"Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 06-2 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 10 ақпанда № 1003 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 104-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 28.04.2017 № 104-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 808 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырдағы № 51 (3108) "Астана ақшамы", 2014 жылғы 13 мамырдағы № 50 (3126) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      "№ 54 сайлау учаскесі (орталығы – № 29 орта мектеп, Железнодорожный тұрғын алабы, Ж. Жабаев көшесі, № 14)" деген жолдағы "орталығы – № 29 орта мектеп, Железнодорожный тұрғын алабы, Ж. Жабаев көшесі, № 14" деген сөздер мен сандар "орталығы – Техникалық колледж, Ж. Жабаев көшесі, № 14" деген сөздермен сандарға ауыстырылсын;

      "№ 78 сайлау учаскесі (орталығы – Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы)" деген жолдағы "орталығы – Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы" деген сөздер "орталығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, № 54" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      "№ 160 сайлау учаскесі (орталығы – Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, І. Жансүгірұлы көшесі, № 7)" деген жол алынып тасталсын;

      келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "№ 175 сайлау учаскесі (Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Манас көшесі, № 22/1)";

      жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымша келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "№ 160 сайлау учаскесі (орталығы – "Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, № 31 көше, № 7 үй)";

      жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:

      "№ 175 сайлау учаскесі (Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, К. Күмісбеков көшесі, № 5)" деген жол алынып тасталсын.

      2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Олжас Абайұлы Бектеновке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков

      Келісілді:

      Астана қаласы қалалық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________ И. Жалбиров

      2016 жылғы "__" __________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады