Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.10.2021 № 297 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10937 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңы (бұдан әрі – Заң) нормаларының қолданылу кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жеке меншікке сатуға рұқсат етілмейді.
1-2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну тәртібі мен рәсімдері Заңда көзделген ережелер мен шектеулерді ескере отырып осы Қағидалардың 4, 5, 6 және 7-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық электрондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
__________________ Д. Абаев
2016 жылғы 26 қазан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 24 қазан