Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 қазанда № 14316 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда жариялануға жататын мәліметтердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
      қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы       Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 6 қазандағы   
№ 3 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда жариялануға жататын
мәліметтердің тізбесі

      1. Мемлекеттік немесе басқа тіркеуге жататын жеке меншіктегі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жылжымайтын мүліктердің болуы туралы мәлімет _______________________________________________;
                               (мүлік түрі, аумағы)
      2. Мемлекеттік тіркеуге жататын жеке меншіктегі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс механикалық көлік құралдардың және/немесе тіркемелердің болуы туралы мәлімет______________________
____________________________________________________________________;
     (көлік құралының түрі, маркасы, моделі, шығарылған жылы)
      3. Төлем көзіне салық салынбайтын табыстардың жалпы сомасы туралы мәлімет _____________________________________________________;
        (мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің табысы, басқа да табыстар)
      4. Төлем көзіне салық салынатын табыстардың жалпы сомасы туралы мәлімет _________________________________________________________.

Ескерту. Жылжымайтын мүліктер, жылжитын мүліктің тіркеу мәліметтері және т.б. тұрғылықты жерін, пошталық мекен-жайын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жариялауға жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады