"Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 562 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14427 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10762 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары*" деген 3-қосымшада:

      ескертпе ** мынадай редакцияда жазылсын:

      "** заттай нормалар, сондай-ақ:

      Жоғары Сот алқасының төрағасына, Жоғарғы Соттың судьяларына, Конституциялық Кеңестің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелеріне (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда), Конституциялық кеңес аппаратының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;";

      көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары" деген 4-қосымшада:

      ескертпе ** мынадай редакцияда жазылсын:

      ** заттай нормалар сондай-ақ:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Жоғарғы Соттың судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелеріне (лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда), Конституциялық кеңес аппаратының, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Бас прокуратураның, Президенттің Іс басқармасының басшыларына қолданылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады