Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 1179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14702 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Учаскелік инспектор және оның көмекшісі:

      1) рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауды жүзеге асырады;

      2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етеді;

      3) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарға (бұдан әрі – профилактикаланатын адамдар) қатысты құқық бұзушылықтарға жеке профилактика жүргізеді;

      4) әкімшілік учаскеде маңызы бар ақпаратты жинауды жүзеге асырады және оны ІІО-ның мүдделі бөліністеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға береді;

      5) қылмыстық теріс қылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды, оларды жоюға бағытталған шараларды қабылдайды;

      6) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге, сондай-ақ дәрменсіз не олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті өзге де жағдайдағы адамдарға көмек көрсетеді;

      7) қоғамдық орындарда, адамның қадір-қасиетін және қоғамдық адамгершілікті қорлайтын, масаң күйде жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткізеді;

      8) құқық бұзушылықты анықтайды және жолын кеседі;

      9) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;

      10) оқиғалар, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы өтініштер немесе хабарламаларды қабылдайды, тіркейді және қарайды, заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылданған шешім туралы арызданушыға хабарлайды;

      11) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстайды;

      12) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді, ал осы талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолданады;

      13) жеке тұлғалардың, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау ІІО-ға жүктелген, белгіленген қағидаларды сақтауды, оның ішінде жеке тұлғалардың көші-қон заңнамасын сақтауын тексеру үшін қажетті басқа да құжаттарды тексереді;

      14) өндірістегі материалдар мен істер бойынша жеке адамдарды және заңды тұлғалардың өкілдерін ІІО-ға шақырады, олардан түсініктемелер мен көрсетпелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алады, ал келмеген жағдайда белгіленген тәртіпте мәжбүрлеп әкеледі;

      15) жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұйғарымдар мен ұсынымдар енгізеді;

      16) қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен наразылық білдірудің заңсыз нысандарының жолын кеседі;

      17) психоактивті зат пайдалану және мас күйде болу фактілерін анықтау мәніне адамдарды куәландыруды жүргізеді, ол мүмкін болмаған жағдайда – куәландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізеді;

      18) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірген адамдардың ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдаланады;

      19) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғаларды ІІО-ға жеткізеді;

      20) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған бұйымдар мен заттарды алып қояды;

      21) жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға күдіктілерді ізіне түсу кезінде, не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп ұйғаруға жеткiлiктi деректер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке тұлғалардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiреді, оларды қарап тексереді;

      22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалу фактілерін және ІІО қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;

      23) профилактикалық есептерде тұрған адамдарды криминалистік есепке қою үшін ІІО-ға жеткізеді, суретке түсiреді, дактилоскопия жасайды, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiм жүргізеді;

      24) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

      25) қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде тұратын деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдардың есебін жүргізеді және әр күнтізбелік он күн сайын экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлініске, мұндай бөлініс болмаған жағдайда – экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша функциялар жүктелген криминалдық полиция қызметкеріне ақпарат жолдайды.

      Ақпарат мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: оның нақты тұратын мекенжайы және тіркелу орны бойынша мекенжайы, отбасының құрамы, оның өмір сүру салты мен мінез-құлқы, сондай-ақ жедел қызығушылық тудыратын өзге де мәліметтер.

      Деструктивті діни ағымды ұстанатын адамның тұрғылықты жері бойынша болмау фактісі анықталған жағдайда шұғыл түрде (телефон, факс немесе өзге байланыспен) Жедел басқару орталығының, ІІО-ның кезекші бөлімінің жедел кезекшісіне (аға инспекторына) хабарлайды және тәулік ішінде ІІО бастығына жазбаша баянатпен баяндайды.

      Жолданған ақпараттардың (баянаттың) көшірмелері учаскелік полиция пунктінде сақталатын жинақтау ісіне тігіледі;

      26) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де іс-әрекетті жүзеге асырады.

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Учаскелік инспектор өз құзыреті шегінде қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру, құқық бұзушылық профилактикасы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша криминалдық полиция, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, пробация қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, сондай-ақ ІІО-ның жедел бөліністерімен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу, оның ішінде деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдар бойынша жедел маңызы бар ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әкімшілік учаскенің ерекшеліктері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында учаскелік инспектор әкімшілік учаскені тұрақты зерделейді:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жағдай бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар бұрын сотталған адамдардың;

      2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін бұрын сотталған адамдардың;

      3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланушы ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратын адамдардың;

      4) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есірткі құралдарын, психотроптық және уытты заттарды медициналық емес пайдалануға жол беретіндер ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратын адамдардың;

      5) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық қауіп төндіретін мінез-құлқы асоциалды бағыттағы психикалық сырқаттардың, денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратын адамдардың;

      6) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдарында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерде есепте тұрған адамдардың;

      7) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау, сондай-ақ шартты немесе жазалауды мерзімінен кейін өтеу тағайындалған адамдардың;

      8) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тізімдері бар;

      Адам неғұрлым маңызды санатта тек бір тізімге қосылуға жатады, бұл ретте "Ерекше белгілер" бағанында қосымша санат көрсетіледі (мысалы, "есірткі құралдарын медициналық емес қолдануға жол береді"). Тізімдер тоқсанына кемінде бір рет жаңартылып тұрады. Барлық растайтын және өзге де материалдар әрбір санат бойынша жинақтау папкаларына жеке тігіледі.

      Одан басқа, Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде жалға алынған пәтерлерде (үйлерде) тұратын азаматтарды есепке алу журналын, Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде тұратын адамдарды есепке алудың электрондық журналын жүргізеді.

      9) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерімен, мұндай бөлініс болмаған жағдайда – экстремизмге қарсы іс-қимыл функциялары жүктелген криминалдық полиция қызметкерлерімен айына бір рет салыстырылатын деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдардың;

      10) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің тізімдері бар";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар 15 және 6-қосымшалармен толықтырылсын;

      25-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "АІК-ЛЦ осы Қағидалардың 24-тармағы 9) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, профилактикалық есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ тізімдік есепте тұрған адамдарға толтырылады".

      2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 20.09.2024 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  "Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1179 бұйрығына
1-қосымша
  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары және олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
15-қосымша
Нысан

20__ "___" _____________ жағдай бойынша
деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдардың тізімі

р/с №

Аты-жөні, тегі (ол болған жағдайда)

Туған күні, айы, жылы

Тұратын жері

Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік, жұмыс телефоны

Тізімге енгізілген күн

Тізімнен алынған күн

Айрықша белгілер

















      Учаскелік инспектор_____________________

  "Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Ішкі істер министрінің
  2016 жылғы 22желтоқсандағы
№ 1179 бұйрығына
2-қосымша
  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары және олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
16-қосымша
Нысан

20__ "___" _____________ жағдайы бойынша
террористік тұрғыдан осал объектілердің тізімі

р/с

Атауы

Меншік нысаны

Аты-жөні, тегі (ол болған жағдайда), қызметтік және жұмыс телефоны, басшысының (бастығының) тұратын жерінің мекенжайы (қарандашпен толтырылады)

Жұмыс уақыты

Күзет түрі, күзет, өрт дабылдарының болуы

1

2

3

4

5

6







      Учаскелік инспектор_____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады