Астана қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 7/2-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 27 сәуірде № 1012 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 35/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 24.06.2016 № 35/7-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2016 жылы Астана қаласы азаматтарының мына санаттарына:
      26 сәуiрге - (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні) - Чернобыль атом электрстанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға 80 000 (сексен мың) теңге, олардың жесірлеріне 50 000 теңге (елу мың) теңге мөлшерінде;
      9 мамырға (Жеңіс күні) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 850 000 (сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    Ж. Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады