Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 102-708 "Астана қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 шiлдедегi № 505-2440 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23611 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 02-03/567 ұсынымына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 102-708 "Астана қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады