Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 110-2159 қаулысы және Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 66/11-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 1083 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы Ономастика комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 1 шешімінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Төмендегі көшелерге:

      Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

жобалық атауы 23-17 көше

-

Темірбек Жүргенов көшесі деп;

жобалық атауы 23-31 көше

-

Кенен Әзірбаев көшесі деп;

Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

жобалық атауы 210 көше

-

Нияз би көшесі деп;

жобалық атауы 211 көше

-

Нұрпейіс Байғанин көшесі деп;

жобалық атауы 212 көше

-

Сұлтанбек Қожанұлы көшесі деп;

жобалық атауы № 24 көше

-

Орынбор көшесі деп;

жобалық атауы Е 250 көше

-

Қайым Мұхамедханов көшесі деп;

жобалық атауы Е 350 көше

-

Никола Тесла көшесі деп;

жобалық атауы Е 573 көше

-

Рабиға Есімжанова көшесі деп;

жобалық атауы Е 581 көше

-

Саттар Ерубаев көшесі деп;

жобалық атауы Е 602 көше

-

Ханшайым Сүйінбике көшесі деп;

жобалық атауы № 26 көше

-

Бұқар жырау көшесі деп атау берілсін.

      2. Төмендегі көшелер:

      Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

      Иван Панфилов көшесі – Сәкен Жүнісов көшесі деп;

      Б. Майлин көшесі және жобалық атауы А 193 көше біріктіріліп – Бейімбет Майлин көшесі деп;

      Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

      Орынбор көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы деп;

      Хусейн бен Талал көшесі – Ұлы Дала даңғылы деп;

      Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:

      Әлихан Бөкейхан көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі деп қайта аталсын.

      3. Астана қаласы "Алматы", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарының әкімдері, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.

      4. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының шешімін әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жарияласын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      5. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі
___________ Ә. Исекешев

Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
___________ Г. Қасенов


Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
___________ Ж.
Нұрпейісов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады