"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп" (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14602 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 166 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 10.11.2017 № 166 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12–бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп" (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп" (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп" (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 тамыздағы № 130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12116 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 278 бұйрығына 1-қосымша



Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики


Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения

Приложение 1 к приказу
Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан
от 29 ноября 2016 года № 278

Аумақтық статистика органына тапсырылады
Представляется территориальному органу статистики

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до 1 часа

более 40 часов


Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады.
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

Статистикалық нысан коды 1801101
Код статистической формы 1801101

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп
Отчет о взаимной торговле товарами с государствами членами Евразийского экономического союза

1-ТС

Айлық
Месячная

Есепті кезең

ай
Отчетный период месяц

жыл
год

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар тапсырады.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, индивидуальные предприниматели, а также физические лица осуществляющие экспорт и (или) импорт с государствами-членами Евразийского экономического союза.

Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 3 күнге (қоса алғанда) дейін
Срок представления – до 3 числа (включительно) после отчетного периода

БСН коды
код БИН














ЖСН коды
код ИИН














      1. Экспорттаушы (импорттаушы) бойынша ақпаратты толтырыңыз1

      Заполните информацию по экспортеру (импортеру)

Жол коды
Код строки
Экспорттаушының (импорттаушының) атауы2
Наименование экспортера (импортера)
Ел коды3
Код страны
Тіркелген орны бойынша аумақтың коды (облыс, қала)4
Код территории по месту регистрации (область, город)
Мекенжайы
Адрес
СТСН/ТЕН коды5
Код ИНН/УНП
Өткізу бағыты
(экспорт - 1,
импорт - 2)
Направление
Перемещения экспорт - 1,
импорт - 2)

A

B

C

D

E

F

G

1







2







3







4







      Ескертпе:

      Примечание:

      1Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерінің экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша толтырылады.

      Заполняется по экспортерам (импортерам) государств-членов Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС).

      2Заңды тұлғалар бойынша заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

      По юридическим лицам указывается полное наименование юридического лица, по физическим лицам и индивидуальным предпринимателям – фамилия, имя, отчество (при его наличии).

      3Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады.

      Заполняется в соответствии с Классификатором стран мира, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница "Главная", раздел "Официальная статистическая информация (по отраслям)", подраздел "Внешняя и взаимная торговля".

      4Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған ЕАЭО елдері аумақтарының анықтамалығына сәйкес толтырылады.

      Заполняется в соответствии со справочником территорий стран ЕАЭС, размещенным на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница "Главная", раздел "Официальная статистическая информация (по отраслям)", подраздел "Внешняя и взаимная торговля".

      5СТСН – Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі қойылады, ТЕН – Беларусь Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша төлеушінің есептік нөмірі қойылады.

      ИНН – по экспортерам (импортерам) Российской Федерации, Республики Армении, Кыргызской Республики проставляется идентификационный номер налогоплательщика, УНП – по экспортерам (импортерам) Республики Беларусь проставляется учетный номер плательщика.

      Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз

      При необходимости продолжите на дополнительных листах










































































































      2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда бойынша деректерді толтырыңыз

      Заполните данные по взаимной торговле с государствами-членами ЕАЭС

р/с


п/п
1-бөлім жолының коды
Код строки раздела 1
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлар атауы6
Наименование товаров по
ТН ВЭД ЕАЭС
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
Код
ТН ВЭД ЕАЭС
Тауарлардың сипаттамасы7
Описание товаров

А

B

C

D

E

1





2





3





4





5





      Ескертпе:

      Примечание:

      6Мұнда және бұдан әрі ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы, D бағаны бойынша 10-таңбалы коды көрсетіледі (жіктеуіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Жіктеуіштер" бөлімінде орналастырылған).

      Здесь и далее ТН ВЭД ЕАЭС – Товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза, по графе D указывается 10-ти значный код (классификатор размещен на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz, раздел "Классификаторы".)

      7Тауардың көлік құжаттарымен (тасымалдау) немесе есеп шотымен (инвойсымен), техникалық құжатымен сәйкес атауы, сондай-ақ тауарды теңдестіретін және оны ЕАЭО СЭҚ ТН қоды бойынша 10 таңбалы жіктеу кодының біреуіне жатқызатын қосымша ақпараттар көрсетіледі.

      Указываются наименование товара в соответствии с транспортными (перевозочными) документами или счетом-фактурой (инвойсом), техническим паспортом, а также дополнительные сведения, позволяющие идентифицировать товар и относить его к одному 10-значному классификационному коду по ТН ВЭД ЕАЭС.

      Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз

      При необходимости продолжите на дополнительных листах










































































































      2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда бойынша деректерді толтырыңыз (жалғасы)

      Заполните данные по взаимной торговле с государствами-членами ЕАЭС (продолжение)

р/с №

№ п/п

1-бөлім жолы-ның коды

Код строки раздела 1

Сатушы ел8

Торгующая страна

Жөнелтуші ел

Страна отправления

Шығатын елі

Страна происхождения

Межелі елі

Страна назначения

Тасымалдайтын ел

Страна перевозчик

Шекарадағы көлік түрінің коды

Код вида транспорта на границе

Жеткізу шарттарының коды9

Код условия поставки

коды

код

атауы

наименование

коды

код

атауы

наименование

коды

код

атауы

наименование

коды

код

атауы

наименование

коды

код

атауы

наименование

А

В

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1














2














3














4














5














      Ескертпе:

      Примечание:

      81,3,5,7,9-бағандарда елдер коды және 11-бағанда шекарадағы көлік түрінің коды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған Әлем елдерінің жіктеуішіне және Көлік және тауарларды тасымалдау түрлерінің жіктеуішіне сәйкес қойылады.

      Коды стран по графам 1,3,5,7,9 и код вида транспорта на границе по графе 11 проставляются в соответствии с Классификатором стран мира и Классификатором видов транспорта и транспортировки товаров, размещенных на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница "Главная", раздел "Официальная статистическая информация (по отраслям)", подраздел "Внешняя и взаимная торговля".

      9Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған Жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес толтырылады.

      Заполняется в соответствии с Классификатором условий поставки, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница "Главная", раздел "Официальная статистическая информация (по отраслям)", подраздел "Внешняя и взаимная торговля".

      Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз

      При необходимости продолжите на дополнительных листах





































































































































































































      2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда бойынша деректерді толтырыңыз (жалғасы)

      Заполните данные по взаимной торговле с государствами-членами ЕАЭС (продолжение)

р/с №
№ п/п

1-бөлім жолы-ның коды
Код строки раздела 1

Таза салмағы, килограмм
Вес нетто, килограмм

Қосымша өлшем бірлігі
Дополнительная единица измерения

Фактуралық құны, теңге
Фактурная стоимость, тенге

Статистикалық құны
Статистическая стоимость

Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің коды1
Код особенности перемещения товаров

Келісімшарт нөмірі және күні (шарт, шот-фактура және тағы басқалары)
Номер и дата контракта (договора, счета-фактуры и другие)

Өткізу бағыты (экспорт-1, импорт-2)
Направление перемещения (экспорт-1, импорт-2)

Мәміленің сипаты
(реэкспорт-3,
реимпорт-4)
Характер
сделки
(реэкспорт-3, реимпорт-4)

Коды10
код

саны
количество

АҚШ доллары11
доллары США

теңге
тенге

нөмірі
номер

күні
дата

А

B

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

1













2













3













4













5













      Ескертпе:

      Примечание:

      10Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған Өлшем бірліктерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады.

      Заполняется в соответствии с Классификатором единиц измерения, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница "Главная", раздел "Официальная статистическая информация (по отраслям)", подраздел "Внешняя и взаимная торговля".

      11АҚШ доллары – Америка Құрама Штаттарының доллары.

      Доллары США – доллары Соединенных Штатов Америки.

      12Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады.

      Заполняется в соответствии с Классификатором особенностей перемещения товаров, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница "Главная", раздел "Официальная статистическая информация (по отраслям)", подраздел "Внешняя и взаимная торговля".

      Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз

      При необходимости продолжите на дополнительных листах





































































































































































































      Атауы                                          Мекенжайы

      Наименование____________________________            Адрес___________________________

      ____________________________            ________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

      Адрес электронной почты (респондента) ____________ Телефоны _______________________

Алғашқы деректерді жариялауға келісеміз13
Согласны на опубликование первичных данных

Алғашқы деректерді жариялауға келіспейміз13
Не согласны на опубликование первичных данных

      Орындаушы

      Исполнитель________________________________________            _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  телефоны

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)

      Бас бухгалтер

      Главный бухгалтер_________________________________________      _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                        подпись

      Басшы

      Руководитель______________________________________________      _____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                        подпись

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      Место для печати (при наличии)

      Ескертпе:

      Примечание:

      13Аталған тармақ Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес толтырылады

      Данный пункт заполняется согласно пункту 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике"

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 29 қараша
№ 278 бұйрығына 2-қосымша

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен
өзара сауда туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық)
толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп" (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп" (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) (бұдан әрі – статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.

      2. Келесі анықтамалар және терминдер осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың өзара саудасы (бұдан əрі – ЕАЭО өзара саудасы) – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда;

      2) реимпорт – бұған дейін экспорт есебінде саналған, отандық тауардың импорты;

      3) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

      4) реэкспорт – бұған дейін импорт есебінде саналған, шет ел тауарының эскпорты;

      5) сатушы ел – аумағында тауарды сатып алған немесе сатқан заңды немесе жеке тұлға тіркелген (тұрақты тұратын) ел;

      6) СИФ (құн, сақтандыру, фрахт Инкотермс 2010) – тауарды жеткізу шарты, оған сəйкес тауар бағасына оның құны мен сақтандыру жəне тауарды импорттаушы ел портына дейін тасымалдау бойынша шығыстар қосылады;

      7) тауардың жөнелтуші елі – тауарды халықаралық тасымалдауды бастаған, көліктік (тасымалдау) құжаттарында мәліметтер көрсетілген ел;

      8) тауардың межелі елі – тауарды тұтынатын, қолданатын немесе қайта өңдейтін мемлекет;

      9) тауардың статистикалық құны – Америка Құрама Штаттарының долларында (бұдан әрі – АҚШ доллары) көрсетілген, бірыңғай баға базисіне келтірілген (экспортталатын тауарлар үшін ФОБ бағасының типі, импортталатын тауарлар үшін – СИФ бағасының типі бойынша), қайта есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылатын тауар құны;

      10) тауардың шығарылған елі – тауар толық өндірілген немесе жеткілікті түрде қайта өңдеуге ұшыраған ел;

      11) тауарлар импорты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің материалдық қорларын көбейтетін, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарларды əкелу;

      12) тауарлар экспорты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің материалдық қорларын азайтатын, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды əкету;

      13) фактуралық құн – тауарды жеткізудің келісілген шартына байланысты сауда операцияларына қатысушылар арасындағы келісілген тауар құны;

      14) ФОБ (кеме бортында еркін Инкотермс 2010) – тауарды жеткізу шарты, оған сәйкес тауар бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына жеткізу жəне тиеу бойынша шығыстар қосылады.

      3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасында серіктес елдер болып мыналар саналады:

      импорт кезінде – тауарды жөнелтуші ел;

      экспорт кезінде – тауардың межелі елі;

      Тауарлар импортын есепке алу егер тауардың шығарылған елі белгісіз, сондай-ақ тауардың шығарылған елі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бірі болған жағдайларда жөнелтуші ел бойынша жүргізіледі.

      Тауарлар импортын есепке алу, егер шығарушы ел және жөнелтуші ел белгісіз болса сатушы ел бойынша жүргізіледі.

      Тауарлар экспортын есепке алу, егер межелі елі белгісіз болса сатушы ел бойынша жүргізіледі.

      Өзара сауда статистикасындағы тауарлардың импорты мен экспортын есепке алу: импорттау кезінде – тауардың қоймаға келіп түскен сəтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сəтінде жүргізіледі.

      Құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарлар (мұнай, газ және басқаларды) импортын және экспортын есепке алу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен кедендік сыртқы сауда және өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасына және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес оларды тасымалдаудың және декларациялаудың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      4. Өзара сауда бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағынан басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына шығарылатын барлық тауарлар есепке алынады.

      5. 1-бөлімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша ақпарат толтырылады, яғни Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары тауарлық-жөнелтпе құжаттарында тауарды жөнелтушілер немесе алушылар деп көрсетілетін ЕАЭО елдерінен өз серіктестері бойынша ақпаратты көрсетеді. Мынадай мәліметтер көрсетіледі: А – бағанында – ЕАЭО-дан серіктестері бойынша реттік нөмірі қойылады, B – бағанында – заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, С – бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі бет", "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған – Әлем елдері жіктеуішінің коды, D – бағанында Комитеттің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында "Негізгі бет", "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған ЕАЭО елдері аумақтарының анықтамалығына сәйкес ЕАЭО бойынша аумақтың коды, E – бағанында – заңды тұлғалар үшін нақты тұратын жерінің мекенжайы, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалардың нақты тұратын мекенжайы, F – бағаны бойынша – Ресей Федерациясы, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірінің (СТСН) коды, Беларусь Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) үшін төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) коды, G – бағаны бойынша – орын ауыстыру бағыты (экспорт болса – "1", импорт болса – "2" қойылады).

      6. 2-бөлім бойынша деректер 1-бөлімде көрсетілген сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушылары экспорттаушылар (импорттаушылар) бойынша ақпарат сияқты тізбектілік бойынша толтырылады. Мұның өзінде, 2-бөлімнің В бағанында 1-бөлімнің А бағанында көрсетілген тауарлардың бөлінісінде сыртқы экономикалық қызметтің Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және (немесе) Беларусь Республикасы қатысушысының реттік нөмірі қойылады.

      2-бөлімде тауардың реттік нөмірі А бағанында қойылады. Егер сыртқы экономикалық қызметтің Ресей Федерациясы қатысушысымен келісімшарт бойынша (1-бөлімде реттік нөмірі "1") тауарлар 3 түрлі атаумен импортталған болса, онда 2-бөлімде В бағанындағы барлық үш тауар бойынша "1" қойылады.

      2-бөлімнің С жəне D бағандарында тауарлардың атауы мен кодын толтыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) жіктеуіші қолданылады (Комитеттің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсындағы "Жіктеуіштер" бөлімінде орналастырылған).

      Е бағанында тауардың көлік құжаттарымен (тасымалдау) немесе есеп шотымен (инвойсымен) сәйкес атауы (саудалық, коммерциялық немесе басқа дәстүрлік атауы), тауарды өндіруші туралы мәлімет, сонымен қатар тауарды теңдестіретін және оны ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 10 таңбалы жіктеу кодының біреуіне жатқызатын қосымша ақпараттар көрсетіледі.

      Осы бөлімде экспортталған және импортталған тауарлардың барлық тізбесі көрсетіледі. Бұл ретте деректер әрбір тауар бойынша, яғни 2-бөлімнің барлық бағандары (А, В, С, D, Е, 1 – 22) әрбір тауарға толтырылады.

      2-бөлімді толтыру кезінде Комитеттің Интернет-ресурсындағы "Негізгі" бет, "Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)" бөлімі, "Сыртқы және өзара сауда" ішкі бөлімінде орналастырылған жіктеуіштер пайдаланылады.

      1, 3, 5, 7, 9-бағандарда Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес әлем елдерінің кодтары көрсетіледі.

      10-бағанда тауарды көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын, 11-бағанда көрсетілген ЕАЭО-ға мүше елдерінің тасымалдаушы елінің біреуінің атауы көрсетіледі.

      11-бағанда Көлік және тауарларды тасымалдау түрлері жіктеуішіне сәйкес шекарадағы көлік түрінің коды келтіріледі.

      12-бағандағы кодтар Жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.

      13-бағанда тауар салмағы килограммен көрсетіледі. Көрсетілетін мəн егер тауарлардың салмағы бір килограмнан артықты құраса, тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді. Тауардың салмағы елеусіз болған жағдайда, мəн үтірден кейінгі алты белгіге дейін дəлдікпен көрсетіледі.

      14-бағанда тасымалданған тауарлардың атауы ЕАЭО СЭҚ ТН-да көзделген қосымша өлшем бірліктерде (дана, литр, текше метр жəне басқа) және Өлшем бірліктердің жіктеуішінде келтіріледі. Егер ЕАЭО СЭҚ ТН-да тауардың белгілі бір коды үшін қосымша өлшем бірлігі қарастырылмаған болса, онда сол тауар бойынша 14 және 15-бағандар толтырылмайды.

      16-бағанда тауардың фактуралық құны теңгеде, жеткізу шарттарымен анықталады, ол туралы сауда мәмілесіне қатысушылар арасында келісіледі және шот-фактурада көрсетілген.

      Тауарлардың АҚШ долларымен (17-баған) және теңгемен (18-баған) статистикалық құны тауарды жеткізу бойынша шығындармен импорттаушы (экспорттаушы) елдердің шекарасына дейінгі шығыстармен жиынтықта бекітілген шарт (келісімшарт, шот-фактура және (немесе) тауарлардың басқа да ілеспе құжаттары) негізінде толтырылады.

      Экспортталатын тауарлар үшін ФОБ бағасының типі бойынша бағасына, импортталатын СИФ бағасының типі бойынша бағасына тауарлардың статистикалық құны АҚШ долларымен көрсетіледі. АҚШ доллары құнын қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады.

      16 және 17-бағандарда тауарды импорттау кезінде, тауардың қоймаға келіп түскен сəтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сəтіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ұлттық валютадағы бағам қолданылады.

      Бағамды ұлттық валютаға қолданудың жоғарыда аталған шарттары тауарларды жеткізудің барлық шартында қолданылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағаның ұлттық валютаға теңгенің бағамы импортталатын тауарларды есепке алу сәтіндегі ілеспе құжаттарға сәйкес қолданылады.

      19-бағандағы кодтар Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.

      20 және 21-бағандарда ЕАЭО-ға мүше елдердің сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды жүргізуі кезінде рәсімделетін келісімшарттың (шот-фактура) және өзге де құжаттың нөмірі (сандық және (немесе) әріптік символдар) мен күні көрсетіледі.

      22-баған бойынша өткізу бағыты (экспорт болса – "1", импорт болса – "2" қойылады) көрсетіледі.

      23-баған бойынша мәміленің сипаты көрсетіледі, бұрын импортталған және қайтарылған тауарлар экспорт есебінде есептеліп, бұл ретте бұндай келісім реэкспорт ретінде жіктеледі, және бұрын экспортталған және экспортта есептелген, кейін қайтарылған тауарлар импорт есебінде есептеліп, бұл ретте бұндай келісім реимпорт ретінде жіктеледі (реэкспорт болса – "3", реимпорт болса – "4" қойылады).

      7. Респондентте есепті кезеңде осы статистикалық нысан бойынша деректер болмаған жағдайда респондент ағымдағы кезеңнің аяқталатын күнінен кешіктірмей нөлдік көрсеткіштермен статистикалық нысанды (дерексіз нысан) ұсынады.

      Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз жеткізгіште немесе электрондық форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық форматта толтыру Комитеттің Интернет-ресурсындағы (www.stat.gov.kz) "Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау" бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      8. Арифметикалық-логикалық бақылау:

      1. 1-бөлім:

      С бағаны бойынша тек RU, BY, AM, KG толтыралады. Егер С бағаны = RU, AM, KG болса, онда СТСН толтырылады. Егер С бағаны = BY болса, онда ТЕН толтырылады;

      Егер С бағаны = RU (жеке тұлғалар үшін), онда F бағаны = 12 таңба;

      Егер С бағаны = RU (заңды тұлғалар үшін), онда F бағаны = 10 таңба;

      Егер С бағаны = BY, онда F бағаны = 9 таңба;

      Егер С бағаны = AM, онда F бағаны = 10 таңба;

      Егер С бағаны = KG, онда F бағаны = 10 таңба;

      F бағаны бойынша бірінші саны Беларусь Республикасы бойынша аумақ кодын білдіреді.

      2. 2-бөлім:

      егер 14-баған > 0, онда 15-баған да > 0;

      экспорт кезінде 18-баған < 16-бағаннан;

      импорт кезінде 18-баған > 16-бағаннан;

      егер 22-баған > 0, онда А, В, C, D, Е бағандары 1-21 > 0.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады