Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты Басшысының 2016 жылғы 17 қазандағы № 3-3/71 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14432 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты Басшысының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 1-12/45 өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Жоғары Сот Кеңесінің аппараты Басшысының 09.12.2020 № 1-12/45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өкімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Ұйымдастыру бөлімі:

      1) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы өкім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен осы өкімді алған күннен бастап күнтүзбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы өкімнің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Ұйымдастыру бөліміне жүктелсін.

      4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Ә. Сабыров

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
аппараты басшысының
2016 жылғы 17 қазандағы
№ 3-3/71 өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының
қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының (бұдан әрі - Аппарат) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Аппараттың мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып есептеледі.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне Аппарат басшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәлік Аппараттың мемлекеттік қызметшісіне лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген, сондай-ақ тегін, атын немесе әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда беріледі.

      6. Қызметтік куәлікті беру Аппараттың Ұйымдастыру бөлімінің кадр мәселелері жөніндегі маманына (бұдан әрі – Кадр мәселелері жөніндегі маман) жүктеледі.

      7. Қызметтік куәлік беру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді беруді есепке алу журналына (бұдан әрі - Журнал) қол қойдыру арқылы жүргізіледі.

      Журнал нөмірленеді, бауланады, мөрмен бекітіледі және оған Кадр мәселелері жөніндегі маманның колы койылады. Журналға енгізілген қызметтік куәлікті беру нөмірі қызметтік куәлікте көрсетілген нөмірге сәйкес болады.

      8. Қызметке алғаш рет тағайындалған адамдар көлемі 3x4 см екі түрлі-түсті фотосуретті Кадр мәселелері жөніндегі маманға өткізеді, оның біреуі куәлікке, екіншісі – Журналға жапсырылады.

      9. Кадр мәселелері жөніндегі маман қызметтік куәліктердің болуын және осы Қағидалармен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді мерзімді негізде жүзеге асырады.

      Кадр мәселелері жөніндегі маман қызметтік куәлікті алғаш рет тапсырғанда оны алып жүру, сақтау, пайдалану және ауыстыру туралы нұсқау береді.

      10. Аппараттың мемлекеттік қызметшісі оған берілген қызметтік куәліктің сақталуын қамтамасыз етеді, оның басқа адамдарға берілмеуін, мақсатқа сай емес, жұмыстан тыс уақытта пайдалануына жол бермейді.

      11. Қызметтік куәлік осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда ауыстырылады.

      Қызметтік куәлікті ауыстыру еркін нысанда жазылған арыз негізінде жүзеге асырылады, онда ауыстыру себебі көрсетіледі. Аппараттың мемлекеттік қызметшісі тегін, атын не әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда арызға осы мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тіркеледі.

      Қызметтік куәлік ауыстырылған кезде, жоғалған жағдайларды есептемегенде, бұрын берілген куәлік Кадр мәселелері жөніндегі маманға қайтарылады.

      Қызметтік куәлігі жоғалған не бүлінген жағдайда Аппараттың мемлекеттік қызметшісі Аппарат басшысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай емес пайдаланудың әрбір фактісі бойынша Кадр қызметі мәселелері жөніндегі маман қызметтік тексеруді жүргізу туралы өкім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      13. Жоғалған қызметтік куәлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы Кадр қызметі мәселелері жөніндегі маман хабардар етіледі.

      14. Жұмыстан босатылған кезде Аппараттың мемлекеттік қызметшісі жұмыстан босатылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қызметтік куәлікті Кадр қызметі мәселелері жөніндегі маманға тапсырады.

      15. Жұмыстан босатылған не куәлік бүлінген кезде Аппараттың мемлекеттік қызметшілері тапсырған қызметтік куәліктер жою туралы еркін нысандағы тиісті акт жасала отырып, жылына бір рет жойылуға тиіс.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі
аппаратының қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      16. Қызметтік куәлік мұқабасы қою-көкшіл табиғи былғарыдан дайындалады, көлемі 6,5x18,5 см (жазылған қалпында).

      17. Қызметтік куәлік мұқабасының сырт жағында ортада алтын түcті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында баспахана қарпімен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ" деген жазу жасалған.

      18. Қызметтік куәліктердің жапсырмаларында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын нысаны қолданылған көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген.

      19. Қызметтік куәліктің жапсырмасының жоғарғы сол бөлігінде мемлекеттік тілде қызыл түспен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ" деген жазу орналастырылған. Мәтін қызыл түсті үзік жолақпен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазумен бөлектенеді.

      Жазудың астында сол жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы алтын түспен бейнеленген. Елтаңбаның жанында жоғарыда қызметтік куәліктің нөмірі және мемлекеттік тілде "КУӘЛІК" деген жазу, ортасында - Аппараттың мемлекеттік қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы мемлекеттік тілде көрсетіледі.

      Ішкі оң жағында төменгі шетінде қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).

      20. Қызметтік куәлік жапсырсының жоғарғы оң жақ бөлігінде орыс тілінде қызыл түспен "ВЫСШИЙ СУДЕБНЫЙ СОВЕТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу орналастырылған. Мәтін қызыл түсті үзік жолақпен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазумен бөлектенеді.

      Жазудың сол жақ төменінде фотосурет (қарсы қарап отырып құжат үшін түскен түрлі-түсті ресми фотосурет, көлемі 3x4 см) орналастырылады. Фотосуреттен оң жағында қарай жоғарыда "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген жазу жазылады, қызметтік куәліктің нөмірі, ортада - Аппараттың мемлекеттік қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы орыс тілінде көрсетіледі.

      Қызметтік куәліктің ішкі сол жағында төменде Аппарат басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесі
аппаратының қызметтік
куәлігін беру қағидаларына
және оның сипаттамасы
қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының
қызметтік куәлігін беруді есепке алу
журналы

Фотосурет

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(ол болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады