"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысының 2016 жылғы 17 қазандағы № 3-3/71 өкімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты Басшысының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 1-12/45 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 желтоқсанда № 21764 болып тіркелді

      1. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысының 2016 жылғы 17 қазандағы № 3-3/71 өкімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14432 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әкімшілік бөлімі:

      1) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы өкімнің Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әкімшілік бөліміне жүктелсін.

      4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы
А. Сабиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады