БҰЙЫРАМЫН:
1. "Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Қосылатын коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 6 тамыздағы № 805 Қаулысымен бекітілген "Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар" техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкес келтірілгеннен кейін байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылуы жүзеге асырылады. Көрсетілген техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкестігіне сертификаттау мақсатында қосылуы кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімде жүзеге асырылады.";
52-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) ЖАС-7 желілерінің жалпыарналық сигнал беруіне немесе SIP-T/SIP-I протоколдарына сәйкес сигналдық параметрлердің дұрыс таратылуын, оның ішінде байланыс операторының коммутациялық жабдығының (қоңыраудың толық жазбасы - Cal Detail Record) бастапқы жазбаларында болған жағдайда жергілікті, қалааралық және/немесе халықаралық шақыруын жасаған кезінде шақыратын абоненттің нөмірін (А абонентінің нөмірі) қамтамасыз етуді көздейтін шарт жасалады.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Берешекті өндіріп алу мақсатында байланыс операторларының осындай берешекті өтегенге дейін кіріс қалааралық және/немесе халықаралық трафикті шектеуіне жол беріледі.
Байланыс операторымен ЖАС-7 желілерінің жалпыарналық сигнал беруіне немесе SIP-T/SIP-I протоколдарына сәйкес сигналдық параметрлерді дұрыс таратпаған жағдайда, кіріс қалааралық және/немесе халықаралық трафиктің жекелеген нөмірлерін, оның ішінде өзінің желісіне трафик қабылдаған байланыс операторының коммутациялық жабдығының (қоңыраудың толық жазбасы - Cal Detail Record) бастапқы жазбаларында болған жағдайда жергілікті, қалааралық және/немесе халықаралық шақыруын жасаған кезінде шақыратын абоненттің нөмірін (А абонентінің нөмірі) шектеуіне жол беріледі.
Өзге жағдайларда соттың тиісті шешімінсіз байланыс операторларының кез келген түрдегі кіріс/транзиттік трафикті өткізуді шектеуіне жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ақпарат және коммуникациялар | |
Министрі | Д. Абаев |