"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10390 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларында:
22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) қорғалған қосалқы командалық басқару пункттерін ұстау және оның жұмыс істеуі;";
23) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қорғалған қосалқы командалық басқару пунктін күзетуді және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;";
10-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
11-тармақтың 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;
2) төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, жұмыстардың ахуалы және оны жүргізу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;";
12-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. ҰҰ Бас қолбасшысының тиісті өкімін беру ҰҰ әскерлерін басқару орталығының жедел кезекшілері және ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшілері арқылы жүргізіледі.
17. Жедел бағынысқа берілген бөлімше командирі күн сайын ҰҰ Бас қолбасшысына және ТЖК төрағасына атқарылған іс-шаралар туралы ҰҰ әскерлерін басқару орталығының және ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшілері арқылы баяндайды.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ҰҰ Бас қолбасшысының тиісті өкімін беру ҰҰ әскерлерін басқару орталығының жедел кезекшілері және ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшілері арқылы жүргізіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жедел бағынысқа берілген бөлімше командирі атқарылған іс-шаралар туралы ҰҰ Бас қолбасшысына және ТЖК төрағасына ҰҰ әскерлерін басқару орталығының және ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшілері арқылы баяндайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |