"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 639 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда № 14498 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10506 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 118 (28596) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларында:
      көрсетілген "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына 1-қосымшада:
      ескертулерде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тиісті мәліметтер бар болған жағдайда 5, 8, 9, 11.1, 11.3, 11.4, 12.1, 13-тармақтар бойынша көрсеткіштер "Негізгі сипаттамалардың" тиісті бағандарындағы аталған көрсеткіштердің барлық көрсеткіштері бойынша көрсетілуі тиіс.";
      12 және13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. 10-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 10.1.1 немесе 10.1.2, 10.2.1 немесе 10.2.2, 10.3.1 немесе 10.3.2-тармақшалары бойынша бар ақпаратты белгілейді. 10-көрсеткіш бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер есептерінің немесе орындаушылардың тізімі, оның ішінде Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілген, ЖОО бірінші басшысының қолы қойылған, әмбепап ондық жіктеу (бұдан әрі - ӘОЖ) және мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, ЖОО мөрімен расталған шартты жұмыстардың, жобаны орындауға тапсырыс берушімен шарттың, жеке еңбек шарттарының, мердігерлік шарттардың немесе штаттық кестенің көшірмелері ұсынылады.
      13. 11-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 11.1.1, 11.1.2, 11.1.3, 11.1.4, 11.1.5, 11.1.6, 11.3.1, 11.3.2, 11.3.3 және 11.4-тармақшалары бойынша сандық мәліметтерді көрсетеді. 11-тармақтың көрсеткіштері бірлескен авторлары, атауы, баспа түрі, басылым жылы және орны, басылым көлемі көрсетілген тізбе түрінде беріледі, "Негізгі сипаттамалар" бөлігіне орналастырылады.
      11.1-тармақшасы бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдардағы жарияланымдардың журналдың атауы, журналдың импакт-факторын, жарияланым жылын, томын және/немесе басылым нөмірін (бар болса), мақаланың атауын, бетінің немесе мақаланың нөмірін (осы параметрлердің бірі міндетті түрде болуы керек, егер журналда бетінің және мақаланың нөмірі қолданылса, оларды біріктірмей, жеке жазу керек) авторлардың аты-жөнін және мекенжайларын, әр жарияланым үшін толық мазмұнын, бетінің/мақаланың нөмірі қайда енетінін (егер журнал жеке мақалаларды жарияламаса) қамтитын көшірмелерін ұсыну. 11.2-тармақша бойынша нұсқалардың біреуін тиісінше белгілейді.";
      көрсетілген "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына 3-қосымшада:
      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "
 

13.
 

Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру
 





3
 

      ".
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы


      Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады