Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегi № 706 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35114 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті (Т.Б. Әбілмәжіновке) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 706 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 690 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12082 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 1179 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14702 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 410 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15238 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 589 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18921 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19873 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 695 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29249 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады