Өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 656 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 14643 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 220-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (А.С. Исенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 656 бұйрығымен
бекітілген

Өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі

      1. "Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады