"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № А-8/457 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № А-5/136 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 5319 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № А-8/457 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4430 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 13 қарашада жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары болып табылатын Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу және ұсыныс жасау;
      3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары болып табылатын Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
      4) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау;
      5) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
      6) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
      7) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
      8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыруы;
      9) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      10) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
      11) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы құрастырылған объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері), қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушылар (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) ұйымдарымен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      12) жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу;
      13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      14) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
      15) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу;
      17) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы қаулы жобаларын әзірлеу;
      18) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;
      19) коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
      20) тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын әзірлеу;
      21) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу.".
      2. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі енгізілген өзгеріс туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша және мерзімдерде әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевке жүктелсін.
      5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ А-5/136 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін өзгерістің мәтіні

      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары болып табылатын Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу және ұсыныс жасау;
      3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары болып табылатын Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
      4) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау;
      5) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
      6) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
      7) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
      8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыруы;
      9) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      10) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
      11) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы құрастырылған объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері), қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушылар (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) ұйымдарымен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      12) жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу;
      13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
      14) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
      15) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлеу;
      17) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы қаулы жобаларын әзірлеу;
      18) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету;
      19) коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
      20) тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын әзірлеу;
      21) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады