
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
_______________ А. Мырзахметов
      7 июня 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр юстиции
Республики Казахстан
_______________ Б. Имашев
4 августа 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр образования и науки
Республики Казахстан
_______________ Е. Сагадиев
27 мая 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр здравоохранения
      и социального развития
Республики Казахстан
________________ Т. Дуйсенова
      23 мая 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
_______________ А. Исекешев
06 июня 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
_______________ Б. Султанов
25 июля 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
_______________ А. Мухамедиулы
23 июня 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр
по делам государственной службы
      Республики Казахстан
_______________ Т. Донаков
11 июля 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Председатель Национального Банка
Республики Казахстан
_______________ Д. Акишев
18 июля 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      _______________ К. Касымов
21 июля 2016 года
      "СОГЛАСОВАН"
Министр энергетики
Республики Казахстан
_______________ К. Бозумбаев
15 июня 2016 года
 


Приложение 1
к приказу Исполняющего
обязанности
Председателя Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 мая 2016 года № 89


Приложение 1
к Правилам представления
административных данных
административными
источниками
на безвозмездной основе


форма

Содержание титульного листа к формам административных данных

      Форма административных данных должна содержать титульный лист, на котором указывается:
      дата и номер приказа, (постановления), которым утверждена форма;
      куда представляется форма;
      периодичность сбора информации;
      круг лиц представляющих информацию;
      наименование формы;
      индекс форм (краткое буквенно-цифровое выражение наименование формы);
      срок представления формы;
      отчетный период;
      типовая адресная часть формы, подписывается ответственным должностным лицом, и в случае представления на бумажном носителе заверяется печатью (при наличии).
 


Приложение 2
к приказу Исполняющего
обязанности
Председателя Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 мая 2016 года № 89


Приложение 2
к Правилам представления
административных данных
административными
источниками на безвозмездной
основе


форма

Структура единого реестра отчетности, формируемой в государственных органах


 

Наименование формы административных данных/Индекс формы административных данных
 

Наименование, дата и номер акта, которым утверждены формы административных данных/которыми внесены изменения и дополнения в формы административных данных
 

Дата согласования форм административных данных
 

Круг лиц представляющих форму административных данных/Куда представляется форма административных данных
 

Периодичность сбора административных данных/Срок представления формы административных данных
 

Дата отмены (приостановления) формы административных данных
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

   

            Примечание:
      Пояснение по ведению Реестра ведомством уполномоченного органа:
      в графе 1 заполняется номер по порядку "№";
      в графе 2 указывается наименование формы административных данных/индекс формы административных данных;
      в графе 3 указывается наименование, дата и номер акта, которым утверждены формы административных данных/которыми внесены изменения и дополнения в формы административных данных;
      в графе 4 указывается дата согласования форм административных данных;
      в графе 5 указывается круг лиц представляющих форму административных данных/Куда представляется форма административных данных;
      в графе 6 указывается периодичность сбора форм административных данных/Срок представления формы административных данных;
      в графе 7 указывается дата отмены (приостановления) формы административных данных.
      Реестр представляет собой единую систему учета отчетности, предусматривающую сбор административных данных административными источниками в процессе реализации стратегических, регулятивных, реализационных или контрольных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также обеспечение их доступности и открытости.
      В реестр подлежат включению:
      данные по формам административных данных, утвержденные актами государственных органов, и зарегистрированные в органах юстиции Республики Казахстан со дня их официального опубликования в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" в течение 10 рабочих дней;
      данные по формам административных данных, утвержденные актами государственных органов, введенные в действие со дня их подписания.
      Не подлежат включению в реестр данные административных источников с грифом "особой важности", "совершенно секретно", "секретно".
      Реестр поддерживается в актуальном состоянии, посредством внесения текущих изменений и дополнений, а также признания отдельных приостановлений их действия.
      В целях поддерживания в актуальном состоянии реестра, ведомство уполномоченного органа один раз в год запрашивает у административных источников информацию о статусе (об изменении, дополнении, либо приостановлении, отмены) актов ранее включенных в реестр.
      Ведомство уполномоченного органа со дня получения соответствующей информации, обеспечивает в течение 10 рабочих дней актуализацию реестра, с учетом накопления информации в архиве данных.
      Использование данных реестра осуществляется с помощью активной графы 2 структуры реестра, при нажатии которой автоматически открываются данные формы административных данных в формате PDF.
 


Приложение 3
к приказу Исполняющего
обязанности
Председателя Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 мая 2016 года № 89


Приложение 3
к Правилам представления
административных данных
административными
источниками на
безвозмездной основе


Форма

Информация об имеющихся и разрабатываемых административных данных __________________________________________________________ (Наименование административного источника)


 

Наименование административных данных
 

Периодичность формирования
 

Форма сбора (на бумажном носителе, в электронном виде)
 

Наличие информационной системы
 

Код и наименование национального классификатора
 

Код и наименование ведомственной классификации
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

   

            Примечание:
      Пояснения по заполнению данной таблицы:
      в графе 1 заполняется номер по порядку "№";
      в графе 2 заполняется краткое описание информации, получаемой (собираемой) административными источниками, за исключением статистической деятельности. То есть не включается информация, собираемая в рамках ведомственных статистических наблюдений;
      в графе 3 указывается периодичность получения (сбора) административными источниками административных данных (допускается следующие значения в данной графе: – по мере поступления, – по мере необходимости, – ежедневно, – еженедельно, – ежемесячно, - ежеквартально, – 1 раз в полугодие, – ежегодно);
      в графе 4 указывается форма получения (сбора) информации формируемой административными источниками, за исключением первичных статистических данных.
      Допускаются следующие значения:
      "в электронном виде" (если сбор административных данных осуществляется в электронном виде);"на бумажных носителях" (если сбор административных данных осуществляется на бумажных носителях);
      допускается также наличие двух значений одновременно, в случае если сбор информации осуществляется на бумажных носителях и в электронном виде;
      в графе 5 указывается наличие информационной системы для получения (сбора) административных данных. Допускаются значения "Да" или "Нет";
      в графе 6 перечисляются код по Реестру классификаций (систематизированный перечень классификаций, формируемый с целью их упорядочения в ИС "КЛАСС") и наименование используемых при получении (сборе) административных данных классификаторов (указываются национальные классификаторы, утвержденные в порядке, установленном законодательством в области технического регулирования);
      в графе 7 перечисляются код по Реестру классификаций и наименование используемых при получении (сборе) административных данных классификаций (указываются ведомственные классификации (классификатор, номенклатура, справочник, введенные в установленном порядке для применения в производстве официальной статистической информации определенной отрасли министерств и ведомств), разработанные и утвержденные административными источниками).
      1. Метод классификации должен быть иерархическим либо фасетным, в соответствии с Типовой методикой ведения ведомственных классификаций, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 50, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10779.
      2. При кодировании ведомственных классификаций должны применяться следующие виды кодирования:
      1) последовательный;
      2) параллельный;
      3) порядковый;
      4) серийно-порядковый.
      3. При внесении изменений и дополнений в ведомственные классификации применяются следующие директивы для каждого кода
      позиции ведомственных классификаций:
      1) "А" – "Аннулирован", аннулирование позиции;
      2) "В" – "Внесен", внесение новой позиции;
      3) "И" – "Изменен", изменение наименования позиции.
      4. По каждому элементу ведомственных классификаций указывается "дата начала" и "дата окончания" действия элемента.
      5. При пересмотре или внесении изменений и дополнений в ведомственные классификации необходимо прикладывать таблицу
      соответствия (переходные ключи).
      6. Ведомственные классификации и таблицы соответствия предоставляются на государственном и русском языках в формате
      EXCEL.
      7. В случае отмены ведомственных классификаций административные источники обязаны письменно извещать ведомство уполномоченного органа в течении 10 календарных дней со дня отмены классификации.