Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 1 қарашада № 14382 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының

      2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі

      № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 221 бұйрығымен
бекітілді

Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы
әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін
есептеу әдістемесі
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқау шеңберінде қалыптастырылған ресми статистикалық ақпаратты пайдалана отырып орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін есептеу әдісін белгілейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қолданады.

      3. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қауымдастықтың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік Банкі дайындаған "Тұтыну бағаларының индексі жөніндегі нұсқау: теория және тәжірибе" (2004 жыл) стандарттары мен ұсынымдарын есепке ала отырып әзірленген.

      4. Халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің уақытқа қарай өзгерісін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің (бұдан әрі – ТБИ) ақпараттық ағындары негізінде базалық халықтың түрлі ішкі топтарына жататын бірқатар туынды баға индекстері есептеледі. Оларды құрастыру ақшалай табыстар деңгейінің саралануына байланысты халықтың түрлі топтарының тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну құрылымындағы өзгешеліктің болуына негізделген.

      Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексі (бұдан әрі – халық топтары үшін баға индексі) ақшалай табыстары және тұтыну құрылымы әртүрлі деңгейдегі халықтың нақты топтары үшін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өзгеруін сипаттайды. Халық топтары үшін баға индексін есептеу мақсатында олардың өсуіне қарай сараланып тұтынуға жұмсалған бірқатар табыстардың децильдік бөлінісінен ең төмен және ең жоғары табыстары бар халық топтары таңдалған.

      Қалыптастырылады:

      1) ақшалай табысы ең төмен халықтың топтарына арналған бағалар индексі;

      2) ақшалай табысы ең жоғары халықтың топтарына арналған бағалар индексі.

      5. Халық топтары үшін баға индексін есептеу кезінде ТБИ құрастырудың келесі стандарттары сақталады:

      1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өзгеруі сауда нүктелерінің және қызмет көрсету объектілерінің іріктемелі жиынтығын бағалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған және ТБИ-де ескерілген өзгеріске сәйкес келеді;

      2) халық топтарына байланысты сараланған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы ТБИ тұтыну қоржынынан іріктемені көрсетеді;

      3) салмақтау сызбасы баға индексіне енгізілген шығындардың баптары бойынша ең аз және ең көп табыстары бар халықтың тұтыну шығыстарының құрылымын көрсетеді;

      4) агрегатталған статистикалық көрсеткіштерді есептеу Ласпейрестің түрлендiрiлген формуласы бойынша жүзеге асырылады;

      5) өткен жылғы тиісті кезеңдерге қатысты баға индекстерін есептеу бірыңғай базистік кезеңге индекстердің серпінділік қатары арқылы базистік әдіспен жүргізіледі.

      6. Халық топтары үшін баға индексі әлеуметтік-экономикалық талдау мақсатында қолданылады.

2-бөлім. Ақпараттық ағындар, тауарлар мен көрсетілетін
қызметтер жиынтығы, салмақтық құрауыштар

      7. Халық топтары үшін баға индексін есептеуде келесі ақпараттық ағындар:

      1) үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері;

      2) ТБИ есептеу үшін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау нәтижелері қолданылады.

      Олардың негізінде индекске енетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы, олардың салмақтық құрауыштары және тиісті тауар ұстанымы бойынша бағаның жеке өзгеруі анықталады.

      Халық топтары үшін баға индексі өңірлер бойынша және орташа алғанда республика бойынша қалыптастырылады. Өңірлік баға индекстері өңірлердің тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне және тиісті халық топтарының тұтыну құрылымына бағаның өзгеруін есепке алады. Республика бойынша халық топтары үшін баға индексі тұтыну тауарларына және зерттелетін өңірлердің қызметтеріне баға өзгеруінен орташа салмақталған баға ретінде анықталады.

      8. Тұтынуға жұмсалған табыс шығыстар базасы мен жеке қосалқы шаруашылықтан алынған өнімнің тұтыну құны негізінде есептеліп алынған ақшалай табыстың сомасын көрсетеді.

      Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ақшалай шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Тұтыну шығыстары азық-түлік тауарларын, алкогольді ішімдіктерді, темекі өнімдерін сатып алу, үйден тыс тамақтану, азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем жасау шығыстарынан тұрады. Олардың құрамында іскерлік мақсат үшін сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығыстары, бағалы заттарды сатып алу, табыс салығын төлеу, әлеуметтік сақтандыру жарналары мен айыппұлдар ескерілмейді.

      Үй шаруашылықтары табыстарының жалпы көлемін халықтың тұрмыс деңгейіне байланысты топтар бойынша бөлгенде орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың өсуіне қарай жеке бюджеттерді бөлу әдісі қолданылады. Сараланған қатар он тең топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы зерттелетін тұрғындардың жалпы санынан 10 пайызын қамтиды. Бірінші децильді топ ең төмен ақшалай табысы бар 10 пайыз халықты (бұдан әрі – бірінші децильді топ), екінші децильді топ – халықтың келесі 10 пайызын, ал оныншы децильді топ – ең жоғары ақшалай табыстары бар халықтың 10 пайызын (бұдан әрі – оныншы децильді топ) қамтиды.

      Децильді табыс топтары бойынша тұтыну шығысы және оның құрылымы қалыптастырылады.

      9. Халық топтары үшін баға индексін есептеуге арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы бірінші және оныншы децильді топқа жататын халықтың тұтыну шығыстарының құрылымы негізінде анықталады.

      Ең төмен және ең жоғары ақшалай табысы бар халық сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құрамының ерекшелігін ескеру үшін ТБИ тұтыну қоржынының жиынтығынан тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) жекелеген айқындамасы алынып тасталады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы өңірлер және республика бойынша халық топтары үшін баға индексін есептеуде бірыңғай болып табылады.

      10. Үй шаруашылықтарының шығыс баптарын (ұстанымдарын) бөлімдерге, топтарға, тауарлар (көрсетілетін қызметтер) кластарына бөлу иерархиялық жүйе шеңберінде мақсаттары бойынша жеке тұтынудың халықаралық жіктеуішіне (бұдан әрі – МЖТЖ) сәйкес және оларды үй шаруашылықтарының пайдалану бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер кластарын ішкі кластарға, түрлерге және ішкі түрлерге нақтылау үшін ведомстволық жіктеуіш мәртебесіне ие МЖТЖ тауарлар ұстанымдарының номенклатурасы қолданылады.

      11. Халық топтары үшін баға индексін есептеуге арналған тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) салмақтық құрауыштары бірінші және оныншы децильді топқа жататын халықтың тұтыну шығыстарының құрылымы негізінде анықталады. Әрбір шығын баптарының үлесі жалпы тұтыну шығыстарындағы оның салмағы болып табылады. Сараланған салмақтау сызбалары үй шаруашылықтарының тиісті топтарына тән тұтыну сипатын көрсетеді және республика мен өңірлер бойынша бірыңғай болып табылады.

      Салмақтау сызбасы жыл бойы тұрақты болып қалады. Оларды өзектендіру орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы әртүрлі деңгейдегі халық топтары бойынша үй шаруашылықтарының шығыстары туралы жылдық соңғы деректерді пайдалана отырып жылына бір рет жүзеге асырылады.

      12. Халық топтары үшін баға индексін есептеуге салмақтау сызбасын қалыптастыру ТБИ үшін салмақтау сызбасын әзірлеумен бір мезгілде жүзеге асырылады және оны қалыптастыру үшін әдіснамада айқындалған операциялардың сол тізбектілігімен жүргізіледі.

3-бөлім. Орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы
әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексін есептеу

      13. Халық топтары үшін баға индексін есептеу екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде тиісті индекстің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы үшін жеке баға индекстері анықталады. Екінші кезеңде жеке баға индекстерін агрегаттау жолымен анағұрлым жоғары деңгейдегі баға индекстері (агрегатталған индекстер) – түрлері, ішкі кластары, кластары, топтары, бөлімдері және тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) барлық жиынтығы бойынша есептеледі.

      Халық топтары үшін баға индексінің тиісті жиынтығының тауары, көрсетілетін қызметтері бойынша жеке баға индекстері ТБИ құру кезінде ескерілген біртекті тауар ұстанымы бойынша жеке баға индексіне теңестіріліп алынады.

      Агрегатталған баға индекстері түрлері, ішкі кластары, кластары, топтары, бөлімдері бойынша Ласпейрестің түрлендiрiлген формуласы бойынша жеке баға индекстерінің орташа салмақталған мәндері сияқты есептеледі, осыған сәйкес әрбір уақыт кезеңінде жеке баға индекстерінің өзгеруі тұрақты базистік салмақ арқылы салмақталады:





      мұнда:


t-1 кезеңімен салыстырғандағы t кезеңі үшін баға индексі;

t кезеңінің t-1 кезеңіне тауар (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша жеке баға индексі;

– салмақтау сызбасын құру үшін негіз ретінде пайдаланылатын базистік кезең бағаларындағы тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) құны;

– есепті кезеңдегі тауар (көрсетілетін қызмет) құны;

– өткен кезеңге тауар (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша жеке баға индекстерінің көбейтіндісі.

      14. Халық топтары үшін баға индексін есептеу келесі тізбекпен жүзеге асырылады:

      1) ақшалай табысы ең төмен халықтың топтарына арналған бағалар индексінің және ақшалай табысы ең жоғары халықтың топтарына арналған бағалар индексінің жиынтығына енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ТБИ-ға арналған массивтен біртекті тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепті айдың өткен айға жеке баға индекстері (баға салыстырымдары) табылады;

      2) тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепті айдың базистік жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы құрылымдық баға салыстырымдары, тауардың (көрсетілетін қызметтің) салмағы, базистік жылғы желтоқсанға баға салыстырымы және есепті айдың өткен айға баға салыстырымы ретінде есептеледі;

      3) тауар (көрсетілетін қызмет) түрі, ішкі класс, класс, топ, бөлім бойынша есепті айдың базистік жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы құрылымдық баға салыстырымдары оларға кіретін сома ретінде табылады, тиісінше барлық тауарлар (көрсетілетін қызметтер) жиынтығы үшін тауар ұстанымдары, түрлері, ішкі кластар, кластар, топтар және МЖТЖН он екі бөлімі кіреді;

      4) есепті айдың өткен айға, өткен жылғы желтоқсанға және базистік жылғы желтоқсанға түрлері, ішкі кластары, кластары, топтары, бөлімдері және барлық тауарлар (көрсетілетін қызметтер) жиынтығы бойынша агрегатталған баға салыстырымдары есептелінеді. Агрегатталған баға салыстырымдарын 100-ге көбейту жолымен баға индекстері анықталады;

      5) база ретінде белгіленген есептеу нүктесін немесе базалық кезеңі бар тізбекті серпінділік қатарын құру үшін айлық баға индекстерінің өзара "байланысын" (тіркемесін) көздейтін базистік әдіспен өткен жылғы тиісті кезеңге есепті айдың (айға, өспелі жиынмен кезеңге) баға индексін есептеу жүзеге асырылады.

      Өткен жылғы тиісті айға есепті жылдың айлық индекстерін есептеу есепті жылғы индекстік қатардағы айлық баға индекстерін өткен жылғы осы қатардағы айлық индекстерге бөлу арқылы жүзеге асырылады:



      мұнда:


есепті жылғы t айының баға индексі g-1 өткен жылғы тиісті айға;

индекстік қатардағы g есепті жылғы t айының баға индексі;

индекстік қатардағы g-1 өткен жылғы t айының баға индексі.

      Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелі жиынмен баға индекстері салыстырмалы кезеңнің индекстік қатарындағы айлық баға индекстерінің сомасын өткен жылғы айлық баға индекстерінің осыған ұқсас сомасына бөлу арқылы анықталады:



      мұнда:


– есепті жылғы қаңтар-желтоқсандағы баға индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

– индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан,..., желтоқсандағы баға индексі;

индекстік қатардағы өткен жылғы қаңтар, ақпан,..., желтоқсандағы баға индексі.

      Өткен тоқсанға бір тоқсандағы баға индекстері есепті тоқсанды анықтайтын индекстік қатардағы айлық баға индекстері сомасының өткен тоқсанның айлық баға индекстерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі:



      мұнда:


есепті жылғы екінші тоқсандағы баға индексі бірінші тоқсанға;

индекстік қатардағы есепті жылғы сәуір, мамыр, маусымдағы баға индексі;

индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурыздағы баға индексі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады