БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2), 10), 24-1) тармақшаларына, 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2), 10), 24-1) тармақшаларына және 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.";
5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректердің нысандары), сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органның ведомствосымен келіседі.
Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы актінің жобасын уәкілетті органның ведомствосына келісуге жолдау кезінде мыналарды:
1) әкімшілік деректердің нысандарына титулдық бетінің мазмұнын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес;
2) әкімшілік деректердің нысандарын толтыру жөніндегі түсіндірмені;
3) әкімшілік деректердің нысандарының қолданылуын қамтамасыз етеді.
Жобаны уәкілетті органның ведомствосы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес ұлттық жіктеуіштерге сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерді жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда оларды әкімшілік деректердің нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының және әкімшілік дереккөздің лауазымды адамдарының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашылық етеді.
Егер де мәселенің шешілуі ұзақ қарауды қажет ететін болса, онда мерзімі тағы да отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.
6. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің келісілген нысандарының негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган ведомствосының Интернет-ресурсында орналастырылатын әкімшілік дереккөздер бөлінісінде мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) құрылымы тұрақты негізде жүргізеді.
Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден жылына бір рет осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, статистикалық қызметті қоспағанда стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде қалыптастырылатын қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты сұратады.
7. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 13244 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларына сәйкес техникалық құжатты әзірлейді.";
1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Мыналардың:
1) "Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7658 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 339-345 (27419) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
2) "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 87 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8426 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 мамырдағы № 131 (28070) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
|
Ұлттық экономика министрлігі |
|
Статистика комитеті төрағасының |
|
міндетін атқарушы |
Б. Иманәлиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi
А. Мырзахметов ___________
2016 жылғы 7 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрi
Б. Имашев _______________
2016 жылғы 4 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрi
Е. Сағадиев ______________
2016 жылғы 27 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрi
Т. Дүйсенова _____________
2016 жылғы 23 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
Ә. Исекешев ______________
2016 жылғы 6 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Б. Сұлтанов ______________
2016 жылғы 25 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрi
А. Мұхамедиұлы ____________
2016 жылғы 23 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрі
Т. Донақов _________________
2016 жылғы 11 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
Д. Ақышев ____________
2016 жылғы 18 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрi
Қ. Қасымов ______________
2016 жылғы 21 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрi
Қ. Бозымбаев _____________
2016 жылғы 15 маусым
Қазақстан Республикасы |
|
Әкімшілік дереккөздердің |
Әкімшілік деректердің нысандарына титулдық бетінің мазмұны
Әкімшілік деректердің нысаны мыналар көрсетілген титулдық беттен тұруы тиіс:
нысан бекітілген бұйрықтың, (қаулының) күні мен нөмірі;
нысан кімге ұсынылады;
ақпаратты ұсыну кезеңділігі;
ақпаратты ұсынатын адамдар тобы;
нысан атауы;
нысанның индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);
нысанды ұсыну мерзімі;
есептік кезең;
Нысанның үлгілік мекенжайлық бөлігі жауапты лауазымды адаммен қол қойылып, және қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда мөрмен бекітілуі (бар болған жағдайда) тиіс.
Қазақстан Республикасы |
|
Әкімшілік дереккөздердің |
Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің құрылымы
№ |
Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысандарының индексі |
Әкімшілік деректер нысандары бекітілген/ әкімшілік деректер нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі |
Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні |
Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкiмшiлiк деректер нысандары ұсынылатын орын |
Әкiмшiлiк деректерді жинау кезеңділігі/ Әкiмшiлiк деректер нысандарын тапсыру мерзімі |
Әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ескертпе:
Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсіндірмесі:
1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;
2-бағанда Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысанының индексі көрсетіледі;
3-бағанда Әкімшілік деректер нысаны бекітілген/Әкімшілік деректер нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні көрсетіледі;
5-бағанда Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/Әкiмшiлiк деректер нысаны ұсынылатын орын көрсетіледі;
6-бағанда әкiмшiлiк деректер нысандарын жинау кезеңділігі/Әкiмшiлiк деректер нысанын тапсыру мерзімі көрсетіледі;
7-бағанда әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні көрсетіледі.
Тізілім дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру үдерісінде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді жинауын көздейтін, есептіліктің бірыңғай есепке алу жүйесін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді білдіреді.
Тізілімге енгізуге мыналар жатады:
мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген және Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген әкімшілік деректер нысандары бойынша деректер;
мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік деректердің нысандары бойынша деректер;
әкімшілік дереккөздердің "ерекше маңызды", "аса құпия", "құпия" деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.
Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.
Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.
Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер мұрағатында ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Тізілімнің деректерін қолдану тізілім құрылымының белсенді 2-бағанының көмегімен жүзеге асырылады, оны басқан кезде әкімшілік деректер нысанының деректері PDF форматында автоматты түрде ашылады.
Қазақстан Республикасы |
|
3-қосымша |
|
Әкімшілік дереккөздердің |
|
Нысан |
Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат
__________________________________________________
(Әкімшілік дереккөздің атауы)
№ |
Әкімшілік деректер атауы |
Қалыптастыру кезеңділігі |
Жинау нысаны (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде) |
Ақпараттық жүйенің болуы |
Ұлттық жіктеуіштің коды және атауы |
Ведомстволық жіктелімдердің коды және атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ескертпе:
Осы кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:
1-бағанда нөмір № реті бойынша толтырылады.
2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпараттарының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жинақталатын ақпараттар қосылмайды.
3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алуының (жинауының) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі – түсуіне қарай, – қажеттілігі бойынша, – күн сайын, – апта сайын, – ай сайын, – тоқсан сайын, – жарты жылда 1 рет, – жыл сайын);
4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.
Мынадай мәндерге рұқсат етіледі:
"электронды түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электронды түрде жүзеге асырылатын болса);
"қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);
Егер ақпарат жинау қағаз жеткізгіштерде және электронды түрде де жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі.
5-бағанда әкімшілік деректерді алу (жинау) үшін ақпараттық жүйенің болуы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" деген мәндерге рұқсат етіледі;
6-бағанда Жіктелім тізілімі (жіктелімдерді "КЛАСС" АЖ-да ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылатын жіктеуіштердің атауы (техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық жіктеуіштер көрсетіледі) атап көрсетіледі;
7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылған жіктеуіштердің атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен ведомстволық жіктелімдер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық) көрсетіледі).
1. Жіктелім әдісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген, ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне сәйкес сатылы немесе фасеттік болуы тиіс;
2. Ведомстволық жіктелімдерді кодтау кезінде кодтаудың мынадай түрлері қолданылуы қажет:
1) тізбектілік;
2) параллельдік;
3) реттік;
4) сериялық-реттік.
3. Ведомстволық жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ведомстволық жіктелімдер айқындамасының әр коды үшін келесі директивалар қолданылады:
1) "К" – "Күші жойылған", айқындаманың күшін жою;
2) "Е" – "Енгізу", жаңа айқындама енгізу;
3) "Ө" – "Өзгерту", айқындама атауын өзгерту.
4. Ведомстволық жіктелімнің әр элементі бойынша элементтің "басталған күні" және "аяқталған күні" көрсетіледі.
5. Ведомстволық жіктелімдерді қайта қарастырғанда немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде сәйкестендіру кестелерін (ауыспалы кілттерін) қоса беру қажет.
6. Ведомстволық жіктелімдер және сәйкестендіру кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL форматында беріледі.
7. Ведомстволық жіктелімдердің күші жойылған жағдайда әкімшілік дереккөздер жіктелімнің күші жойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.