"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1043 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14519 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінденде № 8933 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 69 (27690) жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы"

      бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының қоса берілген үлгілері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерінде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      Атауы 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының сипаттамасы:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының кара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.".

      Атауы 2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полицияның саптық бөліністері қызметкерінің жетонының белгісі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының сипаттамасы:

      "5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының кара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.".

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі



Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің
жетонының сипаты

      1. Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетоны (сурет) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сұр аударылған таға нысанында анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізгі және жапсырмалар.

      2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.

      3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының үстінде көгілдір эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "POLICE" жазуы орналасқан.

      4. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының астында көк эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" жазу орналасқан.

      5. Жетонның төменгі бөлігінде осы Үлгілерге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетонының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.

      6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.";

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік полициясының саптық бөліністері жетондарының үлгілеріне қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және мемлекеттік және орыс тілдерінде көшірмесін бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік органдарының интранет-порталында және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 10 қарашадағы
№ 1043 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
жол-патрульдік,
патрульдік полициясы және
мамандандырылған күзет қызметі
саптық бөліністері қызметкерлерінің
жетондарының үлгілеріне
қосымша

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік,
патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық
бөліністері қызметкерінің жетондарының
сериялары

р/с

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністің атауы

Жетон сериясы

1

Астана қаласының Ішкі істер департаменті Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

01

2

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

02

3

Ақмола облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

03

4

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

04

5

Алматы облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

05

6

Атырау облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

06

7

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

07

8

Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

08

9

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

09

10

Қостанай облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

10

11

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

11

12

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

12

13

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

13

14

Павлодар облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

15

16

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

16

17

Көліктегі Ішкі істер департаменті

К

18

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Метрополитендегі Ішкі істер басқармасы

М

19

ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі

Ү

20

ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі

D

21

Жезқазған қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

G


      Ескерту:

      01-16 - (өңір сериялары) жол-патрульдік полициясы, мамандандырылған күзет қызметі;

      К - (Көлік) көліктегі патрульдік полиция;

      М - (Метро) метрополитендегі патрульдік полиция;

      Ү - (Үкіметтік) ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі D - (Дипломатиялық) ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;

      G - (Жезқазған) Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады