"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 15 тамыздағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қыркүйекте № 14249 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) егер ББӘ МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен іске асыруды ұсынған жағдайда, бес жылдық кезеңге арналған іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің инвестициялық картасы қосымша ұсынылады, оны олар электрондық порталға, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.";
      8-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "59. Қажетті/пысықталған ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамалармен қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамаларды жүргізу бойынша сұрау салу тиісті ББӘ-ге, сұрау салудың көшірмесі осы Қағидалардың 52 – 56, 58-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.
      Бұл ретте олардың сканерленген көшірмелері БИЖ қысқаша сипаттамасында көрсетілген ББӘ өкілінің электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
      ТЭН-нің, бөлiмдердің, тараулар мен параграфтардың жаңа редакциясы, сондай-ақ ТЭН-нiң параметрлерiн өзгертетiн ақпарат енгiзілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабына сәйкес БИЖ-дің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаның мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органды ББӘ хатын қоса бере отырып, экономикалық сараптама жүргізуді ұзарту туралы кейіннен хабардар етуімен сараптама жүргізу мерзiмi ББӘ-нің қағаз форматтағы хатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнiне дейiн ұзартылады.";
      мынадай мазмұндағы 115-1-тармақпен толықтырылсын:
      "115-1. Осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарының ережелері осы Қағидалардың 110-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген БИЖ-ге қолданылмайды.
      Осы Қағидалардың 110-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген БИЖ бойынша ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:
      1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған өтінім-хатты;
      2) келесі ақпарат қамтылуы тиіс мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған түсініктеме жазбаны:
      болжанатын қосымша бюджет шығыстарының негіздемесін;
      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру туралы ақпаратты ұсынады. Игерілмеу не қаражат үнемдеу болған жағдайда, себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;
      қымбаттауға әкеліп соғатын себептердің нақты көрсетілуін қамтуы тиіс түсіндірме жазбаны;
      3) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған салалық қорытындыны;
      4) бірінші басшы қол қойған, мөрмен расталған осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені;
      5) бірінші басшы қол қойған жалғастырылатын және аяқталған жобалар бойынша жеке-жеке төлеуға арналған фискалдық сертификатты (құндық деректерімен жұмыстардың көлемі бойынша ведомостарды және эскалация бойынша есептеулерді қоса бере отырып);
      6) бірінші басшы қол қойған сертификаттар тізілімін;
      7) жобаның қымбаттауы бойынша шығыстар сметаларын және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны қымбаттаған жағдайдағы бағалар бойынша статистикалық деректерді;
      8) құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген уәкілетті ішкі бақылау органының актісін ұсынады.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және ол бойынша қорытындыны РБК-ның қарауына енгізеді.
      РБК-ның оң шешімін алған кезде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған қарыз шартының шеңберінде іске асырылатын МИЖ бойынша азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес жолдар учаскелерінің сметалық құнының ұлғаюын қаржыландыруға рұқсат етіледі.";
      128-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Негiздiлiк" бөлiмi мынадай тарауларды қамтиды:
      1) "Инвестициялар көлемi" тарауы;
      2) "Қаржыландырудың балама көздерi" тарауы;
      3) "Инвестициялар ҚЭН-інің мақсаттары мен міндеттерінің инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі" тарауы;
      4) "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасы" тарауы.
      Егер Инвестициялар Институционалдық МЖӘ жобасын іске асыруға бағытталған болса, "Қаржыландырудың балама көздерi" және "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасы" тараулары ұсынылмайды.";
      131-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "131-1. "Квазимемлекеттік сектор субъектісінің салалық картасы" деген тарауда осы Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық порталға, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын "Квазимемлекеттік сектор субъектісінің салалық картасы" нысаны бойынша іске асырылған, іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық жобалары бойынша ақпарат қамтылады.";
      осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
      осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын;
      18-1-қосымша осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Ұлттық экономика министрінің


      міндетін атқарушы

М. Құсайынов

   

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы "___" ____________
 


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 371 бұйрығына 1-қосымша


Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу немесе
түзету, қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу,
мониторингілеу және іске
асырылуын бағалау
қағидаларына 1-1-қосымша


Нысан

_______ жылғы " " ___________

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасы

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі _____________________________
      (Атауы және код)
 


 

Жобаның атауы
 

Іс-шаралардың/компо-ненттердің атаулары
 

Қатысушылардың (инвестицияны алушы) атаулары
 

Жобаның құны
(мың теңге)
 

Источник
финансирования
 

Период
 

Жүзеге асыру орны
 

Ескерту (қолданылған шешімдер, нәтижелер, басқалар)
 

Республикалық бюджет
 

Жергілікті бюджет
 

Ұлттық қор
 

Қарыз қаражаты
 

Өзіндік қаражат
 

Басқалар (қаржыландыру
көзін көрсету тіи)
 

құрылыс (инвестициялық)
 

қолданыс (постинвестициялық)
 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленген инвестициялық жобалары (10 жыл ішінде)
 



1.
 













2.
 








 









1.
 













2.
 








 







Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленіп жатқан инвестициялық жобалары
 



1.
 













2.
 








 









1.
 













2.
 








 







Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленуі жоспарланған инвестициялық жобалары (5 жыл ішінде)
 



1.
 













2.
 








 









1.
 













2.
 








 







       Ескертпе:
      "Іс-шаралардың/компоненттердің атаулары" бағанасында жобаның іс-шаралар атаулары көрсетіледі. Тараулардың саны және атаулары қаржылық-кономикалық негіздемеде (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда) немесе заңды тұлғалардың даму жоспарында (қарыз немесе меншікті қаражат қаржыландыру көзі болған жағдайда), көрсетілген және жобаның активтерін сатып алуды қарастыратын іс-шаралардың саны мен атауларына сәйкес болу керек.
      "Қатысушылардың (инвестицияны алушы) атаулары" бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ инвестициялардың соңғы алушыларының атаулары көрсетіледі.
      "Жобаның құны (мың теңге)" бағанасында барлық қаржыландыру көздерін есепке алып жобаның жалпы құны көрсетіледі.
      "Қаржыландыру көзі (мың тенге)" бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін шенберінде тиісті қаржыландыру көзі бағанасында қаражат көрсетіледі.
      "Құрылыс (инвестициялық) кезең" бағанасында инвестициялық жобаны іске асыру/құру мерзімі көрсетіледі.
      "Қолданыс (постинвестициялық) кезең" бағанасында инвестициялық жобаны қолдану мерзімі көрсетіледі.
 


Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу немесе
түзету, қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу,
мониторингілеу және іске
асырылуын бағалау
қағидаларына 16-1-қосымша


Нысан

Келісім-шарт құнының арттыру бойынша салыстырмалы кесте жобасы

№ р/н
 

Телім (км)
 

Бастапқы құн (мың теңге)
 

Түзетілген құн (мың теңге)
 

айырмашылығы мың теңге (+) - арттыру, (-) - төмендету
 

Қымбаттаудың себебі
 

барлығы
 

төленді
 

төлеуге жататын
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


Мемлекеттік инвестициялық
жобаның инвестициялық
ұсынысын әзірлеу немесе
түзету, қажетті
сараптамаларды жүргізу,
сондай-ақ бюджеттік
инвестицияларды жоспарлау,
қарау, іріктеу,
мониторингілеу және іске
асырылуын бағалау
қағидаларына 18-1-қосымша


Нысан

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің салалық картасы


 

Жобаның атауы
 

Іс-шаралардың /
компоненттердің атаулары
 

Жобаны тапсырыс беруші
 

Қатысушылардың (инвестицияны алушы) атаулары
 

Қазақстан Республикасының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар
 
 

Экономиканың секторы
 

Жобаны іске асыру бастауы
 

Жобаның іске асыру кезеңі
 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленген инвестициялық жобалары (10 жыл ішінде)
 










Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленіп жатқан инвестициялық жобалары
 










Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленуі жоспарланған инвестициялық жобалары (5 жыл ішінде)
 










       Таблицаның жалғасы
 

Жобаның аяқталу мерзімі
 

Жобаның іске асыру орны
 

Жобаның тиімділік көрсеткіші
 

Жобаның өтелімділік мерзімі
 

Нәтижелер
 

Жобаның құны
( мың теңге)
 

Қаржыландыру көзі
 

Ескертпе
 

Республикалық бюджет
 

Жергілікті бюджет
 

Ұлттық қор
 

Қарыз қаражаты
 

Өзіндік қаражат
 

басқалары
(қаржыландыру
көзін көрсету)
 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленген инвестициялық жобалары (10 жыл ішінде)
 














Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленіп жатқан инвестициялық жобалары
 














Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әзірленуі жоспарланған инвестициялық жобалары (5 жыл ішінде)
 














       Ескертпе:
      "Жобаның атауы" бағанасында жобаның атауы көрсетіледі.
      "Іс-шаралардың/компоненттердің атаулары" бағанасында жобаның іс-шаралар атаулары көрсетіледі. Тараулардың саны және атаулары қаржылық-кономикалық негіздемеде (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда) немесе заңды тұлғалардың даму жоспарында (қарыз немесе меншікті қаражат қаржыландыру көзі болған жағдайда), көрсетілген және жобаның активтерін сатып алуды қарастыратын іс-шаралардың саны мен атауларына сәйкес болу керек.
      "Жобаны тапсырыс беруші" бағанасында жауапты мемлекеттік орган – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның (қарыз немесе меншікті қаражат қаржыландыру көзі болған жағдайда) атауы көрсетіледі.
      "Қатысушылардың (инвестицияны алушы) атаулары" бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ инвестициялардың соңғы алушыларының атаулары көрсетіледі.
      "Қазақстан Республикасының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар" бағанасында жобаны іске асыруы қарастырылған Қазақстан Республикасының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттардың атаулары көрсетіледі (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда).
      "Экономиканың секторы" бағанасында жобаны іске асыруы әсер тигізетін экономика саласының атауы көрсетіледі.
      "Жобаны іске асыру бастауы" бағанасында жобаны іске асыру басталу мерзімі көрсетіледі.
      "Жобаның іске асыру кезеңі" бағанасында ақпаратты ұсынған кезде жоба бойынша ағымдағы жағдай көрсетіледі.
      "Жобаның аяқталу мерзімі" бағанасында аяқталған жобалар бойынша аяқталу мерзімі немесе іске асырылып жатқан және іске асыруы жоспарланған жобалар бойынша жоспарланған аяқтау мерзімі көрсетіледі.
      "Жобаның іске асыру орны" бағанасында жоба іске асырылған/іске асырылып жатырған/іске асырылуы жоспарланған жердің мекен-жайы және елді мекені көрсетіледі.
      "Жобаның тиімділік көрсеткіші" бағанасында жобаны іске асыруға шығындардың және нәтижелердің ара қатысы көрсетіледі.
      "Жобаның өтелімділік мерзімі" бағанасында инвестициялар түрлендіретін кірістер инвестицияларға шығындарды жабу үшін керек уақыт кезені көрсетіледі (тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен тікелей ақша қаражатының ағындарын алуға әкеп соқпайтын жобаларды қоспағанда)
      "Нәтижелер" бағанасында мемлекеттік органның стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда).
      "Жобаның құны (мың теңге)" бағанасында бағанасында барлық қаржыландыру көздерін есепке алып жобаның жалпы құны көрсетіледі.
      "Қаржыландыру көзі (мың тенге)" бағанасында қаражат бөлінген/бөлініп отырған/бөлінетін шенберінде тиісті қаржыландыру көзі бағанасында қаражат көрсетіледі.
      "Ескертпе" бағанасында жобаның тиімділік және нәтижелер көрсеткіштеріне жеткібеген, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімі орындалмауы жағдайда олардың себептері және қабылданған шаралар көрсетіледі (республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасы Ұлттық фонд қаражаты қаржыландыру көздері болған жағдайда).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады