Астана қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 102-708 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 6 мамырда № 1015 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 шiлдедегi № 505-2440 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 13.07.2021 № 505-2440 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, қосымшаға сәйкес карантин аймақтары белгіленсін.

      2. "Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Құрманғалиев Әсет Қабиұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________М. Әлиев

      2016 жылғы 5 сәуір



  Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 12 сәуірдегі
№ 102-708 қаулысына
қосымша

Астана қаласының аумағында карантиндік режим
енгізілетін карантиндік аймақтар

Р/с №

Карантиндік аймақтардың орналасқан жері

Автомобиль тас жолдары (жатаған укекіре (қызғылт), арамсояу)

1.

Көкшетау тас жолы, қалалық орталық базардан Астана қаласының қолданыстағы шекарасына дейін

2.

Қорғалжын тас жолы, "Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамынан Астана қаласының қолданыстағы шекарасына дейін.

3.

Н. Тілендиев даңғылынан Астана қаласының қолданыстағы шекарасына дейін

4.

Қарқаралы тас жолы Астана қаласының қолданыстағы шекарасына дейін

5.

Қарағанды тас жолы Астана қаласының қолданыстағы шекарасына дейін

6.

Карағанды трассасынан транзиттік айналма автожолмен Алаш тас жолына дейін

Темір жолдар (жатаған укекіре (қызғылт), арамсояу)

7.

Темір жол № 4, 36 учаскесі, 440 бағыт

8.

Темір жол вокзалына қарама-қарсы учаске

9.

500 км, 6 пикет, Астана – Сороковая жұп темір жолы

500 км, 7 пикет, Астана – Сороковая жұп темір жолы

501 км, 5 пикет, Астана – Сороковая екінші жұп темір жолы, екінші нүктеде

10.

"Эксклюзив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теміржолдары

11.

ЖЭО-2 темір жолдары

12.

Сороковая темір жол стансасы (Астана қаласы жағынан кіру) айналма жолдағы 4 пикет, 46 бағана, М-70 маневрлік белгінің жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады