Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2017 № 221/25-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 822 болып тіркелді, 2014 жылғы 31 шілдеде "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
4) тармақшадағы "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" деген сөздер "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Мемлекеттік корпорация – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
барлық мәтін бойынша "ЗТМО" деген аббревиатура "Мемлекеттік корпорация" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | М. Шекенов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |