Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14484 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ________________ С. Жасұзақов

      2016 жылғы 25 қазан


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ________________ К. Мәсімов

      2016 жылғы 10 қазан




  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2016 жылғы 5 қыркүйектегі
  № 646 бұйрығымен
  бекiтiлген

Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленді және кемелердің жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету, кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кемелердi лоцмандық алып өту – лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту;

      2) лидирлеу тәсілі – лоцмандық кеме алып өтетін кеменің алдында фарватер арқылы жүзіп, ал алып өтетін кеме оның артынан еріп жүрген жағдайдағы кемелерді лоцмандық алып өту тәсілі;

      3) лоцман – кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман;

      4) лоция – белгілі бір су бассейн ерекшеліктерінің толық сипаттамасы бар навигациялық құрал, ішіне айрықшаланған жерлер, белгілер мен жағалар сипаттамалары кіреді, сондай-ақ жүзудің қауіпсіз жолдары бойынша толық нұсқаулары, белгіленген акваториядағы гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлары көрсетіледі;

      5) лоцмандық кеме – лоцмандардың кезекшілік ету және кемелерді алып өту үшін, сондай-ақ лоцмандарды алып өтетін кемелерге жеткізу мен олардан түсіру үшін қолданылатын кеме;

      6) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерден басқа, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын түсініктер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Порттың теңіз әкімшілігі құзырет шегінде лоцмандық қызмет көрсету жұмысына бақылау жасауды және қадағалауды жүзеге асырады.

      4. Қызметкері лоцман болып табылатын ұйым, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лоцмандық куәлiктің (бұдан әрі – лоцмандық куәлік) берілуін Порттың теңіз әкімшілігімен келіседі.

      5. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті орган кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлейдi және мұндай аудандарды теңiз порттары мен лоцияларына жалпыға бiрдей ақпарат етiп жеткiзедi.

2-тарау. Кемелерді лоцмандық алып өту тәртібі
1-параграф. Кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту

      6. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес мiндеттi лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттарын қоспағанда, кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту аудандарында кеме лоцмансыз жүзудi жүзеге асырмайды.

      7. Кемелерді мiндеттi лоцмандық алып өтуден кемелердің келесі санаттары босатылады:

      1) әскери кемелер;

      2) әскери-қосалқы кемелер;

      3) шекаралық корабльдер;

      4) порттық немесе порттағы басқа қызметтерді көрсетуге арналған кемелер;

      5) шағын көлемді кемелер;

      6) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті ауданында жалпы сыйымдылығы 3000 және одан артық тіркелімді тонна кемелерінде жүзу тәжірибесі кемінде 24 ай болатын капитандар басқаруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемелер.

      Егер осы кемелер жүзуді осы тармақтың 6) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін капитандардың басқаруында жүзеге асыратын болса, онда кеме иесі немесе теңіз агенті кеменің кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту ауданына кіруден 3 тәулік бұрын Порттың теңіз әкімшілігіне растайтын құжаттарды ұсынады.

      8. Лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру үшін лоцман:

      1) лоцмандық кемемен немесе тікұшақпен, не кемелерді лоцмандық алып өту ауданның ұзындығына және ұзақтығына, кеме қатынасының қарқындылығына, гидрометеорологиялық және басқа да кемелерді лоцмандық алып өту аудан ерекшеліктеріне сүйене отырып, қажетті техникалық сипаттамалары бар және жарамды жағдайдағы кемеге лоцманды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді қамтамасыз ететін, лоцманның жағалаудан кемеге жеткізудің басқа құралдармен;

      2) кемелермен, теңіз порты қызметтерімен, кемелер жүрісін басқару жүйелерімен (бұдан әрі – КЖБЖ) қажетті байланыс құралдармен;

      3) КЖБЖ және порт қызметтерінің ақпараттық базамен ұштаса байланысқан кемелерді позициялау және идентификациялау жеке жүйелерімен;

      4) телефон байланысымен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, лоцмандардың жұмысы мен демалысына арналған үй-жайлармен;

      5) лоцмандарды техникалық оқытуын өткізу үшін арналған үй-жайлармен және жабдықтармен;

      6) кемелерді лоцмандық алып өту ауданына арналған теңіз навигациялық карталармен және құралдармен;

      7) кемелерді лоцмандық алып өту ауданы бойынша навигациялық, гидрометеорологиялық және гидрографиялық ақпаратпен;

      8) лоцмандық қызметке байланысты қажетті құжаттармен, оның ішінде лоцмандық куәлікпен;

      9) кемелерді лоцмандық алып өту ауданның климаттық жағдайларына сәйкес арнайы киіммен;

      10) жеке құтқару құралдармен және жеке байланыс құралдармен;

      11) алғашқы жәрдем көрсетудің медициналық құралдармен қамтылады.

      9. Лоцман бір мезгілде бір кемеден артық кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асырмайды.

      10. Кемелерді лоцмандық алып өту порттың диспетчерлік қызметіне кемелерді лоцмандық алып өту ауданына кірместен бұрын 24 сағатқа дейін кеме капитаны беретін өтінім бойынша жүзеге асырылады, онда келесі мәліметтер көрсетіледі: кеме атауы, оның сипаттамалары (ұзындығы, ені, отыруы, діңгектің судың үстіндегі биіктігі, жылдамдығы, рульдеу құралдарының бар болуы және тағы басқалар), шақыру белгілері, отыруы жөнінде мәліметтері, жүктелуі, орнықтылық және суға батпайтындығы, маневр жасау сипаттамалары және басқарылу ерекшеліктері, кеме теңіз агентінің атауы.

      Бұдан кейінгі лоцмандық алып өту ауданына кіру уақытын кеме капитаны кіруге дейінгі 12, 4 және 1 сағат бұрын нақтылайды.

      Лоцманды қабылдайтын жерге жақындағанға дейін 1 (бір) сағат бұрын,

      қызметкері лоцман болып табылатын ұйым, кеме капитаны және Порттың теңіз әкімшілігімен келісуі бойынша лоцманды отырғызу уақытын және шарттарын, оған қоса кеме жылдамдығын, лоцманның отырғызуы жоспарланған бортын, лоцмандық траптың жабдықталудың бөлшектерін белгілейді.

      11. Егер кеме лоцманды қабылдау жеріне бекітілген уақытта келмеген болса немесе кеменің лоцманды қауіпсіз қабылдауға мүмкіндігі болмаса, осы жағдайларға әкелген себептерді жойғанға дейін қызметкері лоцман болып табылатын ұйымы лоцмандық алып өту қызметін көрсетуден бас тартады. Бұл жағдайда кеме капитаны немесе теңіз агенті осымен байланысты шығындарды лоцманның қызмет көрсетуi үшiн төлем мөлшерінде төлейді.

      Қайта берілген өтініш бойынша лоцмандық алып өту қызметін көрсету жеке, бөлек қызмет ретінде төленеді.

      12. Кеме капитаны лоцманды шақырып және оның қызмет көрсетуінен бас тартатын болса, онда ол шақырылған лоцманның алып өтуге тиісті лоцманның қызмет көрсетуiн төлеу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лоцмандық түбіртекті (бұдан әрі – лоцмандық түбіртек) толтырады және оған қолын қояды.

      13. Жүзуді лоцмандық алып өтумен жүзеге асыратын кеме мен лоцмандық кеме арасында тоқтаусыз және тұрақты байланыс қамтамасыз етіледі.

      14. Лоцманды қабылдау және түсiру кезiнде кеме капитаны лоцман кемесімен тұрақты байланыс ұстайды және онымен өз әрекеттерiн келiседі. Лоцманның келу сәтiнен бастап және оның кетуiне дейiн кемеде халықаралық сигналдар жинағына сәйкес келетiн - "Менiң бортымда лоцман бар" деген "Н" (Hotel) жалауы көтерiледі.

      15. Кеме капитаны лоцманды кеме бортына тез және қауiпсiз қабылдауды қамтамасыз етедi және лоцмандық кеменiң зақымдалуына жол бермеу үшін барлық шаралар қабылдайды.

      Егер ауа райы жағдайлары лоцманның кемеге көтерілуіне мүмкіндік бермесе, ол жағдайда кеме капитаны, қызметкері лоцман болып табылатын ұйымы және Порттың теңіз әкімшілігімен келісуі бойынша, лоцмандық алып өту лоцманның кемеге отырғызуға мүмкіндігі бар және қауіпсіз болған жерге дейін лидирлеу тәсілімен жүзеге асырылады.

      Лидирлеу тәсілі кеме капитанымен келісу бойынша кемені порттан шығару кезінде де қолданылады.

      16. Лоцман кемеге келген кезде кеме капитанына лоцмандық куәлігін ұсынады.

      Кеме капитаны лоцмандық алып өтудің қызметін тек қана лоцманда лоцмандық куәлігі бар болған кезде ғана пайдаланады.

      17. Лоцмандық алып өтуді бастар алдында лоцман:

      1) лоцмандық түбіртекте жазылған мәліметтерді, кемеде және кеме құжаттарында бекітілген осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лоцмандық кәртішкеге (бұдан әрі – лоцмандық кәртішке) жазылған мәліметтермен сәйкестікке салыстырып қарайды;

      2) кеме капитанынан навигациялық құралдардың, қозғалтқыш қондырғының, рульдік, рульдегіш, зәкір және басқа құралдардың контсруктивтік, пайдалану және ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтерін алады;

      3) кеме капитанын алдағы жүзіп барудың навигациялық гидрографиялық және гидрометеорологиялық жағдайлары, кеме қатынасының жай-күйі, сапар шегу жолындағы навигациялық және басқа қауіп-қатерлер мен ерекшеліктері туралы хабардар етеді;

      4) кеме капитанын навигациялық қондырғы құралдарының сипаттамалары және сапар шегу жолындағы навигациялық бағдарлары, оларды қолдану тәсілдері мен ерекшеліктері туралы хабардар етеді;

      5) кеме капитанын кемелерді лоцмандық алып өту ауданында бар КЖБЖ, басқа да теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері және олармен өзара іс-қимыл тәртібі туралы;

      6) кемелерді лоцмандық алып өту жоспарын кеме капитанымен келіседі;

      7) алдағы кемені зәкір тұрағына отырғызу және одан босатуды, айлаққа немесе шығарылатын жүк тиеу құралына арқандап байлауды кеме капитанымен келіседі;

      8) кемені басқару бойынша ақпараттандыру және өкімдер беру, сондай-ақ алдағы кемені лоцмандық алып өту барысындағы сол өкімдерді орындау салдарлары бойынша бақылау тәртібін кеме капитанымен келіседі.

      18. Қауiпсiз жүзу мақсатында кеме капитаны лоцманның ұсынымдарын ескередi. Рөлдеушiге барлық тапсырмаларды капитан өзi бередi. Кеме капитаны мiнбеден кеткен жағдайда, кеме капитанының міндеттері кеме капитанының аға көмекшісіне жүктеледі. Кеме капитанының аға көмекшісінің кеме капитанының мiндеттерiн орындауына кедергi болатын ерекше жағдайларда (қайтыс болуы, ауыруы және өзге де жағдайларда), кеме капитаны лоцманға оның болмайтын кезiнде кеменi басқаруға жауапты тұлғаны көрсетедi.

      19. Кеме капитаны лоцмандық алып өтуді өткізу үшін лоцманның пайдалануына кеме радиостанциясын, басқа байланыс құралдарын, сондай-ақ кеменің навигациялық қондырғының құралдарын және қосалқы құралдарын ұсынады.

      20. Лоцмандық алып өту кезінде лоцман:

      1) кемелерді лоцмандық алып өту ауданында өткізілетін кеме және басқа кемелердің қауіпсіздігі үшін мағынасы бар навигациялық, гидрометеорологиялық және басқа жүзу жағдайларының кез келген өзгеруі бойынша бақылауын әрдайым жүргізеді;

      2) графикалық санау, талдау, аспаптық және навигациялық параметрлерді көзбен шамалап анықтау тәсілдерін қолдана отырып, кеменің орналасқан жерін үздіксіз бақылайды;

      3) кемені лоцмандық алып өту ауданында кеме қатынасының жай-күйі бойынша әрдайым мониторинг жүргізеді (бас және жанасқан фарватер арқылы жүретін кемелердің саны мен атаулары, олардың сапар шегу реті, арқанға байлау жұмыстарын және зәкірге отырғызу мен босату бойынша маневр жасауды жүзеге асыратын кемелер, маневр жасауда шектелген, апаттық, бортында қауіпті жүктері бар кемелер және тағы басқа);

      4) КЖБЖ-бен және басқа теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерімен, сондай-ақ порттың диспетчерлік қызметімен байланысын әрдайым ұстайды;

      5) теңіз порты капитанына дереу:

      теңізде жүзу қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкін фарватерлердегі, арналардағы, кіреберістердегі, порт айдынындағы және кемелерді лоцмандық алып өту ауданындағы кез келген өзгерістер туралы;

      ол қызмет ететін ауданындағы лоцмандық алып өтуді жүзеге асыратын кемемен және басқа кемелермен болған оқиғалар туралы;

      навигациялық қоршау құралдары қызметіндегі ақаулықтар мен бұзылу туралы;

      алып өтілетін кеме капитаны кемені мұнаймен, зиянды заттармен, ағынды сулар және қоқыспен ластауды болғызбау туралы қағидаларды, сондай-ақ шекара және кеден бақылау талаптарын орындамауы туралы хабарлайды.

      21. Маневр жасауды жеделдету мақсатында кеме капитаны лоцманға рульдеушіге жүзу және маневр жасауға қатысты өкімдер беруге рұқсатын береді, бұл жағдайда кеме капитаны сол өкімдердің нәтижесінде пайда болуы ықтимал салдарлары бойынша жауапкершіліктен босатылмайды. Ал өкімдер кеме капитаны тапсырмасы бойынша берілгендей болып есептеледі.

      Ағылшын тілін қолданған жағдайда лоцман барлық ұсынымдарын немесе бұйрықтарын "Теңізде байланысуға арналған Халықаралық теңіз ұйымының стандарттық сөз орамдарына" сәйкес береді.

      22. Лоцмандық алып өту келесі жағдайларда тоқтатылады:

      егер лоцмандық алып өтуді жүзеге асыратын кеменің капитаны жеткілікті негізсіз лоцманның ұсынымдарын ескеріп жүрмесе немесе алып өтілетін кеме навигацияның немесе қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірген жағдайда;

      егер кеменің қауіпсіз жүзуін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлары бар болғанда.

      Кемені лоцмандық алып өтуді тоқтатқан кезде, лоцман алып өтуді тоқтату себептерін көрсете отырып, өзі қызметкері болып табылатын ұйымға және Порттың теңіз әкімшілігіне дереу хабарлайды, сондай-ақ тиісті жазбаларды лоцмандық түбіртекке енгізеді және кеме журналына тиісті жазбаларды енгізуді талап етеді.

      Бұл ретте кемені алып өтуді тоқтатқан лоцман навигациялық мiнбеде қалады және егер кеме капитанына қауіпсіз жүзуге қажетті мәліметтер қажет болған жағдайда, лоцман оларды ұсынады.

      Бұл жағдайда кеме капитаны теңізде жүзудің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдайды және бұдан әрі теңіз портың диспетчерлік қызметтің және КЖБЖ нұсқауларын қолданады.

      Қажет болған жағдайда лоцман қызмет атқаратын ұйымы лоцманды ауыстыру бойынша шараларын қабылдайды.

      23. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған кезде, кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi аудандарында кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгi мақсатында, кеме капитаны осы лоцманды ауыстыруды талап етеді.

      24. Лоцманның кемені қалдырып кету кеменің қауіпсіз зәкірге отырғызылған, арқанға байланған немесе теңізге шығарылған, не лоцман ауыстырылған кезден кейін кеме капитанының келісуімен жүзеге асырылады.

      Бір лоцманды басқа лоцманмен ауыстырылған жағдайда, мұндай ауыстыру кеме навигациялық мінбесінде жүргізіледі. Бұдан кейін кемені алып өту бойынша міндеттерін тапсырған лоцман, кемеден кетеді.

      25. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кеме басқаруға жауапкершiлiгiн жоққа шығармайды.

      26. Лоцмандық алып өту аяқталған кезде, кеме капитанының өтініші бойынша, жүкті тиеу немесе түсіру қажеттілігі, кеме тетіктері жарамсыздылығы, толық су деңгейін күту кезінде, кеменің карантинде болуы және кеме капитанның пікірі бойынша лоцманның кеңестері қажет болған басқа да жағдайларда лоцман кемеде қалады.

      27. Кемелерді лоцмандық алып өту бойынша лоцманның қызметі кемелерді лоцмандық алып өту бойынша қызметті көрсететін ұйымдар бекітетін мөлшерде төленеді. Лоцманның көрсетілген қызметін куәландыру негізі ретінде, кеме капитаны қол қойған және кеме мөрімен расталған лоцмандық түбіртек болып табылады.

      28. Егер лоцман алып өтетiн кемемен, кемеге тәуелсіз және кемені қауіпсіз тастауға мүмкіндік бермеген себептерге байланысты, ол қызмет көрсететiн ауданнан тыс әкетiлген жағдайда, осы кеменің иесі немесе теңіз агенті оны тұрақты жұмыс орнына қайтып келуін қамтамасыз етеді (жол жүру билеті, қайтып келу уақытына тәулiктiк ақысы, қонақ үйінде тұру және өзге де), және қызметкері лоцман болып табылатын ұйымдағы лоцмандар үшін бекітілген нормалар бойынша төлемді өтейдi.

      29. Кемені лоцмандық алып өтуге шағымдар бар болған жағдайда, кемені лоцмандық алып өту қорытындысы бойынша кеме капитаны лоцмандық түбіртекке тиісті жазбаларды енгізеді.

2-параграф. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық алып өту

      30. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi болып табылмайтын аудандарда кеме капитаны өзінің қалауы бойынша лоцманның қызметтерін пайдаланады, осындай кемелерді лоцмандық алып өтуге осы Тараудың 1-параграфтың ережелері қолданылады.

      31. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi емес аудандарда теңiз портының капитаны:

      1) кеме немесе ол тасымалдап келе жатқан жүк теңiз ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған;

      2) кеменiң корпусында, механизмдерiнде немесе жабдықтарында порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал жасауы мүмкiн елеулi ақаулары болған жағдайларда кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өтудi белгілейді. Бұл жағдайда кеме капитанына теңiз портының капитаны оның кемесi мiндеттi лоцмандық алып өтуге ерiп отыруға тиiс екендiгi туралы хабарлайды.

      32. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған кезде, кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi емес аудандарында кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгi мақсатында, кеме капитаны осы лоцманның қызмет көрсетуiнен бас тартады.

3-параграф. Лоцманды біліктілік дәрежесінен айыру тәртібі және жағдайлары

      33. Лоцманды біліктілік дәрежесінен айыру, лоцманнан лоцмандық куәліктің алынуы арқылы жүзеге асырылатын, лоцманды алты айдан бастап үш жылға дейінгі мерзімге лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру құқығынан айыру деп ұғынылады.

      34. Тиесiлi емес лоцмандық алып өтуге кiнәлi лоцман, біліктілік дәрежесінен бiлiктiлiк комиссиясымен айырылады.

      35. Біліктілік комиссиясы теңіз портының капитаны басшылығымен, оған кемінде төрт адам құрайтын комиссия мүшелерінің қатысуымен құрылады, оның ішінде екеуі - Порттың теңіз әкімшілігі, екеуі - қызметкері лоцман болып табылатын ұйымның өкілдері болып табылады.

      36. Тиесiлi емес лоцмандық алып өтуге кiнәлi лоцман, оның лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі іс-қимылы (іс-қимылсыздығы) нәтижесінде туындаған келесі жағдайларда біліктілік дәрежесінен айырылады:

      1) осы лоцман алып өтетін кеменің экипажы және адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген жағдайлар;

      2) осы лоцман алып өтетін кеменің авариялық жағдайлары;

      3) осы лоцман алып өтетін кемеден қоршаған ортаның ластануы.

      37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген жағдайларда, кеме капитаны олар туралы Порттың теңіз әкімшілігін, кеме иесін немесе теңіз агентін дереу хабардар етеді және лоцмандық түбіртекке тиісті жазбаларды енгізеді.

      38. Порттың теңіз әкімшілігі кеме капитанның хабарын қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, қызметекері - тиесiлi емес лоцмандық алып өтуге кiнәлi лоцман болып табылатын ұйымға, біліктілік комиссия құру туралы еркін нысанындағы хабарламаны жолдайды.

      39. Біліктілік комиссиясы, қызметекері лоцман болып табылатын ұйымның біліктілік комиссия құру туралы еркін нысанындағы хабарламаны қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өткізіледі. Тиесiлi емес лоцмандық алып өтуге кiнәлi лоцманның біліктілік комиссияның отырысында жоқ болуы, біліктілік комиссия өткізу үшін бөгет болып табылмайды.

      40. Біліктілік комиссияның лоцманды біліктілік дәрежесінен айыру туралы шешімі, біліктілік комиссия жұмысының басталу күнінен бастап кемінде он жұмыс күн ішінде шығарылады. Біліктілік дәрежесінен айыру туралы шешімнің шығарылу күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде біліктілік дәрежесінен айырылған лоцманның лоцмандық куәлігі, ол қызметекері болып табылатын ұйымымен алынады және Порттың теңіз әкімшілігіне тапсырылады.

      41. Лоцманның біліктілік дәрежесінен айыру мерзімі аяқталған соң, Порттың теңіз әкімшілігі лоцмандық куәлікті он жұмыс күн ішінде қызметекері лоцман болып табылатын ұйымға тапсырылады. Бұл ретте, қызметекері осы лоцман болып табылатын ұйымы, оның кемелерді лоцмандық алып өтуді қайта бастау үшін қажетті кәсіби білімі мен дағдыларын тексеруді өткізеді.

      42. Біліктілік комиссияның біліктілік дәрежесінен айыру туралы шешімге шағым Қазақстан Республикасының азаматтық процестік іс жүргізу заңнамада белгіленген тәртіппен жасалады.


  Кемелердi лоцмандық алып
  өтудi жүзеге асыру қағидаларына
  1-қосымша


Нысан

№ _____ лоцмандық куәлік /
Лоцманское удостоверение № _____ /
Pilot сertificate № _____

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) / last name, first name, patronymic (if it presents)

      ол, теңіз лоцманы болып табылатыны жөнінде берілген / выдано в том, что он является морским лоцманом / issued in the fact that he is a sea pilot ____________

      ________________________________________________________________________________

      (лоцмандық ұйымның атауы / наименование лоцманской организации / name of the pilot organization)

      кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыруға құқығы бар / с правом осуществления лоцманской проводки судов / with the right implemintation of the pilotage conducting vessels ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (кемелердің мөлшері және типі / размеры и типы судов / demensions and types of vessels)

      кемелерді лоцмандық алып өту ауданында / в районе лоцманской проводки судов / in the area of the pilotage conducting vessels_____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (бастап және дейін немесе акватория шегінде / от и до или в пределах акватории / (from and to or within the waters)

      Фотоcурет орны/ Лоцман қызмет атқаратын ұйымның басшысы /

      Место для фотографии/ Руководитель организации, в которой работает

      Place for photo лоцман / The head of the organization, in which

      the pilot works ____________________________

      _________________________________________

      (порт атауы / название порта / name of the port)

      _________________________________________

      (қолы / подпись / signature)

      Берілген күні / Дата выдачи / Date of issue 20_____ "____"_______________

      Дейін жарамы / Действительно до / Valid until 20_____ "____"_______________

      Дейін ұзартылды / Продлено до / Extended until 20_____ "____"_______________

      Теңіз портының капитаны / Капитан морского

      порта / Harbour master ______________________

      _________________________________________

      (теңіз портының атауы / название морского

      порта / name of the seaport )

      __________________________________________

      (қолы / подпись / signature)


  Кемелердi лоцмандық алып
  өтудi жүзеге асыру қағидаларына
  2-қосымша


Нысан

№ ______ лоцмандық түбіртек /
Лоцманская квитанция №______ /
Pilot's bill № ______

      Теңіз лоцманның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) / Фамилия, имя, отчество (при его наличии) морского лоцмана / Sea pilot’s surname, first name, patronymic (if it presents) _______________________________________________

      Лоцмандық ұйымның атауы / Наименование лоцманской организации / Name of the pilot organization __________________________________________________

      Кеменің атауы / Название судна / Vessel’s name ___________________________

      Кеме жалауы / Флаг cудна / Flag of the vessel ______________________________

      Халықаралық теңіз ұйымның нөмірі / Номер Международной морской организаци / International Maritime Organization number _____________________

      Кеме шақыру белгілері / Позывные судна / Call sign of vessel ________________

      Кеме типі / Тип судна / Тype of the vessel _________________________________

      Кеме мөлшері / Размерения судна / Demensions and types of the vessel:

      ұзындығы / длина / length ___________ ені / ширина / breadth ___________ борт биіктігі / высота борта / depth ____________

      Кеме сыйымдылығы / Вместимость судна / Сapacity of the vessel:

      таза / чистая / net ______________ жалпы / валовая / gross ___________________

      Кеме шөгуі / Осадка судна / Dranght of the vessel:

      ұшы / нос / fore _______________ артқы жағы / корма / stern _________________

      Кіретін соңғы порты / Последний порт захода / Last port of call ______________

      Баратын порты / Порт назначения / Destination port ________________________

      Жүктің (жолаушылар) түрі мен саны / Вид и количество груза (пассажиров) /

      The type and quantity of cargo (passengers) _________________________________

      Кеме иесінің атауы / Наименование судовладельца / Name of shipowner _______

      ____________________________________________________________________

      Кеме агентінің атауы / Наименование агента судна / Name of vessel agent______

      _________________________________________________________

      Лоцманның кемеге келу уақыты / Время прибытия лоцмана на судно / The pilot embarked on at: күні / дата / date___________ уақыты / время / time____________

      Лоцманның кемеден кету уақыты / Время убытия лоцмана с судна / Time of the pilot departure from the vessel: күні / дата / date______ уақыты / время / time_____

      Кеме алып өтілген / Судно проведено / Vessel piloted:

      бастап / от / from ____________________ дейін / до / to ____________________

      Кеменің лоцмандық алып өтумен өткен миль саны / Количество миль, пройденных судном под проводкой лоцмана / Milage travelled by vessel under pilotage conducting ____________________________________________________

      Қолданылатын буксирлік қамтамасыз ету / Используемое буксирное обеспечение / Used towing services ________________________________

      Кемелер жүрісін басқару жүйесінің қызметтері / Услуги системы управления движения судов / Ship traffic management system’s services __________________

      Кеме капитанының ескертпелері / Замечания капитана судна / Shipmaster’s remarks____________________________________________________________________________________________________________

      Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) / Фамилия, имя, отчество (при его наличии) капитана судна / Shipmaster’s surname, first name, patronymic (if it presents) _______________________________________________

      Кеме мөрі (кеме штампы) / Кеме капитанының қолы / Подпись

      Судовая печать (судовой штамп) / капитана судна / Shipmaster’s signature

      Vessel’s print (vessel's stamp) _________________________________

      Күні / Дата / Date _________ 20____ "___"______________


  Кемелердi лоцмандық алып
  өтудi жүзеге асыру қағидаларына
  3-қосымша


Нысан

Лоцмандық кәртішке /
Лоцманская карточка /
Pilot’s card

      Кеменің атауы / Название судна / Vessel’s name ___________________________ Кеме жалауы / Флаг cудна / Flag of the vessel ______________________________

      Кеме шақыру белгілері / Позывные судна / Call signs of vessel________________

      Кеме сыйымдылығы / Вместимость судна / Сapacity of the vessel:

      таза / чистая / net ______________ жалпы / валовая / gross ___________________

      Кеме салынған жылы / Год постройки судна / Year of construction ____________ Салынған жері / Место постройки / Сonstruction place_______________________

      Кеме шөгуі / Осадка судна / Dranght of the vessel:

      ұшы / нос / fore _______ м / m _______ фут / foot

      артқы жағы / корма / stern _______м / m _______фут / foot

      Әрекеттегі шөгу бойынша су ығыстыру / Водоизмещение на действующую осадку / Displacement to the current precipitate ____________________тонна / ton

      Кеме ерекшеліктері / Особенности судна / Features of the vessel

      Кеме ұшы мен арты қималары арасындағы ұзындығы / Длина между носовым и кормовым срезами / Length between the fore and stern cuts_______________ м / m

      Перпендикулярлар арасындағы ұзындығы / Длина между перпендикулярами / Length between perpendiculars ________м / m

      Цилиндрлік ендірмесінің ұзындығы / Длина цилиндрической вставки / Length of the cylindrical insert: жүкпен / в грузу / with a cargo__________________м / m

      балластпен / в балласте / ballasted _______________м / m

      Ең үлкен ұзындығы / Длина наибольшая / Maximum length _____________ м / m

      Ені / Ширина / Breadth _________ м / m

      Ұштық бульбаның болуы / Наличие носового бульба / Presence of bulbous fore ___________ия / да / yes _________жоқ / нет / no

      Ұштық қимасынан бастап алдыңғы бөліктің қондырмасына дейінгі аралық / Расстояние от носового среза до лобовой части надстройки / Distance from the fore cut to the front part of the superstructure ___________________________м / m

      Кеме арты қимаcынан бастап алдыңғы бөліктің қондырмасына дейінгі аралық / Расстояние от кормового среза до лобовой части надстройки / Distance from the stern cut to the front part of the superstructure ___________________________м / m

      Ұштық қимасынан бастап манифолдқа дейінгі аралық / Расстояние от носового среза до манифолда / Distance from the fore cut to manifold ______________м / m

      Зәкір шынжырлары / Якорные цепи / Anchor chains:

      Сол жақ / Левая / Left ___________ жапсарлас / смычек / bow

      Оң жақ / Правая / Right __________ жапсарлас / смычек / bow

      Кормовая / Кеме арты / Stern ___________ жапсарлас / смычек / bow

      1 зәкір жапсарластың ұзындығы / Длина 1 якорной смычки / Length of the 1 anchor bow____________м / m __________ см / cm

      Кеменің су үстіндегі биіктігі / Высота судна над водой / height of the vessel above the water: жүкпен / в грузу / with a cargo__________м / m, _______ см / cm

      балластпен / в балласте / ballasted _______м / m, ______ см / cm

      Кеменің кильден бастап ең жоғарғы нүктеге дейінгі биіктігі / Высота судна от киля до наивысшей точки / Height of the vessel from the keel to the highest point __________м / m, _________см / cm

      Бұрандалар саны / Количество винтов / Number of propellers: оң айналым / правого шага / right step_______, сол айналым / левого шага / left step_________

      Қозғалтқыш типі / Тип двигателя / Engine's type____________________________

      Ең жоғарғы қуаттылығы / Максимальная мощность / Maximum capacity _____________ кВт/ kW__________ а.к. / л.с. / h.p.

      Кеме энергетикалық қондырғының маневрлік режимдері / Маневренные режимы cудовой энергетической установки / Manoeuvring modes of vessel power plant:

      Минутына айналымы/ Оборот в минуту / Turnover per minute________________

      Pеттелген айналым бұрандасының айналымы / Шаг винта регулируемого шага / Controllable pitch propeller’s step_____________________

      Жылдамдығы (торап) / Скорость (узлы) / Speed ( knot): жүкпен / в грузу / with a cargo ___________ балластпен / в балласте / ballasted ___________

      Алдыңғы толық / Передний полный / Front full ________________

      Алдыңғы орташа / Передний средний / Front middle ____________

      Алдыңғы кіші / Передний малый / Front small _________________

      Алдыңғы ең кіші / Передний самый малый / Front smallest _____________

      Артқы ең кіші / Задний самый малый / Rear smallest ___________________

      Артқы кіші / Задний малый / Rear small _____________________________

      Артқы орташа / Задний средний / Rear middle ________________________

      Артқы толық / Задний полный / Rear full ____________________________

      Артқы жүріс режимдегі жұмыстың шекті уақыты / Предельное время работы в режиме заднего хода / Limit time in the reverse mode ___________минут / minute

      Алдыңғы толықтағы уақыттан – артқы толықтағы / Время с Переднего полного – на задний полный / Time from a front full – to buck full ________секунд / second Тізбектеліп іске қосудың ең жоғарғы саны / Максимальное количество последовательных пусков / Maximum amount of consecutive starts __________________

      Ең кеміндегі тұрақты айналымдар / Минимально-устойчивые обороты / Minimum stable turnover ________________ минутына / в минуту / in a minute

      Ең кеміндегі тұрақты айналымдардың жылдамдығы / Скорость при минимально устойчивых оборотах / Speed at stable turnover ___________ торап / узлов / knot

      Артқы жүрістің қуаттылығы алдыңғы жүрістің қауаттылығының / Мощность заднего хода от мощности переднего хода / Power reverse from the power forward stroke _______________%

      Рульдік құрылғының сипаттамасы /

      Характеристики рулевого устройства /

      Features of the rudder gear

      Рульдер саны / Количество рулей / Number of rudders__________Руль типі / Тип руля / Type of rudder _________________ Ауыстырудың ең үлкен бұрышы / Максимальный угол перекладки / Maximum angle of rudder______градус / degree

      Борттан бортқа ауыстыру уақыты / Время перекладки с борта на борт / Time rudder from side to side:

      бір жетек құрылғының (насос) кезінде / при одном приводном устройстве (насосе) / one drive unit (рump) _________ секунд / seconds

      екі жетек құрылғылар (насостар) кезінде / при двух приводных устройствах (насосах) / two drive unit (рumps) _________ секунд / seconds

      Бұранданың қапталдық күштері орнын толтыру үшін рульдің орташа күйі / Среднее положение руля для компенсации боковых сил винта / Average position rudder for compensation of lateral forces of the propeller__________ градус / degree

      Бұранданың жұмыс істемеген жағдайда кеменің бағытты ұстап тұруы кезіндегі (рульге бағынуы) ең аз жылдамдығы / Минимальная скорость судна при неработающем винте, когда судно удерживается на курсе (слушается руля) /

      Minimum speed at the non-operating propeller when the vessel is held on the course (answer the helm) _______________ торап / узлов / knot

      Рульдеу құрылғыларының саны / Количество подруливающих устройств /

      Number of thrusters _____________ дана / штук / рiece

      Кеме ұшы рульдеу құрылғысының қуаттылығы / Мощность носового подруливающего устройства / Power of fore thruster ____________ кВт/ kW __________ а.к. / л.с. / h.p.

      Кеме арты рульдеу құрылғысының қуаттылығы / Мощность кормового подруливающего устройства / Power of stern thruster ____________ кВт/ kW __________ а.к. / л.с. / h.p.

      Құрал-жабдықтың бар болуын және оның даярлығын тексеру /

      Проверка наличия оборудования и его готовности /

      Check availability of t(he equipment and its readiness

      Зәкір / Якорь / Anchor ____________Штаттық орындарда / На штатных местах /

      In the regular places ______________ия/ да / yes ________жоқ / нет / no

      Ысқырғыш / Свисток / Whistle_________ Жалаулар / Флаги / Flags ___________

      3 см диапазонды радиолокациялық станция / Радиолокационная станция 3 см диапазона / 3 cm range radar station ___________________ Автоматты радиолокациялық салу құралы / Средство автоматической радиолокационной прокладки / Automatic radar driving device ______ия/ да / yes _____жоқ / нет / no

      10 см диапазонды радиолокациялық станция / Радиолокационная станция 10 см диапазона / 10 cm range radar station __________________ Автоматтандырылған радиолокациялық құрал / Средство автоматической радиолокационной прокладки / Automatic radar plotting device _____ ия/ да / yes _____жоқ / нет / no

      Лаг /Log _______ Суға қатысты / Относительно воды / Regarding water _______ Топыраққа қатысты / Относительно грунта / Regarding soil_________

      Жылдамдықты өлшеу / Измерение скорости / Speed measurement:

      бір білік бойынша / по одной оси / along one axis _________

      екі білік бойынша / по двум осям / along two axis _________

      Эхолот / Echo sounder ________________

      Кеме орналасуын автоматты орнатушы / Автопрокладчик местоположения судна / Autoplotter of position of the vessel ___________ Тип / Type

      Бағытты көрсету жүйесі / Система курсоуказания / Course indication system ______ Гирокомпасты оңалту / Поправка гирокомпаса / Amendment gyro-compass ________ градус / degree

      Рульдің жұмыс жасайтын жетек құрылғылардың саны / Число работающих приводных устройств руля / Number of working rudder drive units _____________

      Рульдің бағыттаушысы / Указатели руля / Rudder pointers:

      Аксиометр / Helm indicator ___________ Бұрылыс жылдамдығының тахометрі / Тахометр скорости поворота / Tachometer of rotation speed __________________

      Машиналық телеграфтар / Машинные телеграфы / Engine telegraph __________ Ультрақысқа толқынды радиобайланыс / Ультракоротковолновая радиосвязь/ Ultra-short wave radio communication ________________________________

      Спутникалық радионавигациялық жүйелері / Системы спутниковой радионавигации / Systems of satellite navigation ________________Тип / Type

      Арқандаулы жүкарба мен тростар / Швартовные лебедки и тросы / Mooring winches and ropes _____________________________________________________

      Құрал-жабдықтағы ақаулардың бар болуы /

      Наличие дефектов в оборудовании /

      The presence of defects in equipment

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа да маңызды ақпарат /

      Другая важная информация /

      Other important information

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Кеме капитанының қолы / Подпись капитана

      судна / Shipmaster’s signature

      ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) /

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) /

      surname, first name, patronymic (if it presents)

      _______________________________________

      (қолы / подпись / signature)

      Күні / Дата / Date 20____ "___"______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады