"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 1069 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда 14555 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 279 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазандағы № 191 (28317) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың 6-тармағы:

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

      мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;

      4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;

      5) шетелдік заңды тұлғаның жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не олардың өкілі "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жiбередi:

      1) өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

      3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;

      4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.";

      30-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын.

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, онда қабылдаушы тараптың уәкілетті адамы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезеңінде еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында жасалған құжатпен (хат немесе ауыстыру туралы келісіммен) реттеледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік жұмыскерге қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау бойынша талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен одан корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның арасында келісілген еңбек шартымен (немесе еңбек қатынастарын растайтын өзге құжатпен) реттеледі.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болған және олар Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес біліктілік талаптарына сай келген жағдайда беріледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатуралар іздеуді жұмыс беруші "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер жіберу жолымен жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің рұқсат беру туралы өтінішін қабылдауды бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен ерте емес және күнтізбелік алпыс күннен асырмай жүзеге асырады.".

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшiн жұмыс берушi "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.";

      50-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.";

      60-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Жұмыс беруші шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.";

      62-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 4, 5, 7 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 15 желтоқсан



  "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
министрінің бұйрығына
1-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
4-қосымша

      нысан

      Қайда __________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы қалаларының

      жергілікті атқарушы органының атауы)

      Кімнен __________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

      ӨТІНІШ

      _____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:

      бірінші санат бойынша – ____ адамға,

      олардың ішінде лауазымдары

      (кәсіптері) бойынша: _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      екінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      ____________________________________________________________________

      үшінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      ____________________________________________________________________

      төртінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      маусымдық жұмыстарға – ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға

      рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын)

      сұраймын.

      Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық

      қызмет түрі:

      ____________________________________________________________________.

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік

      жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Облыс (қала):______________________.

      Шетелдік жұмыскерлер саны: ______________________, оның ішінде:

      басшы – ___ адам,

      лауазымы _____________________________________________________;

      менеджерлер – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________

      мамандар – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________

      Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:________________________

      _______________________________________________________________

      Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер: _____________

      _______________________________________________________________

      Ұйымның меншік нысаны _________________________________________

      _______________________________________________________________

      Құрылған күні 20___ жылғы "____" _________________.

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы

      куәлік ______________________________________________________________

      (нөмірі, қашан және кім берген)

      жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:___________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі ___________________________________

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты ______________________________

      _____________________________________________________________________

      (шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)

      Мекенжайы, телефон, факс ______________________________________

      Қоса берілетін құжаттар: ______________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу

      қажеттілігінің негіздемесі: _________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік

      жұмыскерлерді тартқан кезде

      Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: ________

      ____________________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі: _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: _______________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _____________

      ____________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,

      сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен

      шарттарының 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасында қызметін филиал,

      өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның жұмыскері

      болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші

      туралы мынадай деректер толтырылады:

      Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы: ___________

      _______________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер: _____________________

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: ___

      _______________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі ___________________________________

      _______________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны ___________________________

      "Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға

      рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік

      ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым.".

      Басшы _________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      20 ___ж. "___" ______________

      М.О.

      Өтініш 20 ___ж. "____" ______________ қарауға қабылданды ______

      _______________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)

  "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
министрінің бұйрығына
2-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
5-қосымша

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін
ұсынылатын құжаттар

      1. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

      2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат. Шетелдік жұмыс күшін басымды жобаларға тартқан кезде жұмыс беруші Қағидалардың 7-тармағына сәйкес басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты ұсынады.

      3. Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) және жоғарыда көрсетілген құжаттар қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаса, нотариат куәландырған аудармасы.

      4. Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, шетелдік жұмыскер мен одан шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында келісілген құжаттың (хат немесе ауыстыру туралы келісімнің) нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) және осындай құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаса, нотариат куәландырған аудармасы.

      5. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      6. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан жағдайда осы қосымшаның 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

  "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
министрінің бұйрығына
3-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
7-қосымша

      нысан

      кімнен _________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы қаласының

      жергілікті атқарушы органының атауы)

      кімге__________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық

      атауы және мекенжайы)

      _________________________________

      ХАБАРЛАМА

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)

      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы шешім

      қабылданғаны жөнінде хабарлайды.

      ____________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

      ____________________________ үшін салықтық алым енгізу талап етіледі:

      (рұқсат (тар) беру немесе ұзартуды көрсету)

      ___________________________________________________________________.

      (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін және

      лауазымын, шетелдік жұмыскер тартылатын экономикалық қызмет түрін

      және салықтық алымның сомасын көрсету)

      Рұқсатты беру/ұзарту үшін салықтық алымды мына шотқа енгізу талап

      етіледі: №_____________________, бюджеттік сыныптама коды: ____

      Салықтық алымның төленгені туралы он жұмыс күні ішінде

      жергілікті атқарушы органға салықтық алымның төленгенін растайтын

      құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) енгізу жолымен

      хабарлау қажет.

      Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні

      ішінде салықтық алымның төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың)

      көшірмесін (көшірмелерін) ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы

      органның рұқсат беру туралы шешімінің күші жойылады.

      Басшы ____________________ ________ _____________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы) (күні: күні, айы, жылы)

  "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің міндетін
атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
министрінің бұйрығына
4-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына
9-қосымша

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік
жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар

      1. Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмесі).

      2. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат.

      3. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

      2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 47-тармағында көзделген корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.

      5. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      6. Осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес жұмыс берушімен рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу нысаны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады