Капиталмен жасалатын операциялар шотын құру бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 1 қарашадағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда № 14477 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Капиталмен жасалатын операциялар шотын құру бойынша әдістеме бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) мемлекеттік тіркелгеннен күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г. М. Керімханова) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы

Н.Айдапкелов



Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 1 қарашадағы
№ 254 бұйрығымен
бекітілді

Капиталмен жасалатын операциялар шотын құру бойынша әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Капиталмен жасалатын операциялар шотын құру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес капиталмен жасалатын операциялар шотын құруда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесінің мақсаттары үшін қолданылады.
      3. Осы Әдістеменің мақсаты капиталмен жасалатын операциялар шотын құру рәсімін суреттеу, қаржылық емес активтерді бағалау үшін қолданылатын негізгі деректерді сипаттау және макроэкномикалық көрсеткіштердің сапасын арттыру болып табылады.
      4. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі қолданылды.
      5. Осы Әдістемеде негізгі анықтамалар колданылады:
      1) капиталдық трансферттер – өтеусіз трансферттер, онда трансфертті жүзеге асырушы тарап активті беру (қолма-қол ақшалай құралдар мен материалдық айналым құралдарынан басқа) немесе қаржылық талапты өтеу (дебиторлық қарыздан басқа) арқылы тиісті ресурстарды қолданады, трансфертті алушы тарап кейбір активті алуға міндетті (қолма-қол ақшалай құралдардан басқа) немесе екі шартты қолданады;
      2) құндылықтар – көпшілігінде өндіріс немесе тұтыну мақсатында қолданылмайтын, бірақ кейбір уақыт аралығында запастар құны ретінде сақталатын айтарлықтай құнды өндірілген тауарлар;
      3) материалдық айналым құралдары запастарының өзгерісі – қорлардың шығып қалудағы құнын шегергендегі және есепті кезең ішінде материалдық айналым құралдары запастарында болған тауарлардың кез келген ағымдағы шығасыларының құнын шегергендегі материалдық айналым құралдары запастарындағы түсімдердің құны;
      4) негізгі капиталдың жалпы жинақталуы (бұдан әрі – НКЖЖ) – өндірушілердің болашақта жаңа табысты қалыптастыру үшін өндірісте қолданатын негізгі құралдардың шығып қалуын шегергендегі жаңа және қолда бар құралдардың сатып алған құны;
      5) негізгі қорлар – өндіріс үдерісінде бір жылдан артық бірнеше рет немесе үздіксіз қолданылатын өндірілген активтер;
      6) негізгі капиталды тұтыну – өндірушіге тиесілі және ол қолданатын негізгі қорлар запасының физикалық тозу, нормалық моральді тозу және кездейсоқ зақымдану нәтижесінде есепті кезеңде ағымдық құнының азаюы;
      7) өндірілмеген қаржылық емес активтер – өндірістік үдерістердің нәтижесі болып табылмайтын активтер (табиғи ресурстар, келісімшарттар, жалға алу шарты және лицензиялар, алынған гудвиллдер және маркетингілік активтер).
 

2-тарау. Капиталмен жасалатын операциялар
шотының әдіснамалық негізі

      6. Капиталмен жасалатын операциялар шоты (бұдан әрі – Шот) ұстаушылары институционалды бірліктер болып табылатын активтер құнының өзгерісі көрсетілетін төрт шоттың бірі. Шотта қаржылық емес активтермен жасалатын операциялар көрсетіледі.
      7. Капиталмен жасалатын операциялар шотының құрылымы осы Әдістемеге қосымшада ұсынылған.
      8. Шоттың оң жағында активтерді жинақтау үшін ресурстар көрсетіледі. Олар таза жинақтаудан – табысты қолдану шоты мен капиталдық трансферттер шотынан өткізілген теңгерімделінетін баптан тұрады.
      9. Жинақтау мен капиталдық трансферттер бірге жалпы ішкі өнімнің элементі ретінде жинақтау формасы және қаржылық емес активтерді сатып алу үшін экономикада қанша ресурс барын және өндірілмеген қаржылық емес активтердің барын көрсетеді. Бұл сомма жинақтау және капиталдық трансферттер нәтижесінде капиталдың таза құнындағы өзгеріс деп аталатын жеке агрегат ретінде көрсетіледі.
      10. Қолдану шотының сол жағында қаржылық емес активтерге әр түрлі инвестициялар және негізгі капиталды тұтыну көрсетіледі.
 

3-тарау. Капиталмен жасалатын операциялар шотын қалыптастыру

      11. Шотта келесі баптар бойынша қаржылық емес активтермен жасалатын операциялар көрсетіледі:
      1) негізгі капиталдың жалпы жинақталуы;
      2) негізгі капиталды тұтыну;
      3) материалдық айналым құралдары запастарының өзгерісі;
      4) шығып қалуды алып тастағанда құндылықтарды сатып алу;
      5) шығып қалуды алып тастағанда өндірілмеген активтерді сатып алу.
      12. Негізгі қорларды сатып алу (шегеру), институционалды резидент-бірліктердің негізгі капиталға инвестициялары, негізгі қорға жататын өнімдердің өндірісі, экспорты және импорты бойынша ресми статистикалық ақпарат НКЖЖ-ды бағалау үшін дереккөзі болып табылады. Актив типтері және экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі қорларды нақтылау статистикалық деректердің бар болуына байланысты.
      13. Негізгі капиталды тұтыну құндылықтардан басқа (бағалы металдар, тастар) өндірушінің жеке меншігіндегі барлық негізгі қорларға қатысты есептеледі. Негізгі капиталды тұтынуға келісімшарттар, жалға алу шарты және лицензиялар, жер, минералдар және тағы басқа қазбалар, көмір, мұнай, табиғи газ сияқты табиғи активтердің тозуы мен құлдырауы кірмейді.
      14. Физикалық тозу және жаңа негізгі қорлардың пайда болуы нәтижесінде активтердің құны түседі. Автожолдар мен темір жолдар желісін қосқанда көптеген имараттар олардың моральді ескіруіне байланысты алып тастау мен құлатуға жатады. Негізгі капиталды тұтыну мемлекеттік басқарау органдары бірліктерінің жеке меншігіндегі барлық ғимараттар, машиналар және құрылғылар түрлеріне есептеледі.
      15. Негізгі капиталды тұтыну өндіріс жүзеге асырылған кезеңдегі ондағы ресурстарға шығындар мен сәйкес сұранысты сипаттайды. Негізгі капиталды тұтыну нақты немесе шартты есептелінген бағаларды және оларды сатып алғандағы емес, ал басым болған кезеңдегі негізгі қорларды қолдану үшін жалдауға кеткен төлемдерді қолдану арқылы есептелінген. Негізгі қорлардың тарихи құнына оларды сатып алу кезінде төленген бағалар құны жатады, олар негізгі капиталды тұтынуды есептеу үшін сәйкес келмейді, өйткені бағалар уақыт өте өзгереді.
      16. Негізгі капиталды тұтынуды бағалау кезінде негізгі қорлардың сызықтық амортизация әдісі қолданылады. Негізгі қорлардың орташа қызмет ету кезеңі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері негізінде есептеледі. Алынған нәтижелер талданады және әкімшілік дереккөздерден алынған әкімшілік деректермен және арнайы зерттеулер жүргізетін басқа елдердің деректерімен салыстырылады. Ағымдық бағадағы активтің запасы баға индексін қолданумен қайта бағаланады. Негізгі капиталды тұтыну келесі формула бойынша есептеледі:
 


 

            мұндағы:
      CFCn - активінің негізгі капиталды тұтынуы;
      Sn - ағымдық бағадағы n активтің орташажылдық запасы;
      Ltn - n активтің қызмет ету мерзімі.
      17. Материалдық айналым құралдары запастарының өзгерісі шикізат пен материалдардың, дайын өнімдердің, әскери мақсаттағы материалдық айналым құралдары қорларының, қайта сатуға арналған тауарлардың, аяқталмаған өндірістің, өсірілетін биологиялық ресурстардың аяқталмаған өндірісінің, сондай-ақ басқа да аяқталмаған өндірістің жиынтығын білдіреді. Материалдық айналым құралдары запастарының өзгерісін есептеу алгоритмі материалдық айналым құралдары запастарының өзгерісі есебіне сәйкес есептеледі.
      18. Өндірілмеген активтер және құндылықтармен жасалатын операциялар бойынша эксперименталды есептеулер жүргізілуде, барлық қажетті деректердің жоқтығына байланысты олар Шотқа қосылмайды.
      19. Капиталдық трансферттер көлемі бойынша айтарлықтай және тұрақсыз. Трансфертті ағымдық немесе капиталдық ретінде сипаттауға қатысты күмән болғанда оны ағымдық деп көрсетеді.
      20. Алуға жататын капиталдық трансферттер капиталдың таза құнының көбею нәтижесі болып табылады және трансфертті алушы шотының оң жағында көрсетіледі. Төлеуге жататын капиталдық трансферттердің тиісті мәні төлеуші үшін оң жақта, бірақ минус таңбасымен (олар капиталдың таза құнының азаюына әкеледі) көрсетіледі. Капиталдық трансферттердің негізгі түрлері капиталға салықтар, инвестициялық гранттар, басқа капиталдық трансферттерден тұрады.
      21. Капиталдық трансферттердің дереккөздері мемлекеттік органдардың ресми сайттарында орналасқан Қазақстан Республикасының Төлем балансы және мемлекеттік бюджеттің жалпыға қолжетімді деректері болып табылады.
      22. Таза кредиттеу немесе таза қарыз алу капиталмен жасалатын операциялар шотының теңгерімделінетін бабы болып табылады және экономикалық талдау үшін маңызды көрсеткіш болып табылады.
      23. Шоттың теңгерімделетін бабы (бұдан әрі–Бап) кредиттеу және қарыз алу үшін ұсынылатын ресурстардың құнын көрсетеді. Таза кредиттеу қаржылық емес активтерді сатып алуды қаржыландыруға нақты қолданылған капиталды трансферттер және жинақтау сомасының қандай деңгейде екендігін және өзге әлемді кредиттеуге нақты қанша кеткенін көрсетеді. Егер бұл таза қарыз алу болса, онда жинақтың және капиталдық трансферттердің сомасы қаржылық емес активтерді барлық сатып алуды қаржыландыруға жеткіліксіз болып табылады және өзге әлемнен қарызға алынады.
      24. Бап қаржылық шотқа ауыстырылады. Капиталмен жасалатын операциялар шотындағы және қаржылық шоттағы таза кредиттеу мен таза қарыз алу бойынша алшақтық бар, бұл әр түрлі дереккөздерді қолданудан туындаған. Капиталмен жасалатын операциялар шотындағы және қаржылық шоттағы таза кредиттеу/қарыз алудың алшақтығын азайту негізгі міндет болып табылады.
 


Капиталмен жасалатын
операциялар шотын құру
бойынша әдістемеге
қосымша

Капиталмен жасалатын операциялар шотының құрылымы

      млн.теңге
 

Активтердегі өзгерістер
 

Операциялар мен теңгерімделетін баптар
 

Міндеттемелер мен капиталдың таза құнындағы өзгерістер
 

Жиыны
 

S15
 

S14
 

S13
 

S12
 

S11
 


S11
 

S12
 

S13
 

S14
 

S15
 

Жиыны
 







Ресурстар
 













Жалпы жинақтау
 













''Басқа әлемнен" алынған капиталдық трансферттер
 













"Басқа әлемге" берілген капиталдық трансферттер
 













Барлығы
 













Пайдалану
 













Негізгі капиталдың жалпы жинақталуы
 













Негізгі капиталды тұтыну
 













Материалдық айналым құрал-жабдықтар запасының өзгеруі
 













Шығып қалуды алып тастағана құндылықтарды сатып алу
 













Шығып қалуды алып тастағанда өндірілмеген активтерді сатып алу
 













Таза кредиттеу(+), таза қарыз алу(-)
 













Статистикалық алшақтық
 













Барлығы
 







       Ескертпе.
      S11 – қаржылық емес корпорациялар; S12 – қаржылық корпорациялар; S13 – мемлекеттік басқару; S14 – үй шаруашылықтары; S15 – үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады