Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 14682 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмыстары департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекетік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 189 бұйрығымен
бекітілген

Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) прокуратура органдарының жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге (бұдан әрі – прокуратура қызметкерлері) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды және жүзеге асыруды айқындайды.

      2. Прокуратура қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі уақтылы, толық және сапалы түрде жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кадр қызметтері жүзеге асырады.

      3. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу, оның ішінде шығаруға жататын қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін ескере отырып есептеу бойынша қорытындыны, тиісті прокуратура органының Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық беретін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия бекітеді.

      Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын, еңбек өтілінің есептеу бойынша материалдарды дайындауды:

      1) Бас прокуратураның қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Кадр жұмыстары департаментінің әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру тобы (бұдан әрі - Орталық);

      2) тиісті прокуратура органдарының, ведомстволары және мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты - тиісті прокуратура органдарының, ведомстволары және мекемелерінің кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері) жүзеге асырады.

      4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның қорытындысы (бұдан әрі – еңбек сіңірген жылдарының есебі) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.

2 тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындау және жүзеге асыру

      5. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін прокуратура қызметкерлері соңғы қызмет еткен орнының кадр қызметтеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысанда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш береді және Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қоса береді.

      6. Кадр қызметі бес жұмыс күні ішінде Орталыққа жіберу үшін жұмыстан шығарылған прокуратура қызметкерінің зейнетақы ісінің құжаттарын жинақтайды, онда төмендегі тізімде құжаттар қамтылады:

      1) прокуратура органының елтаңбалы мөрімен куәландырылған зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарының есебі;

      2) уәкілетті басшысының бұйрықтарынан үзінділер немесе қызмет өткеруді, оның ішінде жеңілдік шарттармен қызмет өткеруді растайтын мұрағаттық анықтамалар;

      3) жедел қызмет өткеруді растайтын құжат (прокуратура органының елтаңбалы мөрімен куәландырылған әскери билет көшірмесі немесе жергілікті әскери басқару органының анықтамасы);

      4) басқа мемлекеттік органдардағы, басқа мемлекеттердің Қарулы Күштеріндегі қызметті жеңілдікпен есептеуді растайтын құжаттар;

      5) еңбек кітапшасы, сондай-ақ прокуратура органдарының елтаңбалы мөрімен куәландырылған көшірмесі және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс кезеңін растайтын басқа да құжаттар;

      6) шығарылған күнін, негіздемелерін көрсете отырып, қызметтен шығару (прокуратура органдарының кадрларынан шығару) туралы бұйрықтан үзінді;

      7) прокуратура қызметкері денсаулығына байланысты шығарылған жағдайда қызметке жарамдылық санаты туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы немесе медициналық куәландыру туралы анықтамасы немесе мүгедектік туралы анықтамадан үзінді;

      8) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтама, онда ақша төленген күн көрсетіледі.

      7. Орталық барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және мөлшерін есептеу туралы қорытынды бойынша жүргізеді.

      Жүргізілген тағайындаулар туралы деректер Орталықтың электрондық дерекқорына енгізіледі.

      8. Прокуратура қызметкерлерінің зейнетақы істері осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы істерінің тізілімінде тіркеледі, ол бойынша зейнетақы ісінің нөмірі беріледі.

      Зейнеткерлік іс одан әрі есепке алу және сақтау үшін Орталықтың арнайы жабдықталған жабық шкафтарда (сақтау орындарында) орналастырылады.

      9. Орталық зейнетақы төлемдерінің тағайындалғаны туралы зейнеткер куәлігін беру және алушыға Орталықты алушының деректері өзгерген жағдайда хабардар ету қажеттігі туралы хабарлау үшін тиісті прокуратура органының кадр қызметін бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      10. Алушы өзінің еңбек жолын немесе қызмет өткеруін, оның ішінде жеңілдік шарттармен қызмет өткеруін растайтын, бұрын зейнетақы ісіне қоса тіркелмеген құжаттардың, мұрағаттық анықтамалардың нотариуспен куәландырылған көшірмелерін берген жағдайда, Орталық осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда дайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің жаңа мөлшері және (немесе) төлемді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      11. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлем және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлем (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған) алушының дәрігерлік-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) түсуі немесе шығуы туралы ақпарат алған жағдайда, Орталық мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тоқтата тұру (жаңғырту) және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдайды.

      12. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын хабардар ете отырып, зейнетақы төлемдері мынадай мәліметтер, оның ішінде мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінен бастап тоқтатылады:

      1) қайтыс болуы туралы;

      2) алушылардың тұрақты мекендеуге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу фактісінің анықталуы;

      3) алушыны хабарсыз кетті деп жариялау туралы;

      4) сыныптық шен, әскери (арнайы) атақ беріп, алушыны лауазымға тағайындаған күннен бастап мемлекеттік қызметке қабылдау туралы;

      5) жеке басын куәландыратын құжатының жарамдылық мерзімінің өтуі туралы (азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      6) отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайындау (қайта қалпына келтіру) туралы.

      Сондай-ақ зейнетақы төлемдері алушының осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы өтінішімен тоқтатылады.

      13. Төлемді тоқтатуға негіз болатын мән-жайлар өзгерген кезде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының өтініші негізінде тоқтатылған күннен бастап не қайта есептеу құқығы басталған сәттен бастап Орталық зейнетақы төлемін қайта төлейді.

      14. Алушы қайтыс болған жағдайда немесе басқа себептермен зейнетақы төлемдері тоқтатылған жағдайда, Орталықтың электрондық дерекқорына тиісті өзгерістер енгізіледі. Зейнетақы ісінде "Қайтыс болу", "Зейнетақы төлемдерінің басқа түріне ауысу", "Анықталғанға дейін" және тағы басқа белгілер қойылады, ол есепке алу және сақтау үшін тапсырылады.

      15. Қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы және оның отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін, кадр қызметі арқылы Орталыққа Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз және Қағидалардың 31-тармағына сәйкес құжаттар беріледі.

      Орталық осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы және отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы шешім жасайды, жерлеуге біржолғы ақшалай төлем (өтемақы) және отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы мөлшерінің есебін жүргізеді.

  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
нысан

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның қорытындысы

      _________________________________________________

      (прокуратура органының атауы)

      "___" _________ 20__ жыл

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________

      __________________________________________________ "__" ____ 19__ жылы туған

      ЖСН_____________________________________________________________________

      Сыныптық шені (берілген күні): ______________________________________________

      ___________________________________________________________________ сәйкес,

      (құқықтық акт)

      еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық беретін еңбек өтілі есептеледі:

Атқаратын лауазымы, құқық қорғау органының, бөлімнің атауы
(дислокациялау орнын көрсетумен)

Лауазымға тағайындаған органның, бөлімнің бұйрығының нөмірі мен күні

Лауазымдағы қызмет кезеңінің күні, айы, жылы

Еңбек сіңіруі (жылдар, айлар, күндер)

күнтізбелік есептеу

коэффициент

жеңілдікпен есептеу

1

2

3

4

5

6

Қарулы Күштердегі қызметі:







Құқық қорғау органдарындағы қызметі;







Жиынтық еңбек сіңірген жылдары:

Қызметке дейінгі еңбек өтілі:







Жиынтық еңбек өтілі:

Еңбек сіңірген жылдарын есепке алғанда жалпы еңбек өтілі:

      Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары

      20__ жылғы "___" _____ мынадай: күнтізбелік есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн,

      жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн.

      Еңбек өтілі: күнтізбелік есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн, жеңілдікпен

      есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн.

      Жалпы еңбек өтілі: күнтізбелік есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн,

      жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн.

      Еңбек сіңірген жылдарының есебі №___________________________________________

      _________________________________ жеке іс материалдары негізінде жасалды.

      Комиссия төрағасы, лауазымы ______________________________ Т.А.Ә. (бар болса)

                                                (қолы)

      Комиссия мүшелері                   ___________________________ Т.А.Ә. (бар болса)

                                                (қолы)

      Комиссия хатшысы                   ___________________________ Т.А.Ә. (бар болса)

                                                (қолы)

      Мөр орны

      Зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдардың есебімен таныстым:

      __________________________________________________________________________

      (шығаруға жататын қызметкердің сыныптық шені,

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты-жөнінің бас әріптері және қолы, күні)

  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
нысан

      Берілген күні "__" _________ 20__ жыл

      Шығыс №____

      Ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтама

      ________________________________________________________________________________

      (прокуратура органының атауы)

      Жұмыстан босатылған күнге ақшалай қамтылым

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (атқаратын лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (сыныптық шені)

      _________________________________ теңгені құрайтындығы куәландырылады, оның ішінде:

      лауазымдық жалақысы ___________ теңгені,

      сыныптық шеніне төленетін қосымша ақы _____________ теңгені

      құрайтыны осымен куәландырылады.

      Ақшалай қамтылым 20__жылдың "__" _____________ дейін төленді.

      Басшы ______________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса)

      (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________Т.А.Ә. (бар болса)

      (қолы)

      Мөр орны

  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
нысан
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Кадр жұмыстары
департаментінің бастығы
_________Т.А.Ә. (бар болса)
  (қолы)
  "___" _______ 20 ___ жыл

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және мөлшерін есептеу туралы қорытынды

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 64-бабының __- тармағының __ тармақшасына сәйкес

      лауазымы _________________________________________________________________

      сыныптық шені ____________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

      еңбек сіңірген жылдарыүшін зенетақы төлемі тағайындалсын.

      туған күні, айы, жылы _________________________

      20 ___ жылғы "__" _________ № ___ бұйрықпен "Құқық қорғау қызметі туралы"

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 80-бабының ___ тармағының

      ___ -тармақшасы бойынша 20___ жылғы "__" _________ бастап жұмыстан шығарылды.

      Зейнетақы төлемдеріне құқық белгілеу үшін қызметтен босатылу күніне еңбек сіңірген

      жылдары:                        күнтізбелік есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн

                              жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ ай___ күн

      Еңбек өтілі:                        күнтізбелік есептегенде ___ жыл ___ ай ___ күн

                              жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ ай___ күн

      Жалпы еңбек өтілі:                  жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ ай___ күн

      Зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу үшін ақшалай қамтылым:

      - лауазымдық жалақы                  __________ теңге _________ тиын

      - сыныптық шеніне төленетін үстемеақы       __________ теңге _________ тиын

      Барлығы:      __________ теңге _________ тиын

      Заңның 65-бабы негізінде (Т.А.Ә) ақшалай қамтылымның ___% мөлшерінде _________

      сомасында зейнетақы төлемі белгіленсін, ол 20 __ жылдың "___" _______ бастап төлеуге жатады.

      Әлеуметтік және зейнетақымен

      қамсыздандыру тобының жетекшісі             _________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса))

      Әлеуметтік және зейнетақымен

      қамсыздандыру тобының қызметкері            _________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса))

      "___"______ 20 ___ жыл

  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
нысан

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      Кадр жұмыстары департаменті

Зейнетақы істердің тізілімі

      (№ _________ бастап № _________ дейін, _____ том)

      20 ___ жылға дейін сақтау

      Тармақ № _________

      Түгендеу № __________

      Басталды 20 __ жылғы "___" _________

      Аяқталды 20 __ жылғы "___" _________

      _____ бетте


р/с

Литер, зейнетақы ісінің нөмірі, зейнетақы ісін тіркеу күні

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні

Жұмыстан шығару алдындағы қызмет орны

Еңбек сіңірген жылдары, еңбек өтілі, жалпы еңбек өтілі

Зейнетақы төлемінің мөлшері (%-да және теңгемен), тағайындалған күні

Ескертпе








  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
нысан
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Кадр жұмыстары
департаментінің бастығы
_________Т.А.Ә. (бар болса)
(қолы)
"___" _______ 20 ___ жыл

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің жаңа мөлшері және (немесе) төлемді тоқтату туралы

      20__ жылғы "__" _______ № ____

      шешім

      Зейнетақы ісінің № ___

      1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні, айы, жылы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі және күні)

      сәйкес ___________________________________ өсірілді (өзгертілді)


Атауы

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің өсірілгенге (өзгертілгенге) дейінгі деректері және мөлшері

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер ететін жағдайлардың өзгеруі, еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемінің өсірілгеннен (өзгертілгеннен) кейінгі мөлшері

Ескертпе

Еңбек сіңірген жылдары




Еңбек өтілі




Жалпы еңбек өтілі




Лауазымдық жалақы




Сыныптық шеніне жалақы (үстеме ақы)




Ақшалай қамтылым




Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшері %-да




Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшері теңгеде




      Зейнетақы төлемдері 20__ жылдың "__" _______ бастап

      ____________________________________________________ теңгеде белгіленді.

      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 20 __ жылдың "___" ________

      бастап тоқтатылды (тоқтата тұру) ___________________________________________________

      (себебін көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      Әлеуметтік және зейнетақымен

      қамсыздандыру тобының жетекшісі      _________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса))

  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
нысан

      Кімге: _________________________________
кімнен _________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә. (бар болса))
мекенжайы _____________________________
_______________________________________
телефон:_______________________________

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы өтініш

      Сізден____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      (оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерді тоқтатуыңызды сұраймын.

      Өтінішке төмендегі құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Өтініш иесі ______________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса), күні)

  Прокуратура органдарында
(әскери прокуратура органдарын
қоспағанда) қызмет өткерген
қызметкерлерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
нысан
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
Кадр жұмыстары
департаментінің бастығы
_________Т.А.Ә. (бар болса)
(қолы)
"___" _______ 20 ___ жыл

Жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы және отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы

      20__ жылғы "__" _______ № ____ шешім

      Зейнетақы ісінің № __________

      1. Азамат (шаға) __________________________________________________________________

      (алушының Т.А.Ә. (бар болса))

      Өтініш иесінің жүгінген күні "__" __________ 20__ж. № ________

      Еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемін алушының қайтыс болған күні "__"___ 20__ ж.

      ________________________________________________________________________________

      (қайтыс болған алушының т.а.ә. (бар болса))

      жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы тағайындалсын,

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес

      жерлеуге біржолғы ақшалай өтемақы мөлшері _______________________________________

      _________________________________________________________________теңге сомасында.

      (сома жазумен)

      2. Азамат (шаға)__________________________________________________________________

      (алушының отбасы мүшесінің т.а.ә. (бар болса))

      _______________________________________________________________________________,

      (қайтыс болған алушының т.а.ә. (бар болса)

      қайтыс болуына байланысты отбасы мүшелеріне біржолғы ақшалай жәрдемақы тағайындалсын,

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы

      Заңының 69-бабына сәйкес отбасы мүшелеріне біржолғы ақшалай жәрдемақы мөлшері

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ теңге сомасында.

      (сома жазумен)

      Әлеуметтік және зейнетақымен

      қамсыздандыру тобының жетекшісі            __________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады