"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған жариялануға жататын мәліметтер тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 3 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 10 қазанда № 14316 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Жұмағали |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрыққа қосымша |
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі.
р/с № | Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ақпарат | Жариялануға жататын мәліметтер |
1 | 2 | 3 |
1 | Декларациялауға жататын кірістерін қоспағанда, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер туралы ақпарат | жалпы сома |
2 | Есептік салық кезеңі ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алу және (немесе) өтеусіз алынған мүлік (оның ішінде ақша) туралы ақпарат |
1) мүліктің түрі; |
3 | Есепті салық кезеңі ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз берілген мүлік (туралы ақпарат |
1) мүліктің түрі; |
4 | Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша туралы ақпарат |
1) Ақшаның валютамен көрсетілген сомасы; |
5 |
Есептік салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлік туралы ақпарат: |
1) мүліктің түрі; |