"Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 234 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 699 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 14782 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.04.2019 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 234 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркey тізілімінде № 13790 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 7 шілдеде болып жарияланды) өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеу күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде қосу үшін жолдауын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 699 бұйрығымен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 234 бұйрығымен бекітілген

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы қағидалары

      1. Осы темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалары және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау бойынша операцияларын жүргізу кезінде темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі - ТӨІЖҚ) ресімдеу және пайдалану тәртібін белгілейді.

      Осы қағидаларының іс-әрекеті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 574-баптың 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке және заңды тұлғаларына және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.

      Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша операцияларын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше жеткізуші болып танылады (бұдан әрі - жеткізуші).

      Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау бойынша жеткізуші операцияларды жүргізгенде алушы темекі өнімдерін растау бойынша операцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше алушы болып танылады (бұдан әрі - алушы).

      2. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, оларды өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару және тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде, жеткізуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі - 1-қосымша) сәйкес нысанда темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттары ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін импортты кезінде ТӨІЖҚ-ны алушы 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының қиылысына дейін ресімдейді.

      Орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу бойынша операцияларын жүргізу кезінде, темекі өнімдерін бір күнде өткізу тиісті олардың саны мен ассортимент көрсетуімен жеткізуші 1-қосымшаға сәйкес нысанда ТӨІЖҚ ресімдейді.

2-тарау. Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу мен пайдалану

      3. ТӨІЖҚ темекі өнімдерін жеткізуші Интернет-ресурс ("Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасы) (бұдан әрі - бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.

      Бағдарлама темекі өнімін өндіру және айналым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.

      4. ТӨІЖҚ-нда келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) ТӨІЖҚ-н нөмірі (бағдарламамен автоматты түрде береді);

      2) ресімдеу күні және уақыты (бағдарламамен автоматты түрде қояды);

      3) операция коды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес таңдап алынады;

      4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (жеткізуші енгізеді, ал импорт кезінде енгізілмейді);

      5) темекі өнімдерін жеткізушінің атауы, оның заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды) (темекі өнімдерін импорттау кезінде жеткізушінің атауы алушы қолмен енгізеді, заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның кодын мәліметтердің орнына бағдарламаның анықтамасынан импорт елі таңдап алынады) және жөнелту мекенжайы (көрсетілген операцияның кодына сәйкес көрсетілген бағдарламаның тізімінен алынады);

      6) жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органның коды (темекі өнімдерін импорттау кезінде толтырылмайды) (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      7) жеткізушінің түрі темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау бойынша (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) жүзеге асырылатын операциясымен сәйкес анықталады (бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдап алынады);

      8) темекі өнімдерін алушының ЖСН немесе БСН (операцияның кодына сәйкес экспортты қоспағанда) жеткізуші енгізеді, ал темекі өнімдерін импорттау кезінде алушы енгізеді. ТӨІЖҚ-ны ресімдеу кезінде "05" "06" және "07" операцияның кодтарына сәйкес жеткізушінің мәліметтері көрсетіледі;

      9) темекі өнімдерін алушының атауы, оның заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (экспортты қоспағанда, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді) және жеткізу мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады) (экспорт кезінде жеткізушінің атауы қолмен енгізеді, заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның кодын мәліметтердің орнына бағдарламаның анықтамасынан экспорт елі таңдап алынады және жеткезу мекенжайынды толтыруға қажет емес);

      10) алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (экспортты қоспағанда, бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады, сонымен бірге қала және (немесе) облыс деңгейінде мемлекеттік кірістер органның кодын көрсету рұқсат етіледі);

      11) шарттың нөмірі мен шарт жасалған күні немесе шарттың қосымшалары (болған кезде);

      12) көліктің түрі: автомобиль, темір жол, әуе, мультимодалдық, теңіз, ішкі су және басқа (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

      13) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) темекі өнімін тасымалдауды және (немесе) ауыстырылуды жүзеге асыратын жеке (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН) немесе заңды тұлға (атауы, СТН) туралы деректер көрсетіледі (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде - алушы);

      14) көлік құралы туралы мәліметтерде (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде - алушы):

      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде жеткізушіден кететін тауар - көлік құралының мемлекеттік нөмірі, тіркеменің нөмері;

      темір жол көлігімен тасымалдау кезінде - көлік жүкқұжаттың нөмірі;

      әуе көлігімен тасымалдау кезінде - әуе жүкқұжаттың нөмірі;

      теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде - көлік жүкқұжаттың нөмірі;

      мультимодалдық тасымалдау кезінде - тасымалдаудың бірінші модуліне жеткізушіден кететін тауар көлік жүкқұжаттың нөмірі немесе көлік құралының нөмірі көрсетіледі;

      15) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы саны (осы тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген темекі өнімдерінің көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде данамен, килограммен, миллилитрмен) көрсетіледі);

      16) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы құны (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);

      17) шарттың валютасы;

      18) ТӨІЖҚ ресімдеу датасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша шарттың валютасын бағамы (қолмен толтырылады);

      19) жолдың реттік нөмірі;

      20) темекі өнімінің атауы, маркасы (ЖСН-коды енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);

      21) темекі өнімінің жеке сәйкестендіру номер-коды (бұдан әрі - ЖСН-коды) (бағдарламаның ЖСН-кодтары анықтамасынан таңдап алынады);

      22) қорапта темекі өнімінің саны (ЖСН-коды енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);

      23) темекі өнімдерін қорабының саны жеткізуші енгізіледі, ал импорт кезінде - алушы (данасымен көрсетіледі);

      24) темекі өнімдерінің жалпы саны (данада, килограмда, миллилитрде көрсетіледі, осы тармақтың 22) және 23) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде беріледі);

      25) темекі өнімін бір қорабының бағасы (шарттың валютасымен көрсетіледі және жеткізуші енгізеді, импорт кезінде - алушы);

      26) темекі өнімін бір қорабының бағасы (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 18) және 25) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі, "06" және "07" операцияның кодтары бойынша толтыру қажет емес);

      27) темекі өнімдерінің жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 23) және 26) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі, "06" және "07" операцияның кодтары бойынша толтыру қажет емес);

      28) жеткізуші жазып берген ТӨІЖҚ нөмірі, ал импорт кезінде алушы жазып берген (темекі өнімдерін немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда, ТӨІЖҚ-ы қабылдамау немесе растамау, сонымен қатар орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу мәліметтерді түзету енгізу кезінде толтырылады);

      29) кестедегі жолдың жалпы саны.

      5. ТӨІЖҚ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін жеткізуші, ал темекі өнімдерін импорттау кезінде алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады және тасымалдаушыға беріледі.

      6. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын жағдайын қоспағанда, ТӨІЖҚ-ды ресімдеген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде ТӨІЖҚ-ды алушылар ТӨІЖҚ және темекі өнімдерін алғанын растау жолымен уәкілетті органға электрондық түрде бағдарламада ұсынады немесе бас тартады.

      Бағдарламада ТӨІЖҚ-дың растауы, алушымен темекі өнімдерді алғаннан кейін және ТӨІЖҚ-да көрсетілген деректермен алшақтық болмаса жүзеге асырылады.

      Темекі өнімдерін экспорттау кезінде және темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын жағдайда бағдарламада алушының растауы талап етілмейді.

      7. ТӨІЖҚ-н алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бағдарламада автоматты түрде темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы туралы хабарлама нысаны бойынша құрастырылады.

      Бағдарламадағы хабарламамен танысқаннан кейін алушылар ТӨІЖҚ-н алуды растайды немесе растамайды.

      8. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп, сонымен қатар орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу мәліметтерді түзету енгізу мақсатында ресімделген ТӨІЖҚ-ды жеткізуші (импорт кезінде - алушы) осындай ТӨІЖҚ ресімделген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.

      9. ТӨІЖҚ жойылған жағдайда алушыға жолданатын жаңа ТӨІЖҚ жазып беріледі. Жаңа ТӨІЖҚ ресімдеу күнін бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа ТӨІЖҚ бастапқы ТӨІЖҚ жойылған күні ресімделеді.

      10. ТӨІЖҚ-ды есепке алу бағдарламада темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттардың тіркеу журналында осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

      ТӨІЖҚ ресімделгеннен кейін ТӨІЖҚ тіркеу журналына ТӨІЖҚ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.

  Темекі өнімдеріне ілеспе
жүкқұжаттарын ресімдеу және
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты

1) Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың №-і

2) Рәсімделген күні және уақыты:
__________________________________________
____ сағ. ____ мин.
3) Операцияның коды
__________________________________________
4) Жеткізушінің ЖСН (БСН)
__________________________________________
5) Жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері
бойынша мемлекеттік кірістер органның коды және жөнелту мекенжайы
__________________________________________
6) Жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды
__________________________________________
7) Жеткізушінің түрі
__________________________________________

8) Алушының ЖСН (БСН)

____________________________

9) Алушының атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша

мемлекеттік кірістер органның коды және жеткізу мекенжайы

____________________________

10) Жеткізу мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды

____________________________

11) Шарттың нөмірі мен шарт жасалған күні немесе шарттың қосымшалары (ол болған кезде) _____ 20__ ж. "__" _______

12) Көліктің түрі:

Автомобиль

Теміржол

Әуе

Мультимодалдік

Теңіз, ішкі сумен

Басқа
13) Тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтер
______________________________________________________________________________
14) Көлік құралы туралы мәліметтер
______________________________________________________________________________
15) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы саны. Барлығы:
_____________ (дана/килограмм/миллилитр)
16) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы құны. Барлығы:
_____________ (теңге)
17) Шарттың валютасы
18) Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу күніне шарттың валютасын бағамы

19)

20) Темекі өнімінің атауы, маркасы

21) ЖСН - коды

22) Қорапта темекі өнімінің саны (данада/килограмда/миллилитрде)

23) Қорабының саны (данада/килограмда/миллилитрде)

24) Жалпы саны (данада/килограмда/миллилитрде)

25) Шарттың валютасымен бір қорабының бағасы

26) Бір қорабының бағасы (теңгемен)

27) Өнімінің жалпы құны (теңгемен)

28) Жеткізуші жазып берген темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың нөмірі (темекі өнімдерді немесе оның бөлігі қайтарылған, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты қабылдамау немесе растамау, шартсыз қатынасы жағдайда)





















29) Барлығы: ____ жол

  Темекі өнімдеріне ілеспе
жүкқұжаттарын ресімдеу және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

Операциялар кодтары

Операцияның атауы

Операцияның коды

Темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асырушы тұлға көтере сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту

01

Темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асырушы тұлға бөлшек сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту

02

Темекі өнімдерінің көтерме саудамен өткізуді жүзеге асырушы тұлға көтере сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту

03

Темекі өнімдерінің көтерме саудамен өткізуді жүзеге асырушы тұлға бөлшек сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту

04

Темекі өнімдерінің көтерме саудамен өткізуді жүзеге асырушы тұлға бөлшек сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту (орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз)

05

Өткізуды мақсатсыз темекі өнімдерінің ауыстырылу/беру

06

Темекі өнімдерінің ішкі ауыстырылу

07

Темекі өнімдерінің қайтару

08

Темекі өнімдерінің экспортқа өткізу және (немесе) жөнелту

09

Темекі өнімдерінің импорты

10

  Темекі өнімдеріне ілеспе
жүкқұжаттарын ресімдеу және
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы туралы хабарлама

      20__ ж. "___" ________

      _________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кіріс органының атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 20 жылғы "___" ________ № ____ бұйрығымен

      бекітілген, темекі өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларының

      7-тармағына сәйкес, Сізді

      _____________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген

      жағдайда) немесе атауы)

      ЖСН (БСН)

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (нөмірі және табыс етудің кезеңі)

      темекі өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының қабылдамағаны, расталғаны немесе

      расталмағаны туралы хабардар етеді.

      Осыған байланысты, Сіз тіркеу жеріңіздегі мемлекеттік кіріс органына 5 жұмыс күні ішінде

      түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет.

  Темекі өнімдеріне ілеспе
жүкқұжаттарын ресімдеу және
пайдалану қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатының тіркеу журналы

ТӨІЖҚ-ның күні
__ ж. __ ___ бастап __ ж. __ __________
дейін
Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)
____________________________________
ТӨІЖҚ-ның нөмірі: __________________
Өтіп кеткен күндер: __________________

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты растау/растамау күні
__ ж. __ ___ бастап __ ж. __ __________
Алушының ЖСН-і (БСН)
___________________________________
___________________________________

      ТӨІЖҚ мәртебесі:

Алғашқы түрі

Жойылды

Жіберілді

Расталды

Алынды

Расталмады

ТӨІЖҚ-ның күні

ТӨІЖҚ-ның нөмірі

Жеткізушінің ЖСН-і (БСН)

Алушының ЖСН-і (БСН)

Операцияның коды

Жеткізушінің түрі

Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты растау/қайтару күні

Өткен күндердің саны

Мәртебесі

Іс-қимылдар


































      Көрсетілетін жолдардың саны: ____ барлығы ____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады