«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 31) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 108-890 қаулысымен
бекітілген
Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, көлік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – басқарушы компания);
2) басқарушы компанияның құрылтайшысы – Астана қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);
3) көлік инфрақұрылымы объектілері – Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі теміржол, трамвай, жеңіл рельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын, әуе айлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырларды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен (бұдан әрі – объект);
4) Көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі комиссия – объектілерді басқаруға беру рәсімдерін жүргізу үшін құрылтайшы құрған комиссия (бұдан әрі – Комиссия);
5) теңгерім ұстаушы – жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында объект мемлекеттік заңды тұлға.
2. Объектіні басқаруға беру тәртібі
3. Объектіні басқаруға беру туралы шешімді әкімшілік-аумақтық бірліктің мүддесінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
4. Объект басқарушы компанияның басқаруына 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
5. Басқарушы компания жергілікті атқарушы органның шешімімен жарғылық капиталына жергілікті атқарушы органның 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан айқындалады.
6. Объектіні басқару шарт бойынша мәміле негізінде туындайды.
7. Құрылтайшы объектіні басқаруды және оны беруге дайындауды жүзеге асырады, басқарушы компаниямен өтеусіз пайдалану шартын жасасады және шарт талаптарының орындалуын бақылайды.
8. Объектіні басқаруға берген кезде Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей құрылтайшымен шарт жасалады.
9. Объектіні басқаруға беру туралы басқарушы компанияның ерікті түрде берілетін өтінішіне мына құжаттар қоса беріледі: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып, құрылтай құжаттардың көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
10. Объектіні беруді ұйымдастыру үшін құрылтайшы құрамына келісім бойынша құрылтайшының және басқа жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Комиссияны құрады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамды құрайды.
Комиссияның құрамы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
11. Комиссияның шешімдері Комиссияның қатысушы мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) объектіні беру шарттарын және объектіні басқару мерзімін айқындайды;
2) объект туралы деректерді қалыптастырады;
3) объектінің басқаруға беруге дайындығы туралы шешім қабылдайды;
4) объектіні басқарумен байланысты шектеулерді айқындайды.
4. Объектіні басқаруға беруге дайындау
13. Объектіні басқаруға беру рәсімдерін бастағанға дейін объект туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар топтамасы жасалады.
14. Объектіні басқаруға беруге дайындауды құрылтайшы жүзеге асырады.
15. Теңгерім ұстаушы Комиссияға заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, акцияларды (үлестерді) немесе беру объектісі болып табылатын мүлік кешенін, соңғы 3 (үш) жылдағы қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты және объектіні басқаруға беру талаптарын ұсынады.
Басқа объектілер бойынша теңгерім ұстаушы Комиссияға объектінің сипаттамасын, оның теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні басқаруға беру шарттарын ұсынады.
16. Объектіні басқаруға беру объекті болып табылатын, теңгерім ұстаушының лауазымды тұлғалары құрылтайшының сұрауы бойынша, олар айқындаған мерзімдерде объектіні басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді ұсынады.
5. Шарт жасасу және оның орындалуы
17. Басқарушы компания объектіні өтеусіз пайдалану шарты (бұдан әрі – Шарт) негізінде объектіні басқаруды жүзеге асырады.
18. Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім шығарғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жергілікті бюджеттен қаржыланатын коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және басқаруға уәкілетті атқарушы орган басқарушы компаниямен Шарт жасасады.
19. Объектіні басқару талаптары Шартпен айқындалады.
20. Шартта:
1) Шартың мәні және әрекет ету мерзімі;
2) басқаруға берілетін объектінің құрамы;
3) басқарушы компанияның есептілігінің мерзімдері мен нысаны қарастырылады.
21. Шартта Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге талаптар көзделуі мүмкін.
22. Шарт жасасу және оны бұзу, сондай-ақ Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
23. Басқарушы компания Шартта көрсетілген мерзімде және нысанда өзінің қызметі туралы есепті Астана қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына ұсынады.