Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 86/13-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 1087 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы № 161/20-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы маслихатының 23.07.2017 № 161/20-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Г. Қасенов
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

  Астана қаласы мәслихатының
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№86/13 - VI шешіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы, осы оқиғаларда қасақана кiсi өлтiргенi және милиция қызметкерiнiң, халық жасақшысының өмiрiне қастандық жасағаны үшiн сотталған, өздерiне қатысты қылмыстық iстердi қайта қараудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – әлеуметтiк көмек) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Астана қаласының бюджеті әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.

      4. Әлеуметтiк көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi әкiмшісі болып табылатын "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек" бюджеттiк бағдарламасына сәйкес және Астана қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.

      5. Әлеуметтiк көмек көрсетуге "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі жолдаған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте саяси қуғын-сүргін құрбандары болып танылған, осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тізімі (азаматтардың санаттары) негіздеме болып табылады.

2. Әлеуметтiк көмек төлеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек 16 желтоқсанға (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай) ақшалай төлем түрінде 70 000 теңге (жетпіс мың) теңге мөлшерінде беріледі.

      7. Әлеуметтiк көмектi төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады