"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 9 тамыздағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 қарашада № 14415 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 "Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 148 (1964) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітлген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларына:
      3-1 тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі – қағаз немесе электронды құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
      2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – қағаз немесе электронды құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы);
      4-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлік комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрі - аумақтық органдар) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Автокөлік құралына Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат беру куәлігі және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтiнiш;
      2) автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);
      3) тахографты кезеңдік тексеру (инспекцияның) туралы куәліктің көшірмесін;
      4) Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені және мемлекеттік бажды төлегенің растайтын құжатты беру.
      Отандық тасымалдаушы өтініштің және ұсынылған құжаттарының дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етеді (мемлекеттік тіркеу белгісі,түрі, маркасы, көлік құралының моделі және шыққан күні).";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Аумақтық органдарымен рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу туралы өтінішін қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу туралы өтініші заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің аумақтық органдарымен тіркеу орны бойынша қарастырылады.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Аумақтық органдар рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден мынадай:
      1) отандық тасымалдаушылармен ұсынылған құжаттар немесе қамтылған деректер (мәліметтер) жалған болған жағдайда;
      2) осы Қағидаларда көзделген талаптарына сәйкес келмейтін отандық тасымалдаушы және (немесе) ұсынылған материалдар, деректер және мәліметтер.
      3) жүктерді (тасымалдау) қызметіне тыйым салу туралы тасымалдаушыға қатысты заңды күшіне енген соттың шешімі (үкім) болғаны негіздерде бас тартады.
      Отандық тасымалдаушыға рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы берілмеген жағдайда жазбаша түрде дәлелді жауабы ұсынылады.
      Отандық тасымалдаушыға дәлелді жауапты жолдау мерзімі өтінішті берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні.";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс қарайды.":
      18-тармағы алынып тасталсын;
      20- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы басқа отандық тасымалдаушыларға берілуге жатпайды.
      Автокөлік құралына қолданыстағы бір рұқсат карточкасынан артық болуы рұқсат етілмейді.";
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Қағаз нысанындағы рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы қатаң есептегі бланкі болып табылады, типографиялық әдіспен дайындалған нөмірі, есептік сериясы, кемінде үш қорғау дәрежесі болады.";
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Аумақтық органдар берілген Рұқсат және рұқсат карточкасын есепке алуды жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
      "24. Рұқсат және рұқсат карточкасы есепке алудың тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингі және көлік деректері ақпараттық-аналитикалық жүйесінде жүзеге асырылады.";
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы

Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________________ Д. Абаев
2016 жылғы 14 қыркүйек


      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 6 қазан




Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 9 тамыздағы
№ 598 бұйрығына
1-қосымшасы


Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыларға рұқсат беру
қағидаларына
3-қосымша


нысан

      ___________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
 

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға өтініш

      ____________________________________________________________________
       (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
      Қағаз жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).
      Электронды жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).
      Мынадай автокөлік құралдарына:
 


 

Автокөлік құралының маркасы
 

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
 

Ескертпе
 

















       ЖСН/БСН
      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама____________________________________________________________
       (№ және қашан берілген)
      Мекенжайы ____________________________________________________________________
       (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)
      Қоса берілетін құжаттар:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      __________________ _________________________________
       (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
      Мөрдің орны:
      20___ жылғы "____" __________
      20___ жылғы "____" __________ өтініш қарауға қабылданды
      ____________________________________________________________________
       (Мемлекеттік органның жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
 


Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 9 тамыздағы
№ 598 бұйрығына
2-қосымшасы


Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыларға рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша


нысан

      ___________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
 

Жаңа Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға өтініш

      ____________________________________________________________________
       (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
      Қағаз жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).
      Электронды жеткізгіште _________(егер Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы қағаз жеткізгіште алған жағдайда, Х белгісін қою керек).
      Мынадай автокөлік құралдарына:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгеруіне;
      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалуы, бүлініп қалуына (зақымдалуына);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстыруға;
      5) автокөлік құралын сатып алынған немесе жалға алынған (қажетінің астын сыз) байланысты жаңа Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруді өтінемін.
 


 

Автокөлік құралының маркасы
 

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
 

Ескертпе
 

















       ЖСН/БСН
      ____________________________________________________________________
      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама____________________________________________________________
       (№ және қашан берілген)
      Мекенжайы
      ____________________________________________________________________
       (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)
      Қоса берілетін құжаттар:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      __________________ _________________________________
       (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
      Мөрдің орны:
      20___ жылғы "____" __________
      20___ жылғы "____" __________ өтініш қарауға қабылданды
      ____________________________________________________________________
       (Мемлекеттік органның жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады