2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемелекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Қ. Бишімбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы " "__________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 525 бұйрығына қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.08.2017 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге |
1 | 2 | 3 |
1 | Ақмола облысы | 27 617 363,4 |
2 | Ақтөбе облысы | 45 479 504,2 |
3 | Алматы облысы | 37 991 518,2 |
4 | Атырау облысы | 16 693 007,7 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 47 873 676,8 |
6 | Жамбыл облысы | 28 705 696,2 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 26 230 971,7 |
8 | Қарағанды облысы | 36 702 596,0 |
9 | Қостанай облысы | 33 181 465,5 |
10 | Қызылорда облысы | 42 138 557,1 |
11 | Маңғыстау облысы | 25 341 064,3 |
12 | Павлодар облысы | 22 289 420,7 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 24 626 880,5 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 55 695 795,2 |
15 | Алматы қаласы | 43 504 563,9 |
16 | Астана қаласы | 85 058 891,5 |