"Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда № 14490 болып тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген, 2015 жылы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары" деген 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл)

Төраға

1



2600 **********

Төраға орынбасары

1



2600

Есеп комитетінің мүшелері

1



2600

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері


5-ке 2 бірлік


2600

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

1



2600

Есеп комитеті аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы

1



2000

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы

1



2600


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары

1



2600

      ";

      Реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Министрліктер

Министр

1



2600**********

Министрдің орынбасары

1



2600

Жауапты хатшы

1



2600

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Әрекеті 2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 7-жолды қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады