ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына 1-қосымша |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 14-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
5) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген көшіп келушілер;
8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс берушілер еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;
9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
10) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат.
2-тарау. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттары
1-параграф. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттары
3. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады www.egov.kz, www.elicense (бұдан әрі – ЭҮП) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптары) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.
4. Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат – басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күнді есептемегенде бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және жұмыс беруші ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша құжаттарды толтырмаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаудан бас тартуды (белгіленген нысан бойынша ұсынылмаған және (немесе) толтырылмаған құжаттарды және өзге де құжаттарды көрсете отырып) жүргізеді ережелерге сәйкес сәйкессіздіктер).
Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту ЭҮП-дағы "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
7. Жергілікті атқарушы органның қызметкері жұмыс беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш пен құжаттарды ұсынған кезде оларды қабылдауды және тіркеуді өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), бергені үшін алымды төлеу туралы мәліметтер жұмыс беруші рұқсаттарды тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген сәттен бастап 6 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құрамына осы Қағидалардың 10 – тармағында көзделген ұйымдардың өкілдері кіретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) қарауына береді.
Комиссияның құрамын жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.
8. Рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы шешім жұмыс берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығы түрінде қабылданады.
Жұмыс берушінің рұқсат алуға өтінішін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті атқарушы орган Жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Келісуші жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде (жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап) біреуден астам әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданысы бар рұқсат беруді жергілікті атқарушы органға келісу туралы шешім ұсынады
Жергілікті атқарушы органның біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданысы бар рұқсатты беруі немесе ұзартуы келісуші жергілікті атқарушы органның оң шешімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Келісуші жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде (жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте рұқсатты беру немесе ұзарту туралы келісу не келісуден бас тарту туралы шешім жібереді.
Жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды.
Комиссияның әрбір отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.
9. Ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулер туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге өтінішті қабылдау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ЭҮП-дағы "жеке кабинеткеә электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
10. Комиссия құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімше өкілдері кіреді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жұмыс беруші және/немесе оның өкілі Комиссия отырысына қатысады. Жұмыс беруші және/немесе оның өкілі Комиссия отырысына келмеген жағдайда, бұл комиссияны ауыстыру үшін негіз болып табылмайды. Жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысының күні, уақыты және орны туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында отырыс күніне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын орналастырады.
12. Рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" не телекоммуникациялық құралдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша өтініш берушіге позиция білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын жібереді/хабарлайды.
Хабарламада осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 27 немесе 32-тармағында көзделген бас тарту негіздері көрсетіледі.
13. Рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
14. Төртінші санат бойынша рұқсат беру кезінде жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлердің бірдей лауазымдары бойынша қазақстандық азаматтармен алты айдан бір жылға дейін ауыстыруды жүзеге асырады.
Рұқсаттарды беру кезінде міндеттемелерді жұмыс берушімен келісу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
15. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 14-6) тармақшасына сәйкес айқындалатын кәсіптер тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
16. Жергілікті атқарушы орган халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.
17. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген тиісті күнтізбелік жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота санынан аспайды.
18. Біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әрекет ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру аумағына жұмыс беруші рұқсатты беруге немесе ұзартуға өтініш берілген жергілікті атқарушы органның (дардың) рұқсатының қолданылуын таратуға өтініш білдірген жергілікті атқарушы органның келісуі шартымен жүзеге асырылады
Келісу осы Қағидалардың 27 және 32 тармақтарының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.
19. Жергілікті атқарушы органның рұқсаттарды беруі немесе ұзартуы мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;
2) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны.
Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік қызметкерлер қатарында Қазақстан Республикасының "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есепке алынбайды.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағының күші мыналарға қолданылмайды:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкер;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квоталар шеңберінде берілетін рұқсаттар;
5) жұмыскерлер саны 10 адамнан аспайтын шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдары.
21. Инвестициялық басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылатын жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
22. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетіне төленеді.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде берілетін рұқсаттар тегін негізде жүзеге асырылады.
23. Жұмыс беруші рұқсат беру туралы хабарламаны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды жергілікті атқарушы органға ұсынбаған кезде, жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімі, сондай-ақ рұқсаттың қолданылуы осы Қағидалардың 41-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқтатылады.
Бас тарту туралы хабарлама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
24. Жергілікті атқарушы орган рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
25. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар мерзімінде:
1) бірінші санат үшін – рұқсат беру мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен жұмыс берушінің бір, екі немесе үш жылға арналған өтініші негізінде;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі айға, он екі айға ұзартыла отырып, бірақ үш реттен аспайтын мерзімге;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға;
4) маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін – ұзарту құқығынсыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейін беріледі.
26. Осы Қағидалардың шетелдік қызметкерлерге қолданылатын ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде немесе осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
27. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда берілмейді:
1) бөлінген квота мөлшерінен асып кеткен;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;
4) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда мұндай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 16-1) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының, Кодекстің 16-бабының 16) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді.
28. Басқа шетелдік қызметкерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе онымен еңбек шартын бұзған, хаттың немесе ауысу туралы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын тоқтатылған, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, оның біліктілік талаптарына сәйкес жаңа нөмір берілген кезде жол беріледі. Кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасында көзделген тәртіппен, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге осы кәсіп үшін белгіленген.
Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларда көзделген рұқсат қайта ресімделетін шетелдік қызметкерге құжаттарды жібереді. Бастапқыда берілген рұқсат осы Қағидалардың 41-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тоқтатылуға жатады.
29. Басқа шетелдік қызметкерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссия отырысында қараусыз қабылдайды.
Рұқсатты қайта ресімдеу бойынша жергілікті атқарушы органның қабылданған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
30. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартуға күнтізбелік алпыс күннен ерте емес және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жол беріледі.
31. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттар негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешімі болған кезде рұқсат осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген мерзімге ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен басталады.
32. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда ұзартылмайды:
1) бөлінген квота мөлшерінен асып кеткен;
2) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы;
3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау;
4) Жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда рұқсаттар осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде ұзартылмайды.
33. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге рұқсат беру мерзімін ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" ұзарту туралы шешім қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде не шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
34. Жұмыс беруші рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартқаны үшін алым енгізілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
35. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды жергілікті атқарушы органға ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" бас тарту туралы хабарлама жібереді.
36. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты ұзартқаны үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
37. Жергілікті атқарушы орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
38. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілмейді, тек тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің рұқсаттар алынған шетелдік жұмыскерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуіне бір күнтізбелік жыл ішінде күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге жол беріледі.
39. Егер Қазақстан Республикасында өз қызметін филиал, өкілдік құрмай
жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз қызметкерлерін жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз қызметкерлерін жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымы, өкілдігі, филиалы, онда осындай шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері болса, онда қабылдаушы тараптың уәкілетті тұлғасы ЭҮП арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Рұқсаттар беру осы Қағидалардың 8, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 23, 24, 27 және 32-тармақтарында белгіленген тәртіппен белгіленеді.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезеңінде еңбек қатынастары шетелдік қызметкер мен шетелдік жұмыскер уақытша ауыстырылатын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші арасында келісілген құжатпен (хатпен немесе ауыстыру туралы келісіммен) реттеледі.
40. Рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік қызметкерді тартқан кезде, сондай-ақ жұмыс беруші осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған кезде жергілікті атқарушы орган қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді.
Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
41. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады:
1) ол берілген мерзім өткеннен кейін;
2) рұқсатты қайтарып алу;
3) жеке тұлға-жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) Жұмыс берушінің рұқсатты жергілікті атқарушы органға ерікті түрде қайтаруы;
5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері енгізілмеген жағдайда;
6) басқа шетелдік қызметкерге рұқсатты қайта ресімдеу.
Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың 2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) аумақтық органына рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат жібереді.
42. Осы Қағидалардың жұмыс берушілерге қолданылатын ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде немесе осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғаның заңды тұлғаларына, филиалдарына, өкілдіктеріне де қолданылады.
2-параграф. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту шарттары мен тәртібі
43. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік қызметкерге жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимі, сондай-ақ қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары шетелдік қызметкер мен корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға арасында келісілген еңбек шартымен (немесе еңбек қатынастарын растайтын өзге де құжатпен) реттеледі.
44. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту тегін негізде жүзеге асырылады.
45. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) басшылар;
2) менеджерлер;
3) мамандар.
46. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат басшының, менеджердің және маманның ел аумағында құрылған заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болған жағдайда беріледі – корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі және шетелдік жұмыскерлердің Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 01-99 "Қызмет сыныптауышы" мемлекеттік ссыныптауышына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі қызметкердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі туралы корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның хатымен, сондай-ақ қызметкердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын қабылдаушы Тараптың хатымен расталған кезде беріледі.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын басшылар мен менеджерлердің лауазымдары басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 01-99 "Қызмет сыныптауышы" Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес басшылар лауазымдары үшін белгіленген біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
47. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ЭҮП арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға өтінішті 1-қосымшаға сәйкес ұсынады осы Қағидаларға.
48. Жергілікті атқарушы орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші құжаттарды берген кезде жұмыс берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
49. Өтінішті қабылдаған жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеу күнін қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде жұмыс берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді және осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың және (немесе) құжаттардың дұрыс емесігі анықталған жағдайларда осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды.
51. Жергілікті атқарушы орган корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсат беру не беруден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы жұмыс берушіні ол қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
52. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "Жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
53. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" оның негізі көрсетілген хабарлама жібереді.
54. Рұқсат беру кезінде жұмыс беруші өз таңдауы бойынша мынадай ерекше шарттардың бірін таңдап алады:
1) тартылатын шетелдік қызметкер мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша қайта даярлау;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) шетелдік қызметкерлер тартылатын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру.
55. Жұмыс берушіде кадрларда жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама болған кезде ерекше шарттарды қабылдау талап етілмейді.
56. Корпоративішілік аудару кезінде:
менеджерді алса - жұмыс беруші осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
маманды алса -жұмыс беруші осы Қағидалардың 54-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
57. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттар санына сәйкес ерекше шарттардың санын қабылдайды.
58. Рұқсат алу үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
59. Көзделген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың шарттарын орындау:
осы Қағидалардың 54-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
осы Қағидалардың 54-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен рұқсаттың қолданылу мерзімінің алғашқы алты айы ішінде басталады.
60. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын, тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына елу пайыздан аспайтын шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер мен мамандар) санының пайыздық арақатынасын қамтамасыз етеді.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жұмыс беруші осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады.
61. Шетелдік қызметкерді басшы лауазымдарына тарту кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.
62. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда берілмейді:
1) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы;
2) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісі анықталуы. Мұндай жағдайларда мұндай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді;
3) орындау мерзімі басталған алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың ерекше шарттары орындалмаған (олар болған кезде);
4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
5) кадрларда жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада көзделген шараларды (шарттарды) орындамау (олар болған кезде).
63. Басқа шетелдік қызметкерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу біліктілік талаптарына сәйкес болған кезде жаңа нөмір бере отырып, шетелдік жұмыс күшін тарту, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мемлекеттік қызмет стандартының құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттармен расталған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе онымен еңбек шартын бұзған, хаттың немесе ауыстыру туралы келісімнің қолданылу мерзімі рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
64. Корпоративішілік басқа шетелдік қызметкерге ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссия отырысында қараусыз қабылдайды.
65. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартуға күнтізбелік алпыс күннен ерте емес және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жол беріледі.
66. Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қағидаларға сәйкес құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссия отырысында қараусыз жүзеге асырады.
67. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге рұқсат беру мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарламаны" корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің жеке кабинетіне жібереді.
68. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
69. Рұқсатты ұзарту кезінде жұмыс беруші осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес өз таңдау бойынша ерекше шарттардың бірін таңдайды.
70. Рұқсатты ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат осы Қағидалардың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
71. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын орындау осы Қағидалардың 59-тармағына сәйкес көзделеді.
72. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші осы Қағидалардың 60-тармағына сәйкес пайыздық арақатынасты қамтамасыз етеді.
73. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат осы Қағидалардың 62-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ұзартылмайды.
74. Жергілікті атқарушы орган мынадай жағдайларда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді:
1) рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік қызметкерді тарту;
2) Жұмыс берушінің осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ҚР ІІМ аумақтық органына жібереді.
75. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген, бірақ он екі айға бір реттен аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Еңбек шарты болмаған кезде корпоративішілік ауыстыру мерзімі корпоративішілік ауыстыру туралы хатпен немесе келісіммен (шартпен) айқындалады, бірақ он екі айға бір реттен артық емес ұзарту құқығымен үш жылдан аспайды.
76. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілуге жатпайды, жұмыс беруші рұқсаттар алған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуді қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге ғана қолданылады. бір күнтізбелік жыл ішінде.
77. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады:
1) ол берілген мерзім өткеннен кейін;
2) рұқсатты қайтарып алу;
3) жеке тұлға-жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс берушінің рұқсатты жергілікті атқарушы органға ерікті түрде қайтаруы.
78. Жергілікті атқарушы орган:
1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің есебін жүргізеді;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.
Ескерту. 78-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.79. Шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлға филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе атауы өзгерген жағдайда рұқсатты қайта ресімдеу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелерді, не ол уәкілеттік берген тұлға ЭҮП арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға өтінішті ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.
Рұқсатты қайта ресімдеу бойынша жергілікті атқарушы органның қабылданған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
80. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органға ерекше шарттардың орындалуы және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді ұсынады.
81. Шетелдік жұмыскер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген жұмыс орнына келмеген жағдайда жұмыс беруші ерекше шартты орындамайды.
Бұл ретте, жұмыс беруші шетелдік қызметкердің келмегені туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органға жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның немесе оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
82. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.
Өтініш берушінің жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
83. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
ӨТІНІШ
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты (ларды) беруді/ұзартуды/қайта
ресімдеуді (керегінің астын сызуды) сұраймын ______________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала (лар), астана көрсетілсін)
______адамға, оның ішінде: бірінші санат бойынша - ___ адам, оның ішінде
лауазымдар (кәсіптер) бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету
(рұқсатты беру/ұзарту кезінде):
________________________________________________________________________
екінші санат бойынша - _____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер) бойынша:
________________________________________________________________________
үшінші санат бойынша - _____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер) бойынша:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
төртінші санат бойынша - ____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер) бойынша:
________________________________________________________________________
маусымдық жұмыстарға - _____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер)
бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету (рұқсат беру кезінде):
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:
________________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді
тарту кезінде:
Облыс (қала): ____________________________________________________________.
Шетелдік жұмыскерлердің саны: _________адам, оның ішінде: басшы ______адам,
лауазымы
________________________________________________________________________;
менеджерлер _____адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер)бойынша:
________________________________________________________________________;
мамандар _____адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер)бойынша:
________________________________________________________________________
Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның)атауы:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Ұйымның меншік нысаны
________________________________________________________________________
Құрылған күні 20___ жылғы "____" _____________.
Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркеу туралы куәлік
________________________________________________________________________
(нөмір, қашан және кім берді) жеке сәйкестендіру нөмірі:
________________________________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі:
________________________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(шағын / орта / ірі кәсіпкерлік субъектісі)
Мекен-жайы, телефоны, факсы: _____________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар: _____________________________________________
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу қажеттілігінің
негіздемесі: ______________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Шетелдік заңды тұлғаның-Жұмыс берушінің толық атауы:
________________________________________________________________________
Резиденттік елінде тіркеу туралы деректер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
( № , мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы:
________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі:
________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі орналасқан жері, телефон:
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _______
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды
беру немесе ұзарту сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 11-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес бекітілген корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 39-тармағына сәйкес:
________________________________________________________________________
Шетелдік заңды тұлғаның-жұмыс берушінің толық атауы:
________________________________________________________________________
Резиденттік елінде тіркеу туралы деректер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(№ , мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы
________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі: ___________________________________________
Резиденттік елдегі орналасқан жері, телефон:
________________________________________________________________________
"Қолданыстағы Қағидалармен және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды
беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
шарттарымен таныстым (а)".
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.
Басшы __________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20__жылғы "___" ___________.
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "___" ___________.
________________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 2-қосымша |
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру бірінші, екінші, үшінші, төртінші санаттарға және маусымдық шетелдік қызметкерлерге арналған;
2. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу күштер;
3. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту;
4. тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу корпоративішілік ауыстыру шеңберіндегі шетелдік жұмыс күшін;
5. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту корпоративішілік ауыстыру шеңберінде;
6. тегін, атын өзгертуге байланысты рұқсатты қайта ресімдеу, шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың әкесінің аты, нөмірі және сериясы және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлға филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөлу, бөлу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелер өзгерген жағдайда.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | www "электрондық үкімет" веб-порталы. egov. kz, www. elicense.kz |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзім |
Рұқсат беру 19 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат, қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы / тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Маусымдық шетел қызметі тарту кезінде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар | Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде мемлекеттік қызметті, сондай-ақ портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Жұмыс берушінің порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777. |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 3-қосымша |
|
нысан |
_______________________________________________________________ (рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ
_______________________________________________________________
20 __ жылғы "___" _________ № ____
Жұмыс беруші
_______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
_______________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендіру нөмірі;
_______________________________________________________________
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру
нөмірі, үйінің мекенжайы)
_______________________________________________________________
Рұқсат қолданылатын аумақ ______________________________________
_______________________________________________________________
Шетелдік жұмыскер______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)
_______________________________________________________________
(паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)______________________________
Рұқсатты беру үшін негіздеме _____________________________________
_______________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі_____________бастап ___________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)
Хабарлама
_______________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының атауы)
_______________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/беруден бас тарту/ұзартудан
бас тарту туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.
Оң шешіммен __________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
салық төлемін енгізу қажет:
(рұқсат (тар) беру немесе ұзартуды көрсету)
______________________________________________________________________.
(шетелдік жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін
және лауазымын, тартылатын экономикалық қызмет түрін және салық
алымының сомасын көрсету қажет)
Рұқсатты беру/ұзарту үшін салық алымын мына шотқа енгізу талап етіледі:
№_____________________, бюджеттік сыныптама коды: 105433
Назар аударыңыз! |
Салық алымының төленгені туралы он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға салық алымының төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) енгізу жолымен хабарлау қажет.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық алымының төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімінің күші жойылады.
Басшы ____________________ ________ _________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы) (күні: күні, айы, жылы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 5-қосымша |
|
нысан |
Жұмыс берушімен келісу нысаны рұқсаттарды беру кезіндегі міндеттемелер
Р/с № | Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) | Шетелдік жұмыскерлерді алмастыру жүзеге асырылатын кәсіптің (мамандықтың) атауы | Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
____________________________________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы " ____" ________
Келісілді:
_______________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы "____" ________
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Нысан индексі: КЖҚ-1
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күн______ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту үшін жүгінген кезде
Нысан
Р/с № | Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары | Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам | Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам. | 3-баған+ 5-баған | 4-баған+ 5-баған | қызметкерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің %-ы, 7-баған/ 6-баған*100% | |
Барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) | Оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | 1 және 2- санат | ||||||
2 | 3 және 4- санат | ||||||
3 | Барлығы |
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
Жұмыс беруші:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – КЖҚ-1, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты көрсетіледі;
3-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) көрсетіледі;
4-бағанда оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;
5-бағанда тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істеп тұрған қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлерді тартуға жоспарланатын қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда жұмыскерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің пайызы көрсетіледі, 7-баған/ 6-баған*100%.
________________________________________________
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 7-қосымша |
|
нысан |
Кадрлардағы жергілікті қамту шарттары инвестициялық басым жобалар үшін
Р/с № | Басымды жобаның атауы | Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары | Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың % | Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің % | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
1. | 1-санаттағы | |||||
2- санаттағы | ||||||
3- санаттағы | ||||||
4- санаттағы | ||||||
Келісілді: | Келісілді: | Келісілді: |
___________________ |
___________________ |
____________________ |
____________________ |
___________________ |
____________________ |
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат
Нысан индексі: РАҰҮҚЕШ-2
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күн______ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ерекше жағдайларда рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін жүгінген кезде
Нысан
Р/с № | Тартылатын шетелдік қызметкерлердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) | Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіп (мамандық) және (немесе) саны көрсетілген ерекше шарттардың атауы | Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жұмыс беруші:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – РАҰҮҚЕШ-2, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;
3-бағанда жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) көрсетіледі;
4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олардың санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы көрсетіледі;
5-бағанда ерекше шарттардың орындалу мерзімі көрсетіледі.
________________________________________________
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Нысан индексі: КАШШҚТККЖҚ-3
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күні______ айы ____ жылы
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде
Нысан
Р/с № | Лауазымдардың атаулары | Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам | Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам | 3-баған + 5-баған | 4-баған + 5-баған | корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %-ы Қазақстан азаматтары қатарындағы қызметкерлердің жалпы санына, 7-баған/6-баған*100 % | |
Барлығы | оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Менеджерлер | ||||||
2 | Мамандар | ||||||
3 | Барлығы |
Ескертпе: егер шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
Жұмыс беруші:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – КАШШҚТККЖҚ-3, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлер тартатын лауазымдардың санаттарының атауы көрсетіледі;
3-бағанда жұмыс берушінің барлық қызметкерлерінің саны, адам көрсетіледі;
4-бағанда оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;
5-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істеп тұрған жұмыскерлердің және шетелдік жұмыскерлерді тартуға жоспарланатын жұмыскерлердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына пайызы, 7-баған/6*100-баған көрсетіледі.
________________________________________________
Шетелдіктерді жұмыс күшін тартуға кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпарат
Шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыруға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру немесе ұзарту қағидалары мен
шарттарының 74-тармағының __ тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
(облыстың, қаланың жергілікті атқарушы органының атауы Республикалық маңызы
бар қалалар, астаналар)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қайтарып алынды:
____________________________________________________________________.
(жұмыс берушінің атауы, шетелдік қызметкердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), паспорттық деректер (нөмірі, берілген күні), рұқсат нөмірі, рұқсат берілген
күні, рұқсаттың қолданылу мерзімі).
____________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты)
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат
Нысан индексі: ЕШОТШЖК-4
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күні______ айы ____ жылы
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде
Нысан
Р/с№ | Рұқсат беретін органның толық атауы |
Қайта оқытылған қазақстандық азаматтардың саны (тегі, аты, әкесінің |
Шетелдік жұмыскерлерді ауыстырған қазақстандық азаматтардың саны |
Жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны (тегі, аты, әкесінің |
Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны (тегі, | Жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны | Шығу елі | Елдердің жіктеуіші | Шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар | Жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны | Экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 |
Кестенің жалғасы
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, оның ішінде санаттар бойынша | ||
Шығу елі | Шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар | Жұмыс беруші |
13 | 14 | 15 |
Жұмыс беруші: ______________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – ЕШОТШЖК-4, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2 бағанда рұқсат беретін органның толық атауы көрсетіледі;
3-бағанда қайта оқытылған қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
4-бағанда шетелдік жұмыскерлерді ауыстырған қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
5-бағанда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
6 бағанда Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету);
7 бағанда жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны көрсетіледі;
8-бағанда шығу елі көрсетіледі;
9-бағанда 22-қосымшаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің жіктеуіші көрсетіледі;
10-бағанда шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар көрсетіледі;
11-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің көрсетіледі;
12-бағанда экономикалық қызмет түрлері бойынша айдың соңына жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің көрсетіледі;
13-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша шығу елі көрсетіледі;
14-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар көрсетіледі;
15-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің саны, санаттар бойынша жұмыс беруші көрсетіледі;
________________________________________________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 тіркелген);
2. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 1069 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14555 болып тіркелген);
3. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15472 болып тіркелген);
4. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16542 болып тіркелген);
5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17194 болып тіркелген);
6. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20429 тіркелген);
7. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 386 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21353 тіркелген).