"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 81 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 02.03.2017 № 81 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 105 "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қазанда жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14260 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісі атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшілерін бағалау кезеңінде атқаратын лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, бағалау өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы және есептік (бағаланатын) кезеңде 1 айдан көп жұмыс жасаған "Б" корпусының қызметшілері нақты жұмыс істеген уақыты ескеріле отырып бағаланады.

      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусы қызметшілерін бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы тармақта көрсетілген мерзімде өтеді. Бұл ретте, атқаратын лауазымда үш және одан көп уақыт болған және есептік кезеңде бір айдан көп жұмыс істеген "Б" корпусының қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін нақты жұмыс істеген уақыты ескеріле отырып бағалаудан өтеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көтермелеу балдары "Б" корпусының қызметшісіне мыналар үшін қойылады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін – әрбір құжатқа "+3"-тен "+5" балға дейін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің екі немесе одан да көп тапсырмаларын орындаған жағдайда, көтермелеу балы 3-ке көбейтіледі, бұл ретте көрсетілген құжаттардың орындалу сапасы мен уақтылығы ескеріледі;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін – әрбір құжатқа "+2"-ден "+4" балға дейін.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі және одан да көп тапсырмаларын орындаған жағдайда, көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі, бұл ретте көрсетілген құжаттардың орындалу сапасы мен уақтылығы ескеріледі;

      Осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көрсетілген, кемінде 3 жұмыс күні мерзімі бар әрбір орындалған құжат үшін көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құзыретіне кірмейтін Үкімет мүшелерінің дауыс беруге жолдаған құжаттар бойынша көтермелеу балы қойылмайды.

      Аталған тармақша бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы әрбір көрсетілген тармақша үшін "+30" балдан аса алмайды;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдарына жауапты уақтылы және сапалы орындағаны үшін – әрбір құжатқа "+1"-ден "+3" балға дейін.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларындағы құжаттарды дайындауда елеулі үлес әрі жүйелі ұсыныстар қосқан, оның ішінде Министрлік ішінде бірлесіп орындаушыға "+1" балл қойылады. Тапсырмалардың орындалу уақтылығы және сапасы ескеріледі; сондай-ақ, оларға ағымдағы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген талаптар қолданылады.

      Аталған критерий бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тапсырмалар тиісті органдарға екінші рет және одан да көп енгізілсе, әрбір факті бойынша көтермелеу балы 0,5 коэффициенткіне көбейтіледі;

      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде қарастырған жеке және заңды тұлғалардың өтініштер санына байланысты қойылады:

      20-дан 30-ға дейін – "+2" балл;

      31-ден 40-қа дейін – "+4" балл;

      40-тан жоғары – "+5" балл;

      5) Министрдің блогына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде қарастырған өтініштер санына байланысты қойылады:

      10-нан 20-ға дейін – "+2" балл;

      21-ден 30-ға дейін – "+4" балл;

      30-дан жоғары – "+5" балл;

      6) Мемлекеттік органдар келісуге жолдаған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде қарастырған нормативтік құқықтық актілер санына байланысты қойылады:

      10-нан 15-ке дейін – "+3" балл;

      16-дан 20-ға дейін – "+5" балл;

      "Б" корпусының қызметшісі 20-дан жоғары нормативтік құқықтық актілерді уақтылы және сапалы қарастырған кезде аталған критерий бойынша жоғарғы көтермелеу балы 2-ге көбейтіледі. Егер, аталған тармақ бойынша Заң департаментінің қызметкерлері бірлесіп орындаушы болса, оларға көтермелеу балының жартысы қойылады;

      7) осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды есептемегенде, бақылаудағы кіріс хат-хабарларды уақтылы және сапалы орындағаны үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде орындаған кіріс құжаттар санына байланысты қойылады:

      30-дан 40-қа дейін – "+1" балл;

      41-ден 50-ге дейін – "+2" балл;

      51-ден 60-қа дейін – "+3" балл;

      61-ден 70-ке дейін – "+4" балл;

      70-тен жоғары – "+5" балл.

      Кемінде 3 күн орындалу мерзімі бар әрбір құжатқа "Б" корпусы қызметшісіне олардың санына қарамастан қосымша "+2" көтермелеу балы қойылады;

      8) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тапсырмаларында көзделмеген құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені үшін әрбір құжатқа көтермелеу "+2" балы қойылады. Аталған критерий бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды;

      9) әзірлеу күрделілігі, еңбек шығыны және мазмұнының жаңалығы сияқты белгілері бар, Министрліктің салаларын немесе қызметтерін дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен қайтарусыз сапалы дайындаған кезде нормативтік құқықтық акті жобасының негізгі орындаушысына және құжатты бірлесіп орындаған Заң департаментінің қызметкеріне әрбір құжат үшін "+3"-тен "+5"-ке дейін көтермелеу балдары қойылады, ал Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден қайтарусыз орындаған әрбір құжат үшін "+1"-ден "+3"-ке дейін көтермелеу балдары қойылады. Аталған критерий бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы "+10" балдан аса алмайды. Аталған көрсеткіш бойынша көтермелеу балдары құжаттарды көрсетілген мемлекеттік органдарға бірінші рет ұсынған жағдайда ғана есептеледі;

      10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмаларына жауап жобаларының, нормативтік құқықтық актілер, ұйымдық-өкімдік құжаттар және Министрліктің қызметінде құрылатын басқа да құжаттар жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын сапалы тексергені үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде редакциялаған құжаттардың баспа парақтар санына байланысты қойылады:

      1000-нан – 1300-ге дейін баспа парақ - "+2" балл

      1301-ден – 1600-ге дейін баспа парақ - "+3" балл

      1601-ден – 2000-ға дейін баспа парақ - "+5" балл

      Парақ саны 2000-нан асқан жағдайда, аталған критерий бойынша ең жоғарғы балл 2-ге көбейтіледі;

      11) Министрмен немесе оның міндеттерін атқарушы адаммен, жауапты хатшымен және вице министрлермен бекітілген хаттамалық тапсырмаларын және іс-шаралар жоспарларын уақтылы және сапалы орындағаны үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде орындаған тапсырмалар санына байланысты қойылады:

      10-нан 20-ға дейін – "+1" балл;

      21-ден 30-ға дейін – "+2" балл;

      31-ден 40-қа дейін – "+3" балл;

      41-ден 50-ге дейін – "+4" балл;

      50-ден жоғары – "+5" балл;

      12) конкурстық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін уақтылы және сапалы қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде әрбір лотқа бөлек ұсынған өтінімдер санына байланысты қойылады:

      10-нан 15-ке дейін – "+1" балл;

      16-дан 20-ға дейін – "+2" балл;

      21-ден 25-ке дейін – "+3" балл;

      26-дан 30-ға дейін – "+4" балл;

      30-дан жоғары – "+5" балл;

      13) "Б" корпусы қызметшісінің техникалық ерекшеліктерді уақтылы және сапалы әзірлегені және қарастырғаны үшін. Балл есептік кезеңде құжаттар санына байланысты қойылады:

      10-нан 15-ке дейін – "+1" балл;

      16-дан 20-ға дейін – "+2" балл;

      21-ден 25-ке дейін – "+3" балл;

      26-дан 30-ға дейін – "+4" балл;

      30-дан жоғары – "+5" балл;

      14) мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде орындалған жұмыс актілерін, сараптамаларды уақтылы және сапалы тексергені үшін. Балл есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде орындалған жұмыс актілерінің және сараптамалардың санына байланысты қойылады:

      5-тен 10-ға дейін – "+2" балл;

      11-ден 15-ке дейін – "+3" балл;

      16-дан 20-ға дейін – "+4" балл;

      20-дан жоғары – "+5" балл;

      15) заңнамалық актілердің талаптарын іске асыру шеңберінде салалық қорытындыларды уақтылы және сапалы бергені үшін. Балл есептік кезеңде заңнамалық актілердің талаптарын іске асыру шеңберінде берілген салалық қорытындылардың санына байланысты қойылады:

      5-тен 10-ға дейін – "+1" балл;

      11-ден 15-ке дейін – "+2" балл;

      16-дан 20-ға дейін – "+3" балл;

      21-ден 25-ке дейін – "+4" балл;

      25-тен жоғары – "+5" балл;

      16) аудит қорытындысы бойынша бұзушылық тізілімінде көрсетілген сома көлемін аудитпен қамтылғанның пайыздық қатынастағы бұзушылықтар сомасын анықтағаны үшін. Балл есептік кезеңде аудитпен қамтылған бұзушылық тізілімінде көрсетілген сома көлеміне байланысты қойылады:

      10%-дан - 15%-ға дейін - "+3" балл;

      15 %-дан - 30 %-ға дейін - "+4" балл;

      30% -дан жоғары - "+5" балл;

      17) ішкі аудит барысында республикалық бюджетке немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджетіне өтеуге жататын соманы өтеуді қамтамасыз еткені үшін. Балл "Б" корпусы қызметшісінің есептік кезеңде өтелген соманың пайызына байланысты қойылады:

      10%-дан - 15%-ға дейін - "+3" балл;

      15%-дан - 30%-ға дейін - "+4" балл;

      30%-дан жоғары - "+5" балл.

      Бұл ретте ішкі аудит барысында өтеу сомасы кемінде 1 миллион теңге болған жағдайда, көтермелеу балы қойылады.

      18) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының қатысуымен мемлекеттік органдар басшыларын, азаматтық қоғам өкілдерін, Парламент депутаттарын, шетел делегаттарын, бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып, ірі іс-шараларды ұйымдастырып, сәтті өткізгені үшін, сондай-ақ Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы арнайы ақпараттық жобалар үшін – "+1"-ден "+5" балға дейін. Көтермелеу балы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге тікелей жұмылдырылған "Б" корпусы қызметшісіне қойылады; Аталған критерий бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы "+15" балдан аса алмайды.

      Бағалау кезінде іс-шараны ұйымдастыру сапасы, оның ішінде материалдардың сапасы және дайындау уақтылығы, іс-шараға қатысушылар тарапынан ескертулердің болмауы, іс-шараларда қабылданған шешімдердің өзектілігі және Министрліктің салаларын немесе қызметтерін дамыту үшін нәтижелердің тиімділігі ескеріледі;

      19) құрылымдық бөлімше жұмысының және "Б" корпусы қызметшісінің функционалдық міндеттерінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшымен белгіленген (расталған) күрделілігі, еңбек шығыны сияқты белгілері бар өзге де жүйелі жұмыс үшін – "+1"-ден "+5" балға дейін. Аталған критерий бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы "+5" балдан аса алмайды. Критерий Министрліктің мақсаттарына жету мен міндеттерін іске асыруда "Б" корпусы қызметшісінің пайдалылығы мен жұмысының оң әсерін көрсетуге тиіс.

      Осы тармақтың 4 - 9) және 15) тармақшаларында көзделген "ескертулер мен ұсыныстар жоқ", жоспарланған іс-шараларға қатысу үшін кандидатуралардың тізімін растау не ұсыну, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері бойынша жауап қайтарған құжаттар үшін көтермелеу балы жоғарыда көрсетілген тармақшаның талаптарына сәйкес қойылады."

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әрбір көтермелеу көрсеткіші немесе қызмет түрі үшін "Б" корпусы қызметшісіне тікелей басшысы бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" -ке дейін балдар қояды.

      Сыйақы есептеу үшін қызметкерлердің тиімділік коэффициенті келесі схема бойынша жалпы көтермелеу балдарына байланысты анықталады:

      100 балдан төмен – 0,75

      100-109 балл – 0,8

      110-119 балл – 0,85

      120-129 балл – 0,9

      130-139 балл – 0,95

      140 балл және одан жоғары – 1 және айыппұл балдарын ескере отырып, қорытынды бағалау нәтижесіне көбейтіледі.".

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады және жалпы көтермелеу балдарынан шегеріледі.

      20. Айыппұл балдары шегерілген қорытынды көтермелеу балы 40 балдан аса алмайды.

      21. Орындау тәртібін бұзуға мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларын орындамау, орындау мерзімдерін бұзу, орындау мерзімдерін ұзарту, сапасыз орындау фактілері енгізбегенге, уақтылы енгізбегенге, не жоғарыда аталған тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға сапасыз ақпарат енгізгенге тең.

      Аталған фактілер екі және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 20-ға көбейтіледі;

      2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмаларын орындамау, орындау мерзімдерін бұзу, орындау мерзімдерін ұзарту, сапасыз орындау фактілері енгізбегенге, уақтылы енгізбегенге, не жоғарыда аталған тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға сапасыз ақпарат енгізгенге тең. Айыппұл балы аталған критерий бойынша кемінде үш жұмыс күн (қоса алғанда) орындау мерзімі бар құжаттарға қойылмайды;

      Аталған бұзушылық фактілері екі және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасарларының тапсырмаларын орындамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдарына жауаптарын қайтармау, орындау мерзімдерін бұзу, орындау мерзімдерін ұзарту, сапасыз орындау фактілері енгізбегенге, уақтылы енгізбегенге, не жоғарыда аталған тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға сапасыз ақпарат енгізгенге тең. Айыппұл балы аталған критерий бойынша кемінде үш жұмыс күн (қоса алғанда) орындау мерзімі бар құжаттарға қойылмайды;

      4) осы тармақтың 1-3) тармақшаларында көрсетілген тапсырмалар бойынша жинақтауды жүзеге асыратын Министрліктің құрылымдық бөлімшесіне ақпарат енгізбеу, орындау мерзімдерін бұзу не сапасыз ақпарат енгізу фактілері;

      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің блогына келіп түскен өтініштерді қарастыру мерзімдерін бұзу фактілері.

      Аталған бұзушылық фактілері екі және одан да көп болған жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 20-ға көбейтіледі;

      6) мемлекеттік органдар келісуге жолдаған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің регламентімен көзделген мерзімдерін бұзу фактілері;

      7) осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларына жатпайтын кіріс хат-хабарларды орындау мерзімдерін бұзу фактілері;

      8) Министрліктің ішінде бірлесіп орындаушымен негізгі орындаушыға электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі/мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы негізгі орындаушының орындау тәртібін бұзуына әкелетін ақпаратты уақтылы енгізбеу және/немесе сапасыз енгізу фактілері. Негізгі орындаушыға айыппұл балы қойылмайды;

      9) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне нормативтік құқықтық актілер жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге енгізу мерзімдерінің бұзылу фактілері;

      10) нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда, айыппұл балы сондай көлемде нормативтік құқықтық акті жобасын келіскен Заң департаментінің қызметкеріне қойылады;

      11) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен нормативтік құқықтық акті заңнама талаптарына сәйкес ескертулермен қайтарылған жағдайда, айыппұл балы негізгі орындаушыға қойылады, ал Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңанамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға сәйкес келмеуіне қатысты ескертулер болған жағдайда, айыппұл балы Заң департаменті қызметкерлеріне қойылады.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен нормативтік құқықтық акті екі және одан да көп кері қайтарылған жағдайда, айыппұл балы 3-ке көбейтіледі, ал Әділет министрлігінен екі және одан да көп кері қайтарылған жағдайда, айыппұл балы 2-ге көбейтіледі;

      12) жоғарғы тұрған мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер жобалары мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы мәніне және қазақ тілінің грамматикалық ережелеріне сәйкестігіне мемлекеттік тілді дамытуға жауапты "Б" корпусы қызметшісінің ескертулер алу фактілері;

      13) жауапты орындаушының 3 және одан да көп бақылау құжаттарының орындалу карточкаларын уақтылы және сапасыз жабу фактілері болған жағдайда, әрбір факті бойынша "-2" айыппұл балы қойылады;

      14) Министрмен немесе оның міндеттерін атқарушы адаммен, жауапты хатшымен және вице министрмен бекітілген хаттамалық тапсырмаларын және іс-шаралар жоспарларын уақтылы және/немесе сапалы орындамау фактілері;

      15) құрылымдық бөлімшеге бөлінген жалпы қаражатты субъективті себептер бойынша бюджет құралдарын уақтылы игермеу:

      2 %-ға дейін – "-2" балл;

      2,1% - 5% – айыппұл балы 2-ге көбейтіледі;

      5,1% - 10% – айыппұл балы 3-ке көбейтіледі;

      10%-дан жоғары – айыппұл балы 10-ға көбейтіледі;

      16) субъективті себептер бойынша ерекшеліктер арасында сомаларды ауыстыру, ағымдағы айдан алдағы айға ерекшелік сомасын ауыстыру немесе бағдарлама/кіші бағдарлама шеңберінде басқа іс-шараларға бюджет құралдарын қайта бөлу бөлігінде қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілері.

      Аталған тармақ бойынша екі және одан да көп бұзушылық фактілері болған жағдайда, айыппұл балы 2,5-ке көбейтіледі;

      17) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ішкі актімен белгіленген рәсімдер мен мерзімді бұзу фактілері.

      Бұзушылық фактілері 3-тен көп болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      18) заңнамамен белгіленген мемлекеттік сатып алу веб-порталында дауыс беру, мемлекеттік сатып алу туралы хаттамаға қол қою мерзімдерін бұзу фактілері. Бұзушылық фактілері 3-тен көп болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      19) заңнама актілерінің талаптарын іске асыру шеңберінде салалық қорытындылар берудің мерзімдерін бұзу фактілері. Бұзушылық фактілері 3-тен көп болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      20) есептік кезеңде бақылаушы не жоғары тұрған органдармен тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған және Министрлікпен қабылданған бюджет және өзге де заңнамаларының бұзылу фактілері;

      21) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінен және оның аумақтық бөлімшелерінен төлем шоттары және заңнамада белгіленген тәртіппен бұзылып ресімделген басқа да қаржы құжаттарын қайтару фактілері. Айыппұл балы осы құжаттарды ресімдеуге жауапты қызметкерлерге қойылады;

      22) заңнама талаптарына сәйкес құпиялылық режимін бұзу фактілері (рұқсатсыз шетелге шығу, рұқсатты ресімдеуге құжаттарды уақтылы тапсырмау, Министрлікте шетел азаматтарын қабылдау бойынша ішкі тәртіпті сақтамау, жұмыс компьютерлерінде құпия файл құжаттармен жұмыс істеу және сақтау және тағы басқа). Аталған тармақ бойынша екі және одан көп бұзушылықтар болған жағдайда, айыппұл балы 5-ке көбейтіледі;

      23) есептік кезеңде Министрлікке берілген және талап қоюшы пайдасына сотпен қанағаттандырылған, не Министрліктің пайдасына Министрлікпен берілген және сотпен қанағаттандырылмаған талаптардың болуы;

      24) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін уақтылы немесе сапалы өткізілмеуі;

      25) "Б" корпусы қызметшісі тікелей қызмет көрсеткен жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында және регламенттерінде көзделген мерзімдерін бұзу фактілері;

      26) Министрліктің ресми интернет-ресурсын толықтыру үшін ақпараттық материалдарды уақтылы ұсынбау, не сапасыз ұсыну фактілері;

      27) тікелей басшысының тапсырмаларын уақтылы және (немесе) сапалы орындамау фактілері.";

      22-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу; жұмысқа 5 реттен көп кешігу болған жағдайда немесе жиынтық уақыты 60 минуттан асқан жағдайда, әрбір бұзушылық фактісі үшін айыппұл балы 3-ке көбейтіледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Құрылымдық бөлімшенің басшысы персоналды басқару қызметі және әдеп жөніндегі уәкіл ұсынған "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтерді ескере отырып, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мәніне бағалау парағын қарайды, оған түзетулер енгізеді (болған жағдайда) және оны келіседі.

      Құрылымдық бөлімшенің басшысы әрбір "Б" корпусы қызметшісіне жеке көтермелеу ("+1"-ден - "+5" балға дейін) және айыппұл ("-2" балл) балдарын қояды. Бұл ретте Министрліктің мақсаттарына жету мен міндеттерін іске асыруда "Б" корпусы қызметшісінің пайдалылығы мен жұмысының оң әсері, есептік кезеңде жұмыс жүктемесі және оның іскерлік қасиеттері ескеріледі. Бұл ретте осы балдар айыппұл балдары шегерілгеннен кейін қойылады. Орындау немесе еңбек тәртібін бес және одан да көп бұзу фактілері болған жағдайда, осы тармақ бойынша көтермелеу балы қойылмайды. Аталған критерий бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жалпы көтермелеу балы "+15" балдан аса алмайды.";

      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалау жөніндегі комиссия қызметшіге көтермелеу балын негізсіз қою фактілерін анықтаған жағдайда, аталған балл қызметшіден алынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті (А.Ә. Рахымбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысына

      (Ж.М. Қожахметов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ақпарат және коммуникациялар


министрі

Д. Абаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады