"Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 622 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 қазанда № 14278 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары бекітілсін.";
      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
 

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі

Ж. Қасымбек

   

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 28 тамыз
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 29 тамыз
 


Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 22 тамыздағы
№ 622 бұйрығына
қосымша


Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 166 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау
қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-19) тармақшасына сәйкес жасалды және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау (бұдан әрі – шығыстар) тәртібін айқындайды.
      2. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;
      2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін жаңғыртуды, күтіп-ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.
 

2-бөлім. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау
тәртібі

1-параграф. Субсидия мөлшерін анықтау

      3. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы айқындайтын шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын ашық тендер негізінде өтетін конкурс нәтижесі бойынша айқындалған тасымалдаушының шығыстары жатады.
      4. Облысаралық қатынастар уәкілетті органдармен, ал ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңы қатынастары – жергілікті өкілдер және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық атқарушы органдармен айқындалады.
      5. Тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарын есепке ала отырып облысаралық қатынастардағы шығыстарды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома мөлшерінде субсидияланады.
      6. Тасымалдаушының ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды тиісті жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде субсидияланады.
      7. Шығыстарын субсидиялаудың жалпы сомасы Заңның 14-бабы 2-тармағы 34-23) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген жыл сайынғы тиісті бюджетте қарастырылады.
      8. Табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12022 болып тіркелген) Магистральдық теміржол желісінің және концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларына сәйкес тасымалдаушылар үшін тиісті жылға субсидиялауға бөлінген көлемдегі мемлекеттік бюджетті есепке ала отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициенттін белгілейді.
      9. Пойыздардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы пойыздардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің көлемділігі уәкілетті және атқарушы органдарымен айқындалады.
      10. Жолаушылар поездарының құрамдарында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың, сонымен қатар жолаушылар поездарының қатынауын (эксплуатацияны) қамтамасыз ету үшін қажет технологиялық вагондардың қатынастарын қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға мемлекеттік орган осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жыл сайын белгіленген тәртіпте магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, мөлшерлемелерге, алымдарға) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен көзделген мөлшерде уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.
      11. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін тиісті бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.
      12. Ұзақ мерзімді субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті бекітілген бюджетке сәйкес келетін деңгей шегінде жолаушылар поездарының қатынауын қамтамасыз ету үшін технологиялық қажет вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.
      13. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері жатады:
      1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;
      2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, поездарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстары;
      3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;
      4) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдауында тартылған вагондарды жалға алу шығыстары;
      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 июня № 497 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды республикалық бюджеттен субсидиялау жағдайын қоспағанда (негізгі борыштарды өтеу және қарызға қызмет көрсетуге шығындар) қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды енгізе отырып сатып алуға арналған шығыстар.
      14. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, жолаушылар ағынына байланысты шартқа қосымша келісім жасау арқылы вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне сәйкес субсидиялар көлемін қайта қарауға жол береді.
      Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарты (бұдан әрі – шарт) бойынша бір вагон-километрге субсидия көлемін пропорционалды айқындау және оны тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, вагондардың жүрісінің өзгерісін ескере отырып шартқа сәйкес вагон-километр көлеміне көбейту айқындау жолымен есептеледі.
 

2-параграф. Субсидия төлеу шарттары

      15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.
      Қаржыландыру жоспары субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе оператормен келісу бойыншға уәкілетті органмен бекітіледі.
      16. Ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдері жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      17. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.
      18. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген расталған есептік құжаттамамен жасалған шартқа сәйкес тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.
      19. Шартқа сәйкес жылдық субсидиялау сомасынан 25%-ға дейінгі мөлшерде төлемақы көзделеді.
      20. Тасымалдаушы ай сайын есептіден кейінгі айдың 25-ші күніне дейінгі мерзімде уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органға басшысымен, бас бухгалтерімен қолдарын қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша осы тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруші түсіндірме жазбаны Ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есеп.
      Сонымен қатар, субсидияланатын шығыстарды анықтау осы тармақта көрсетілген есептерде ұсынылған тасымалдаушының субсидияланатын шығыстар баптарына іспеттес тасымалдаушының жалпы шығыстарына және вагон жүрісінің жалпы көлеміне пропорционалды жүзеге асырылады;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін;
      3) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүріп тұратын поездарда вагондардың болуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжатын;
      4) қатынастар бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын үлгілер бойынша вагондарда тасымалданған жолаушылар саны, вагон айналымы, жолаушылар айналымы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаттарын;
      5) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторын локомотивтік тарту операторы арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
      6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімі;
      7) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланған бағыттардың тізілімі;
      8) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауы кезінде тартылған вагондарды олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық көрсетуді вагондарды сатып алу және оларды күтіп-ұстау, жалға берудің техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеудің жоспарлы түрлері қосылған шығыстарын растайтын құжаттар.
      21. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша олардың техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу түрлерін енгізе отырып жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды сатып алуға, жалға алуға және күтіп-ұстауға шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      1) жасалған шартта көрсетілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 көлемінде вагондарға техникалық қызмет көрсету, тасымалдаушы мен жөндеу жұмыстары бойынша жүзеге асыратын (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу жұмыстары, тиімді пайдалану мерзімін ұзарту күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және күрделі қалпына келтіру жөндеу жұмыстары) және ұйым әр айға бірінші күніне беру кезеңінде арасында өзара есеп айырысу салыстыру актісі;
      2) шартта көрсетілген вагондарды жалға беру бойынша көрсетілетін қызметтердің тасымалдаушы мен ұйым арасында есептілік кезеңінде есеп айырысу әр айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін;
      3) вагондарды сатып алу және күтіп ұстауға, жалға беру шығыстары бойынша шот-фактуралар, есептелген амортизация ведомосты және оны есептік кезеңіндегі шығыстарға жатуы, электроэнергия және дизельді жанармай шығыстары бойынша орындалған жұмыстар актісі және шот-фактуралар;
      4) вагондарды сатып алынған ұйымнан төлем шоттарын (субсидияланған сомасын тасымалдаушының есебіне аударылғаннан кейін) 7 банкт күн ішінде ұсынысы вагондарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
      5) кредит шарттарының көшірмелерін және қаржы лизинг туралы шарттарын сатып алынатын вагондарды ай сайынғы төлем кестесімен қоса беріліп отырған қосымшаларды жасауға шаралары бойынша ұсынылған қосымша шегінде куәләндырылған;
      6) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шығыстарды растайтын өзге де құжаттар.
      22. Уәкілетті немесе республикалық маңызы бар қалалар, облыстар, астаналардың жергілікті атқарушы органдармен 15 күнтізбелік күні ішінде осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген тасымалдаушы құжаттарын ұсынған күннен бастап, орындалған жұмыстары актілеріне қол қойылады және есептік кезеңіне шығыстардың тізілімі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес және төлем шотымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынылады.
 


Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылар шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
Қағидаларға
1-қосымша


Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды орындау
туралы ай сайынғы есеп 20 __ жылғы _________

Кезең
 

(ай)
 

Пойыздың
 


 

Қатынас
 
 

Ара қашықтық,
 

км.
 

Қатынау жиелігі
 

Вагон типі
 

Вагондардың азаймайтын
 

жүрген жолы мың.ваг/км
 

Вагондардың жүрісі,
 

мың.ваг/км
 

Жолаушылар айналымы
 

мың.жол.
 

км
 

Тасымалданған жолаушылар, мың. адам
 

Халық саны, адам/
 

вагон
 

Тасымалдау шығындары, мың.теңге
 

Шығындардың барлығы
 

мың.тг.
 

МТЖЖ қызмет
 

локомо
 

тивпен тарту қызметі
 

вагондарды жалдау
 

вагондарды сатып алу
 

вагондарды ұстау
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

9
 

10
 

11
 

12
 

13
 

      Басшы
      Бас бухгалтер
      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылар шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау


Қағидасына
2-қосымша


Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың
орындалуы туралы жыл басынан өсу бойынша есеп 20 __ жылғы ____________

Кезең
 

Пойыздың №
 

Қатынас
 

Ара қашықтық
 

км.
 

Кезеңмен қатынау
 

Вагон типі
 

Вагондардың азаймайтын
 

жүрген жолы мың.ваг/км
 

Вагондардың жүрген жолы,
 

мың.ваг/км
 

Жолаушылар айналымы
 

мың.жол.
 

км
 

Жолаушылардың тасымалдануы, мың. адам
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 

9
 

10
 

      Кестенің жалғасы
 

Тасымалдау жөніндегі шығындар, мың.теңге
 

Шығындардың барлығы мың.тг.
 

Ұзақ мерзімді шығындардың субсидиялау
 

көлемдері, мың.теңге
 

МТЖЖ қызметі
 

локомотивпен тарту қызметіне
 

вагондарды жалдау
 
 

вагондарды сатып алу
 

вагондарды дұрыс ұстау
 

Жыл басынан төленген субсидия
 

субсидиялауға жатады
 

11
 

12
 

13
 

14
 

      Басшы
      Бас бухгалтер Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылар шығыстарын
ұзақ мерзімді субсидиялау
Қағидасына
3-қосымша


Нысан

Орындалған жұмыстар актісі

      20___жыл "____"________
      Біз, төменде қол қойып отырғандар ____________________________________________
      (қолы, акт қабылдауға жауапты басшының аты-жөні (бар болған жағдайда))
      Бір тараптан _______________________________________________________________
      (қолы, басшының, бас бухгалтердің аты-жөні(бар болған жағдайда))
      ________________ 20___жылы екінші тараптан осы орындалған жұмыстар актісін жасап
 

Пойыз №
 

Қатынау күндерінің саны
 

Вагоның типі
 

Вагон айналымы, мың.ваг-км
 

Азаймайтын вагон айналымы, мың.ваг-км
 

Субсидиялау сомасы (мың.теңге)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 



Купе
 




Плацкарт
 



Жалпы
 



Қызмет-техникалық
 



электрпоезд
 



дизельпоезд
 




БАРЛЫҒЫ
 




       20 ___ жылғы _______________ субсидиялау сомасы
      _____________________________________________________________ құрайды
      (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
      Тараптардың заңды мекен-жайы:
      Уәкілетті орган:                  Тасымалдаушы:
      БЖН                              БЖН
      Банк реквизиттері                  Банк реквизиттері
      _________________                  ___________________
      (қолы, басшыңың аты-жөні            (қолы, басшының аты-жөні
      (бар болған жағдайда))            (бар болған жағдайда))
      _________________________      _____________________________
      (қолы, акт қабылдауға            (қолы, бас бухгалтердің аты-жөні
      жауапты басшының аты-жөні      (бар болған жағдайда))
      (бар болған жағдайда))
      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылар
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Қағидасына
4-қосымша
Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушыларының
жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушылар
шығындарының тізілімі
__________ айы _________ жылы
(тасымалдаушының атауы)

Кезең
 

Шығындардың атауы
 

Шығындар құжаты
 

Шығындар құжатының сомасы
 

мың.теңге
 

Вагондардың жалпы жүрісі мың.ваг/км
 

Субсидиялау вагондар бойынша жүрісі мың.ваг/км
 

Субсидиялау вагондар бойынша шығындар сомасы, мың.теңге
 

      Басшы                                     Бас бухгалтер
      ________________________                   ___________________
      Қолы аты-жөні                               Қолы аты-жөні
      (бар болған жағдайда)                         (бар болған жағдайда)
 


Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылар
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау Қағидасына
5-қосымша
Нысан

Субсидиялау маршруттарының тізілімі

      "___"______________20___ жыл
 

№ п/п
 

Пойыздың №
 

Жөнелту станцасы
 

Жету станцасы
 

Субсидиялау сомасы (мың.теңге)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

      Субсидиялау сомасының барлығы:
      __________________________________________________________________________
      (сомасы санмен және сөзбен теңгеде жазылады)
      Осы тізілімге қоса беріліп отыр:
      1. _______________________________
      2. _______________________________
      3. _______________________________
      Тараптардың заңды мекен-жайы:
      Уәкілетті орган:                  Тасымалдаушы:
      БЖН                              БЖН
      Банк реквизиттері                  Банк реквизиттері
      _________________                  ___________________
      (қолы, басшыңың аты-жөні            (қолы, басшының аты-жөні
      (бар болған жағдайда))            (бар болған жағдайда))
      _________________________      _____________________________
      (қолы, акт қабылдауға            (қолы, бас бухгалтердің аты-жөні
      жауапты басшының аты-жөні      (бар болған жағдайда))
      (бар болған жағдайда))
      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады