Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қыркүйекте № 14263 болып тіркелді.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 20-1) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;";

      20-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2017 № 170 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      Н. Айдапкелов _______________

      2016 жылғы 26 тамыз




Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2016 жылғы 8 тамыздағы

№ 188 қаулысына


1-қосымша


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 75 қаулысына


20-1-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп

      Есепті күн: 20__жылғы "___"________

      ________________________________________

      (банктің атауы)

      Индекс: 1-BVU_LCR

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: екiншi деңгейдегі банк

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кеш емес.

      Нысан

      (мың теңгемен)


Баптар атауы


Пайызбен есепке алу коэффициенті


Есепке сомасы



1


2


3


4


Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер


1


Қолма-қол ақша


100



2


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер




3


Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар, оның ішінде:


100



3.1


Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік берген бағалы қағаздар


100



3.2


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен шет мемлекеттердің орталық банктері кепілдік берген бағалы қағаздар


100



3.3


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген бағалы қағаздар


100



3.4


Қазақстан Республикасының Үкiметiне берілген қарыздар


100



3.5


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар


100



3.6


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерiне берілген қарыздар


100



3.7


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар


100



3.8


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар


100



3.9


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар


100



3.10


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


100



3.11


Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі


100



3.12


Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


100



3.13


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар


100



3.14


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


100



4


0 (нөл) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген жағдайда, шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiнің және шет мемлекеттердің орталық банктерінің тиісті елдердің валютасында номинирленген бағалы қағаздары


100




Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер


5


Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған, 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін бағалы қағаздар, оның ішінде:


85




5.1


Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына берілген қарыздар


85



5.2


Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының дебиторлық берешегі


85



5.3


Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар


85



6


Шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар, оның ішінде:


85



6.1


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен шет мемлекеттердің орталық банктері кепілдік берген бағалы қағаздар


85



6.2


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары кепілдік берген бағалы қағаздар


85



6.3


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген бағалы қағаздар


85



6.4


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар


85



6.5


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар


85



6.6


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар


85



6.7


Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергiлiктi билік органдарына берілген қарыздар


85



6.8


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар


85



6.9


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар


85



6.10


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар


85



6.11


Standard & Poor's агенттiгiнiң "А+"-тан "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар


85



6.12


Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергiлiктi билік органдары шығарған бағалы қағаздар


85



7


Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар қаржылық емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар


85




8


Банктің міндеттемесі болып табылмайтын, Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-" төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ипотекалық бағалы қағаздар


85




Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның әкетілуі


9


Тұрақты депозиттер


5




10


Тұрақтылығы төмен депозиттер


10




Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі


11


Толық көлемі баламасында Америка Құрама Штаттарының 1 (бір) миллион долларынан аспайтын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын қаржылық емес ұйымдар орналастырған салымдар


10




12


Клирингтік, кастодиандық қызметпен, өтімділікті басқару қызметімен байланысты салымдар


25




13


Қаржылық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің, шет мемлекеттердің орталық банктерінің, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарының депозиттері


40




14


Өзге заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелер, оның ішінде шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер


100




Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі


15


Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер


0



16


Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер


0



17


Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер


15



18


20 (жиырма) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтермен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелер


25



19


Өзге қамтамасыз етілген міндеттемелер


100



Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі


20


Банктің ағымдағы рейтингісінен 1 (бір), 2 (екі) не 3 (үш) сатыға дейін төмендеген кезде шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік толық көлемде


100



21


Туынды қаржы құралдары немесе өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеру кезінде өтімділіктегі қосымша қажеттілік


Алдыңғы 12 (он екі) айдағы ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі



22


Туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде өтімділіктегі қосымша қажеттілік (бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтерді қоспағанда)


20



23


Кез келген уақытта қайтарып алу көзделген туынды қаржы құралдары бойынша позицияны қолдауға байланысты банк ұстап қалатын қамтамасыз етудің асып кету мөлшері


100



24


Егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің талап етуі бойынша банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік


100



25


Қамтамасыз етуді сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру мүмкіндігімен байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік


100



26


Активтер бойынша, оның ішінде банк шығарған және өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша (оның ішінде ипотекалық бағалы қағаздар бойынша) ақшаның әкетілуі


100



27


Активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі


100



28


Жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі


5



29


Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі


10



30


Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі


30



31


Басқа банктерге берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі


40



32


Банктер болып табылмайтын қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі


40



33


Банктер болып табылмайтын өзге қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі


100



34


Өзге заңды тұлғаларға берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі (оның ішінде банктің еншілес арнайы ұйымдары)


100



35


Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты міндеттемелер (факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізуге байланысты кепілдіктер мен кепілдемелер, аккредитивтер бойынша)


5



36


Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты емес кепілдіктер мен кепілдемелер, аккредитивтер бойынша міндеттемелер


10



37


9-36-жолдарға енгізілмеген міндеттемелер бойынша өзге де ақшаның әкетілуі


100



Ақшаның келуі


38


Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары


0




39


Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары


15




40


Сапасы жоғары өтімді активтерге жатпайтын активтерді қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған қарыздар


50



41


Өзге активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары


100




42


Басқа банктер берген кредиттік желілер, өтімділік желілері


0




43


Басқа қаржы ұйымдарындағы клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар


0




44


Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, оның ішінде мыналарға берілген кредиттер бойынша ақшаның келуі:





44.1


жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне


50




44.2


қаржылық емес ұйымдарға


50




44.3


қаржы ұйымдарына


100




45


Туынды қаржы құралдары бойынша нетто ақшаның келуі


100




46


Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде ақшаның келуі күтілетін шарттар бойынша операциялардан түсетін өзге де ақшаның келуі


100




47


Сапасы жоғары өтімді активтер


Х




48


Өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражатының нетто әкетілуі


Х




49


Өтімділікті өтеу коэффициенті (пайыздық мәнінде)


Х




      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға)

      ______________________________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер

      ______________________________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы __________ __________________ _______________ ________________

      лауазымы тегі, аты, әкесінің аты қолы телефон нөмірі

      (бар болса)

      Есепке қол қойылған күні 20___жылғы "_____"_____________

      Мөр орны (бар болса)

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

      Өтімділікті өтеу коэффициентінің

      талдамасы туралы есептің нысанына қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екiншi деңгейдегі банктер 2016 жылдың 30 тамыздан бастап ай сайын жасайды және есепті күндегі жағдай бойынша толтырады. Айдың соңғы жұмыс күні есепті күн болып саналады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

      5. 2016 жылғы 30 тамыз – 2017 жылғы 30 маусым аралығындағы кезең ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылғаннан кейін Нысаннан толық емес және (немесе) дәйексіз ақпарат анықталған жағдайда, екiншi деңгейдегi банк есептіліктегі қателер туралы ақпаратты қоса бере отырып, уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді, бұл ретте пысықталған есептілікті ұсыну талап етілмейді.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына (бұдан әрі – Нормативтік мәндер) сәйкес толтырылады.

      7. Банктің сапасы жоғары өтімді активтері Нормативтік мәндердің 71-тармағында белгіленген операциялық талаптар ескеріле отырып және Нормативтік мәндердің 12-қосымшасында белгіленген есепке алу коэффициенттері қолданыла отырып есепті күндегі жағдай бойынша есептеледі.

      8. Ақшаның әкетілуі (келуі) Нормативтік мәндердің 13-қосымшасында белгіленген әкетілу (келу) коэффициенттері қолданыла отырып есепті күннен кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі ақшаның әкетілу (келу) сомасы ретінде есептеледі.

      9. Нысанды толтыру кезінде 47-жолда бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер бойынша деректер жинақталады.

      10. Нысанды толтыру кезінде 48-жолда есептеу Нормативтік мәндердің 74-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      11. Нысанды толтыру кезінде 49-жолда сапасы жоғары өтімді активтердің кейінгі күнтізбелік ай ішіндегі банктің операциялары бойынша ақша қаражатының нетто әкетілуіне пайыздық көрінісіндегі қатынасы көрсетіледі.

      12. Нысанды толтыру кезінде 4-бағанда 2-бағандағы баптардың атаулары бойынша сомалар 3-бағанда белгіленген есепке алу коэффициенттері қолданыла отырып есепті күннен кейінгі күнтізбелік айы үшін көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2016 жылғы 8 тамыздағы

№ 188 қаулысына


2-қосымша





Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2017 № 170 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады