Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 14666 болып тіркелді.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 118-2 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      Министрі

      ______________Д. Абаев

      2016 жылғы 12 желтоқсандағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      _______________ Е. Ыдырысов

      2016 жылғы "____"_________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 16 қарашадағы
№ 661 бұйрығымен
бекітілген

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың республикалық деректер банкін (бұдан әрі - Республикалық деректер банкі) қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу бойынша қызметті жүзеге асыратын және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес, шетелдік ұйымдар;

      2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы;

      3) Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелері - Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi (бұдан әрі – шет елдегі мекемелер);

      4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға тәрбиелеуге орналастыруға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемдесуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын және осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2020 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Республикалық деректер банкіне орналастырылған мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

      4. Республикалық деректер банкін:

      1) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі – органдар);

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет);

      3) бала асырап алу жөніндегі агенттіктері (бұдан әрі – агенттік);

      4) шетелдегі мекемелер;

      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Департамент) қалыптастырады.

2-тарау. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану тәртібі

1-параграф. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың деректерін қалыптастыру тәртібі

      5. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкі органдар, Комитет және Департамент толтырған жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамалары негізінде қалыптастырылады.

      6. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкі келесі бөлімдерден тұрады:

      1) балалар банкі;

      2) балалар мұрағаты;

      3) орналастырылған балалар.

      7. "Балалар банкі" бөлімі жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы келесі мәліметтерді қамтиды:

      1) баланың сауалнамасы тіркелетін облыстардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) атауы;

      2) баланың сауалнамасын тіркеу ауданы;

      3) бала сауалнамасының нөмірі;

      4) баланың сауалнамалық мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні, жасы, ұлты, жынысы, жеке сәйкестендiру нөмiрі);

      5) есепке алу түрі (бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған);

      6) орналастыру нысаны (бала асырап алу, қамқоршылық немесе қорғаншылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы);

      7) диагноз;

      8) баланың орналысқан жері туралы мәліметтер (жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеменің атауы, мекенжайы);

      9) туысқандары туралы мәліметтер;

      10) баланың әлеуметтік мәртебесі;

      11) қамқоршылар және патронаттық тәрбишілердің, баланы қабылдайтын ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);

      12) отбасыға орналастыру мерзімі (бала асырап алу, қамқоршылық немесе қорғаншылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы).

      8. "Балалар мұрағаты" бөлімі кәмелеттік жасқа толған, толық әрекетке қабілеттілікке ие болған, қайтыс болған себептері бойынша есептен (бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған) шығарылған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты қамтиды.

      9. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қайтыс болған жағдайда, олар кәмелеттік жасқа толғанда, кәмелеттік жасқа толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болған, ата-аналарына қайтарылған жағдайда жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамасы "Балалар банкі" бөлімінен "Балалар мұрағаты" бөліміне көшіріледі.

      10. "Орналастырылған балалар" бөлімі отбасыларға орналастырылған (бала асырап алу, қамқоршылық немесе қорғаншылық, патронаттық тәрбие, баланы қабылдайтын отбасы) себебінен есептен (бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған) шығарылған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты қамтиды.

      11. Шетелдік азаматтар жетім баланы немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда Департамент асырап алуға берілген баланы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11240 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жетім баланы немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың сауалнамада тіркеу мерзімін енгізу арқылы есепке қояды.

      12. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды деректері өзгерген жағдайда органдар мәліметтер түскен жеті күн ішінде тиісті өзгерістерді енгізеді.

      13. Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға орналастыру (бала асырап алу, қамқоршылық немесе қорғаншылық, патронаттық тәрбие, баланы қабылдайтын отбасы) туралы мәліметтерді енгізген кезде баланың жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамасы автоматты түрде "Балалар банкі" бөлімінен "Орналастырылған балалар" бөліміне көшіріледі.

      14. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға:

      1) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге отбасыға орналастыру;

      2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы оның ата-аналарына немесе ата-анасына қайтару;

      3) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелетке толуы немесе мұндай баланың өзі кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болуы;

      4) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың қайтыс болуы;

      5) баланың сот тәртібімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, қайтыс болған деп жариялануы негіз болып табылады.

2-параграф. Балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың деректерін қалыптастыру тәртібі

      15. Балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың Республикалық деректер банкін органдар, балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалар, агенттіктердің өкілдері балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың сауалнамалары негізінде қалыптастырады.

      16. Балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың Республикалық деректер банкі келесі бөлімдерден тұрады:

      1) асырап алуға үміткерлер;

      2) бала асырап алушылар және бала асырап алу жөніндегі агенттіктер;

      3) тексеруге жататын тұлғалар және сауалнамалар;

      4) бала асырап алушлардың қара тізімі;

      5) қабылданбаған және жабылған өтініштер.

      17. "Асырап алуға үміткерлер" бөлімі келесі ақпараттарды қамтиды:

      1) орналастыру нысаны (бала асырап алу, қамқоршылық немесе қорғаншылық, патронаттық тәрбие, баланы қабылдайтын отбасы);

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10288 болып тіркелген) балаларды асырап алуға рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы комиссия қорытындысының мерзімі;

      3) асырап алуға үміткер тұлғаның тіркелген облысы (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы);

      4) асырап алуға үміткер тұлғаның сауалнамасының нөмірі;

      5) асырап алуға үміткер тұлғаның сауалнамалық мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні, жасы, азаматтығы, отбасылық жағдайы, жеке сәйкестендiру нөмiрі, тұрғылықты мекенжайы);

      6) асырап алуға үміткер тұлғаның күйеуі (жұбайы) туралы сауалнамалық мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), азаматтығы, отбасылық жағдайы, жеке сәйкестендiру нөмiрі);

      7) бала асырап алу жөніндегі агенттіктің атауы.

      18. "Бала асырап алушылар және бала асырап алу жөніндегі агенттіктер" бөлімі асырап алушылар және асырап алынған балалар туралы ақпаратты қамтиды.

      19. "Тексеруге жататын тұлғалар және сауалнамалар" бөлімі Кодекстің 91-бабының талаптарына балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді және Кодекстің 85-бабының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы туралы мәліметтерді қамтиды.

      20. "Бала асырап алушылардың қара тізімі" бөлімі:

      1) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар;

      2) Қазақстан Республикасының заңдары жүктеген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;

      3) сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойған, бұрынғы бала асырап алушылар туралы мәліметтерді қамтиды.

      21. "Қабылданбаған және жабылған өтініштер" бөлімінде балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың өз тілегі бойынша Республикалық деректер банкіндегі кейінгі есептен бас тартқан немесе органдар құжаттарын қабылдаудан бас тартқан тұлғалардың тізімі қалыптастырылады.

      22. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер туралы мәліметтерді бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өкілдері бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге ұсынылған құжаттардың негізінде қалыптастырады.

      23. Шет елдегі мекемелер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығымен бекітілген Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген) есепке тіркеу мерзімін енгізу арқылы шетелдік азаматтарды Республикалық деректер банкінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.

      24. Балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлға туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға:

      1) тұлғаның баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауы;

      2) тұлғаның ол туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату туралы жазбаша нысандағы еркін түрде жазылған өтініші;

      3) тұлғаға баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндігін берген мән-жайлардың өзгеруі;

      4) тұлғаның қайтыс болуы негіз болып табылады.

3-параграф. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың деректерін пайдалану тәртібі.

      25. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың деректерін пайдалану www. rbd-kopd.kz веб-порталыныда логин және пароль арқылы жүзеге асырылады.

      26. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14067 болып тіркелген) тұлғалардың бала асырап алуға болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы комиссияның оң қорытындысы бар және Республикалық деректер банкінің мәліметтерін жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда бала асырап алуға тілек білдіргендер жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты қолданады.

      27. Органдар мен Комитет жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпарат жасау үшін пайдаланады.

      28. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпарат Кодекстің 118-3-бабының 2-тармағына сәйкес пайдалынады.

      28-1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жазбаша сұрау салуы болған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Кодекстің 118-3-бабының 2-тармағына сәйкес туынды ақпарат түрінде тәрбиеленушілер туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2020 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Кодекстің 62-бабына сәйкес он жасқа келген жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратты Комитеттің интернет-ресурсына орналастыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда олардың туынды ақпаратты орналастыруға келісімі не бас тартуы туралы жазбаша өтініштері негізінде жүзеге асырылады.

  Жетім балалар, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балалардың және балаларды өз
отбасына тәрбиелеуге
қабылдауға тілек
білдірген тұлғалардың
  Республикалық
деректер банкін қалыптастыру
және пайдалану тәртібінің
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  ____________________________
____________________________
аудандардың, облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органның атауы
тәрбиеленуші
___________________
Т.А.Ә. (бар болғанда)

      Өтініш

      Мен,__________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болғанда)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында мен туралы мәліметтер, сондай-ақ фотосуреттерді, атым, жынысым жөніндегі ақпаратты, жасым туралы, денсаулығымның жағдайы, мінезімнің ерекшеліктері, аға-інілерімнің (апа-сіңлілерім) бар-жоғы туралы мәліметтерді туынды ақпарат ретінде орналастыруға келісім беремін (бермеймін).

      Өтініш _________________________________________________________,

      Т.А.Ә. (бар болғанда)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында мен туралы мәліметтерді орналастырудың барлық салдары бойынша түсіндірген, әлеуметтік педагогтың қатысуымен өз қолыммен жазылған.

      20____жылғы " "_______                   _______________________________________

      тәрбиеленушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)

      _______________________________________

      әлеуметтік педагогтың Т.А.Ә. (бар болғанда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады