"Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 14559 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;

      5) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;

      6) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;

      7) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;

      8) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;

      9) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес лицензия нысаны;

      10) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес лицензияға қосымшаның нысаны;

      11) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаның нысаны;

      12) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес объектіге арналған лицензия нысаны;

      13) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес объектіге арналған лицензияға қосымшаның нысаны;

      14) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы қызметке лицензияның нысаны;

      15) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметке арналған лицензияға қосымшаның нысаны;

      16) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензияның нысаны;

      17) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияның нысаны;

      18) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензияның нысаны;

      19) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған лицензияға қосымшаның нысаны бекітілсін.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 3-1 және 3-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес 14, 15 және 16-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
Қ. Бишімбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiші

      _____________________________________________________________

       (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

       орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды

      тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік

      заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

       _________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лерінің) толық атауы көрсетiлсiн)

Шифр/біліктілік

Мамандықтың атауы

Оқу мерзімі








      * техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі

      білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары

      оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қызметтің кіші түрлері

      үшін жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште

      ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

       елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта __________________________________________

      Телефондары ________________________________________________

      Факсы ______________________________________________________

      Банк шоты __________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны

      және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыскерінің өтінішті электрондық

      цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы ______________ _______________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны      Толтыру күні:      20___ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
2-1-қосымша
  Нысан

Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтiнiші

      _____________________________________________________________

       (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

       бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лерінің) толық атауы)

Шифр/біліктілік

Мамандықтың атауы

Оқу мерзімі






      *техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен

      кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары,

      жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қызметтің кіші

      түрлері үшін қағаз жеткізгіште ___ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда

      Х белгісін қою керек) мынадай негіз (дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

      үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға

      қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жері мекенжайы өзгеруі

       __________________________________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеуіңізді туралы талап болған жағдайларда

       ___________________________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі _________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі __________________________

      9) лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына

      сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы лицензияларға

      ерікті түрде жүгінуі қызметін жүзеге асыруға 20___жылғы " "________________ №____________, ______________

      берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмір (лері), берілген күні, лицензияны

      және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны (керегінің асты сызылсын)қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы____________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта____________________________________________

      Телефондары _________________________________________________

      Факсы________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _____________________________________________

      (пошталық индексі, облысы қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе)

       лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған,

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді

      пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің жұмыскерінің өтінішті

      электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы________ ______________________________________________

       (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны      Толтыру күні:      20__ жылғы "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
3-1-қосымша
  Нысан

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініш

1. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

2. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

3. Сатып алушы, оның мекенжайы

4.Әзірлеуші, оның мекенжайы

5. Сатып алушының елі

6. Тағайындалған ел

7. Мемлекеттік кірістер органы

8. Қолданылу мерзімі

9. Төлем валютасы

10.Өнімнің атауы

11. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

12. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

13.Саны

14. Өлшем бірлігі ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша (негізгі немесе қосалқы)

15. Лицензия сұрау үшін негіз

16. Төлем валютасындағы жалпы құны

17. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

18. Қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады

19. Өтініш берушіден тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)___________
__________________________________________________________________
лауазымы ________________________________________________________
қолы (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) _____________________________
мөр орны (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) _________________________
күні_

20. Лицензияның ерекше шарттары


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
3-2-қосымша
  Нысан

Экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініш

1. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

2. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

3. Сатушы, оның мекенжайы

4.Тұтынушы, оның мекенжайы

5. Сатушының елі

6. Шыққан елі

7. Мемлекеттік кірістер органы

8. Қолданылу мерзімі

9. Төлем валютасы

10.Өнімнің атауы

11. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

12. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

13.Саны

14. Өлшем бірлігі ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша
(негізгі немесе қосымша)

15. Лицензия сұрау үшін негіз

16. Төлем валютасындағы жалпы құны

17. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

18. Қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады

19. Өтініш берушіден тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)___________
__________________________________________________________________
лауазымы ________________________________________________________
қолы (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) _____________________________
мөр орны (қағаз жеткізгіштегі өтініштер үшін) _________________________ күні_________________

20. Лицензияның ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
7-қосымша
  Нысан

Лицензияға қосымша

Лицензияның нөмірі ____________

Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)____________________

      ___________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)

      Лицензиат ___________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру

       нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өндiрiстік база және/немесе объект_______________________________

      (орналасқан жерi)

      Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары___________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Лицензиар ___________________________________________________

      (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға)______________________________________________

       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Қолы ______________ (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)

      Мөр орны (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)

      Қосымшаның нөмірі ________________

      Қолданылу мерзiмi "____" _______________ _____ ж.

      Қосымшаның берілген күні ________________ 20 ____ ж.

      Берілген орны ________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
8-қосымша
  Нысан

Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымша

      Лицензияның нөмірі ___________________________________________

      Лицензияның берілген күні 20___ жылғы ___ ______________________

      Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)

      __________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)

Шифр/біліктілік

Мамандықтың атауы

Оқу мерзімі








      *техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі

      білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары

      оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қызметтің кіші түрлері үшін

      Беру үшін негіз ______________________________________________

      (лицензиардың лицензияны беру туралы бұйрығының нөмірі және күні)

      Лицензиат ___________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –

       шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке

      тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензиар ____________________________________________________

       (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) _______________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Қолы ______________ (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)

      Мөрорны (қағаз жеткізгіштегі қосымшалар үшін)

      Қосымшаның нөмірі ____________________

      Берілген орны _________________________

      Қосымшаның берілген күні 20__ жылғы _________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
14-қосымша
  Нысан

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензия

1. ЛИЦЕНЗИЯ №

2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

4. Сатып алушы, оның мекенжайы

5.Әзірлеуші, оның мекенжайы

6. Сатып алушының елі

7. Баратын елі

8. Мемлекеттік кірістер органы

9. Қолданылу мерзімі

10. Төлем валютасындағы жалпы құны

11.Өнімнің атауы

12. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

13. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

14.Саны

15. Өлшем бірлігі ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша
(негізгі немесе қосымша)

16. Лицензия сұрау үшін негіз

17. Төлем валютасындағы жалпы құны

18. Келісілді

19. Өтініш берушіден
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ________________________
лауазымы ________________________

20. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органы - лицензиар
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)__
_____________________________________
Лауазымы____________________________
Қолы________________________________
Мөр орны Күні

21. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

22. Лицензияның ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
15-қосымша
  Нысан

Экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға арналған лицензия

1. ЛИЦЕНЗИЯ №

2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

4. Сатушы, оның мекенжайы

5.Тұтынушы, оның мекенжайы

6. Сатып алушының елі

7. Шыққан елі

8. Мемлекеттік кірістер органы

9. Қолданылу мерзімі

10. Төлем валютасы

11.Өнімнің атауы

12. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

13. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

14.Саны

15. Өлшем бірлігі ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша
(негізгі немесе қосалқы)

16. Лицензия сұрау үшін негіз

17. Төлем валютасындағы жалпы құны

18. Келісілді

19. Өтініш берушіден
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)___________________
лауазымы___________________

20. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органы – лицензиар
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)__
_____________________________________
Лауазымы____________________________
Қолы________________________________
Мөр орны Күні

21. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

22. Лицензияның ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 478 бұйрығына
9-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
16-қосымша
  Нысан

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және (немесе)импорттауға арналған лицензияға қосымша

р/с

ҚР мемлекеттік органы

20__ жылғы "__" ________ № лицензияға қосымша

1

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

2

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

3

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

4

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

5

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

6

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

7

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

8

Өнімнің сипаттамасы

Саны

Өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ парақ №

Уәкілетті тұлға
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)___________________
____________________________
Лауазымы___________________
Қолы_______________________
Мөр орны Күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады