Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығымен бекітілген |
Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық әкімшілік дереккөздердің әкiмшiлiк деректерін жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласында уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісу тәртібін реттейді.
2. Осы Нұсқаулықтағы терминдер және анықтамалар "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әр - Заң) сәйкес қолданылады.
3. Әкімшілік деректер уәкілетті органмен тек қана статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерге өзекті сипат беру үшін пайдаланылады.
4. Осы Нұсқаулықтың күші Заңға сәйкес барлық әкімшілік дереккөздерге таратылады.
2. Әкімшілік дереккөздер әкiмшiлiк деректерінің нысандарын келісу
5. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы актінің жобасын уәкілетті органға келісуге жолдау кезінде мыналарды қамтамасыз етсін:
1) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың титулдық бетінің мазмұнын осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес;
2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсінікті;
3) Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың қолданылуын.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 01.04.2013 № 87 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Жоба уәкілетті органмен он бес жұмыс күні ішінде қаралады, осы Нұсқаулықтың 10-тармағындағы көрсетілген жағдайларды қоспағанда.
7. Келісу процесінде уәкілетті органның жобаларды келісу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті департамент) екі жұмыс күні ішінде Жобаны әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу үшін пайдаланатын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – салалық департамент) қарауға жібереді.
8. Уәкілетті органның салалық департаменттері мен Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті Жобаны алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті департаментке жазбаша түрде ескертулері мен ұсыныстарын ұсынады.
Статистикалық ақпаратты түзу үшін әкімшілік деректерді пайдалануда уәкілетті органның салалық департаменттері уәкілетті департаментке қажетті әкімшілік деректердің тізбесін ұсынады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 01.04.2013 № 87 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Уәкілетті органның Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті жобалардың "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген мемлекеттік жіктеуіштерге сәйкестігін қарастырады.
10. Уәкілетті департамент жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарына әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандармен қайталанатын көрсеткіштерді анықтау мәніне салыстырмалы талдау жүргізеді.
Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда уәкілетті департамент оларды әкімшілік деректерді жинауға арналған Нысандардан немесе алдағы күнтізбелік жылға арналған осы әкімшілік дереккөз бойынша жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті органның және әкімшілік дереккөздің лауазымды тұлғаларының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашы болады.
Егер де мәселенің шешілуі ұзақ қарауды қажет ететін болса, онда мерзімі тағы да 30 күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Уәкілетті органның салалық департаменттері қорытындыларын бергеннен кейін, уәкілетті органмен әкімшілік дереккөзге Жобаны келісілетіндігі немесе оны келісуден бас тартатындығы туралы хат жолданады.
Жобада осы нұсқаулықтың 5, 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін шарттар анықталған жағдайда уәкілетті департамент әкімшілік дереккөзге Жобаны келісуден бас тартатындығы туралы жазбаша негіздеме дайындайды.
Жазбаша негіздемеде жобаны келісуден бас тарту себебі және оны пысықтау жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 01.04.2013 № 87 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Әкімшілік дереккөзбен әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу үшін пайдалану барысында уәкілетті департамент мүдделі салалық департаментпен бірлесе отырып әкімшілік деректерді алу мақсатында ақпараттық өзара іс-қимыл туралы әкімшілік дереккөзбен бірлескен бұйрықтың жобасын әзірлеуді жүргізеді.
13. Әкiмшiлiк дереккөздердің әкiмшiлiк деректерді өтеусіз негiзде ұсынуы бірлескен бұйрық бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
14. Сапаны, уақтылықты, шығындарды және респонденттерге түсетін жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану мақсатында жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарындағы қайталанатын көрсеткіштер алып тасталады.
Осыған байланысты, әкімшілік дереккөздер қандай да бір көрсеткіштердің алынып тасталғаны және олардың әкімшілік деректерге жатқызылғаны туралы уәкілетті органға, жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде уәкілетті органның алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыруы кезеңінде ұсыныс жібереді.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулыққа қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға
титулдық бетінің мазмұны
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 01.04.2013 № 87 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан мыналар көрсетілген титулдық беттен тұруы тиіс:
нысан бекітілген бұйрықтың күні мен нөмірі;
нысан кімге ұсынылады;
ақпаратты ұсыну кезеңділігі;
ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы;
нысан атауы;
нысанның индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);
нысанды ұсыну мерзімі;
есептік кезең;
Нысанның жауапты лауазымды тұлғамен қол қойылып, мөрмен бекітілуі тиіс үлгілік мекенжайлық бөлігі.